Перейти к содержимому

Теміржол округіндегі талқылау

38 қаралым

         Жамбыл ауданының Теміржол ауылдық округі әкімшілігінің мәжіліс залында «Заң мен тәртіп» жобасы аясында «Әділдік, заңдылық және азаматтық жауапкершілік» тақырыбында ауыл тұрғындарымен кездесу ұйымдастырылды.

         Заң мен тәртіп қағидатына арналған шараның мақсаты – қоғамдағы заңдылық қағидаттарын нығайту, азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру және азаматтық жауапкершілікті күшейту, қоғамдағы келісім мен өзара сыйластықты нығайту. Кездесуді ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, Қоғамдық келісім және даму орталығының аудандық бөлімінің басшысы Айман Кенженбаева ашып, қоғамдық келісім мен заңдылықтың маңызына тоқталды.

         Жиында ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, Жамбыл аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айткүл Жұмағалиқызы, аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Ғалымжан Талапұлы, Отбасын қолдау орталығының директоры Панар Құдайбергенқызы, Теміржол ауылдық округі бойынша ақсақалдар кеңесінің төрағасы Әбден Баймаханұлы заң мен тәртіп қағидатының мәні, еліміздегі заңнама талаптарының сақталуы, құқықтық мемлекет орнату бағытында қолға алынған қадамдар, жастар тәрбиесі төңірегінде ой-пікірлерін ортаға салды. Тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.

Серік САТЫБАЛДИЕВ

Жамбыл ауданы