-13 °c
Qonaev
Friday, May 16, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    БАТЫР ЕСІМІ БЕРІЛДІ

    26.12.2024
    in Барлық жаңалықтар, Руханият
    БАТЫР ЕСІМІ БЕРІЛДІ
    0
    SHARES
    10
    VIEWS

         Бақанас ауылындағы Б.Бейсекбаев атындағы мектеп-гимназияда Халық қаһарманы Бақтыораз бабамыздың атына сынып бөлмесі беріліп, салтанатты түрде ашылды.

    Екінші дүниежүзілік соғыста жау жасағын талқандап, ерен ерліктің үлгісін көрсеткен батыр бабамыздың ерлігі ұлықталған шараға Балқаш ауданының әкімі Азат Құтпанбетов, мекеме-ұйым басшылары, ұстаздар қатысты.
    Салтанатты шарада аталмыш білім шаңырағының оқушылары майдан даласында ерлікпен қаза тапқан бабамыз жайында өлең шумақтарын жатқа оқып, көпшіліктің ризашылығына бөленді. Мұнан соң жиналған қауым ­мектеп ауласында бой көтерген ­Бақтыораз ­Бейсекбаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, батыр рухына тағзым жасады. Бұдан соң білім шаңырағының екінші қабатындағы батыр есімі берілген сынып бөлмесінің лентасы салтанатты түрде қиылып, жайдарман жаңалыққа куә болған қонақтар ішке еніп, қуаныштан шашу шашып, мәре-сәре болды.
    Ержүрек бабамыздың суреті бейнеленген сынып бөлмесінде оқушылар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде Бақтыораз Бейсекбаевтың сұрапыл соғыс жылдарындағы ерлігі жайында қысқаша мәлімдеме жасады.
    Көпшілік алдында сөз сөйлеген Азат Үкітайұлы осындай игі бастаманы қолға алып, ұйымдастырып жатқан мектеп басшысы Альвира Манатқызына ризашылығын білдіріп, сынып бөлмесінің заманауи жабдықталуына демеушілік көрсеткен Алматы облысының Құрметті азаматы Әбдіжаппар Қыстаубаевқа, Балқаш ауданының Құрметті азаматы Мұратбек Бейсебековке және ­Бақытжан Қамзинге алғыс білдіріп, батыр бабамыздың қан майданда жасаған ерлігіне қысқаша тоқталып өтті. Сонымен қатар аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақыт Сқабаев, сынып бөлмесіне демеушілік көрсеткен азаматтар атынан Бақытжан Қамзин сөз алып, Бақтыораз атамыздың ерлігі қаншама жылдар өтсе де ұмытылмай, ұрпақтан-ұрпаққа жете беретіні жөнінде әңгіме өрбітті.
    Сынып бөлмесінің ашылу салтанатынан кейін құрметті қонақтар оқушылардың ғылыми жобаларымен танысып, олардың білім кеңістігінде бағындырған биік белестеріне куә болып, арнайы дайындалған концерттік бағдарламаны тамашалады.
    Бұл күні Халық қаһарманының рухына Құран бағышталып, ас берілді. Онда бас қосқан аудан тұрғындары, құрметті қонақтар Бақтыораз ­Бейсекбаевтың майдан даласында ерлік жасаған тұңғыш қазақ азаматы болғаны, сол кездегі ерен ерлігі солақай саясаттың кесірінен ұзақ жыл ескерілмей келгені жайында естелік әңгімелер айтты.
    Келешек ұрпақтың бейбіт өмір сүруі үшін жанын құрбан етіп, қыршын кеткен батырдың жасаған ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Арада қаншама жылдар өтсе де, ұрпақ жадында мәңгі сақталып, ғасырдан-ғасырға жаңғыра берері ақиқат.

    Бақтығали ДӘУІТБАЕВ
    Балқаш ауданы

    Ұсынымдар

    Ауылға маман дайындайды

    Ауылға маман дайындайды

    1 year ago
    Тіл беделі – ұлт мәртебесі

    Тіл беделі – ұлт мәртебесі

    2 years ago
    Тартысты сайыс

    Балуандар көшпенділер ойындарына қызу дайындалып жатыр

    9 months ago
    Елде орташа күнкөріс деңгейі 10,5 пайызға ұлғайды

    Елде орташа күнкөріс деңгейі 10,5 пайызға ұлғайды

    2 years ago
    Ресми ақпарат адастырмайды

    Ресми ақпарат адастырмайды

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>