-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Соңғы қоңырау соғыла ма?

    12.04.2025
    in Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым
    Соңғы қоңырау соғыла ма?
    0
    SHARES
    6
    VIEWS

         Соңғы қоңырау салтанаты алтын ұяларынан түлеп ұшқалы отырған түлектер үшін өмірлеріндегі ұмытылмас күндерінің бірі болса, өзге оқушылар үшін тәмамдалып отырған оқу жылында алған білімдерінің сараланып, асыға күткен жазғы демалыстарына шығар сәттің келіп жеткенін білдіреді. Соңғы рет соғылған күміс қоңырау үнін естір шақ – әрбір бозбала мен бойжеткеннің өмірінде есте қаларлық сәттің бірі. 25 мамырда болатын осынау салтанатты шара балалық шақтан үлкен өмірге қадам басудың арасындағы алтын көпір іспеттес.

    Соңғы жылдары 25 мамырда еліміз­дегі білім ордаларындағы оқушылар күміс қоңыраудың сыңғырын ести алмай жүргені көңіл қынжылтады. 2020-2021 жылдары әлемді шарпыған пандемияға қатысты жарияланған шектеуге байланысты соңғы қоңырау шарасына мектеп бітірушілер ғана қатысқан еді. 2022 жылы қайта оралған дәстүрлі соңғы қоңырау жиынына қатысқан ұстаздар, оқушылар мен ата-аналардың болмысындағы ішкі сезім арпалысынан осынау салтанатты шараға деген сағыныштың өзгеріссіз қалғаны анық аңғарылып тұрды. 2023 жылы оқу жылы 36 аптаға созылып, 31 мамыр күні соңғы қоңыраудың орнына сынып сағаттары өткізілді.
    Былтыр оқу жылы 25 мамырда аяқталды. Бірақ еліміздің барлық білім беру мекемелерінде бірқатар өңірлердегі су тасқынына және 25 мамырдың сенбі күнге сәйкес келуіне байланысты 1-10-сыныптарда сынып сағаты өтіп, 11-сынып бітірушілер ғана инемен білім құдығын қазып, тағылымды тәрбие алған алтын ұяларындағы соңғы рет соғылған қоңырау үнін есту мүмкіндігіне ие болды. Бұған дейін жексенбіге сәйкес келсе де өткізіліп жүрген салтанатты жиынның сенбіге тура келуіне орай өткізілмей қалды. Көңілге кірбің ұялатқан бұл жайт оқу жылының 1 маусымға дейін ұзармай, каникулдың қысқармайтыны туралы қуанышты хабардың тасасында қалып қойды.
    Оқу жылының ұзақтығы жайлы мәселе әлі де күн тәртібінен түсе қоймаған сияқты. 2023 жылы оқу жылының 1 қыркүйекте емес, 20 тамызда басталатыны туралы ақпарат тарады. Оқу-ағарту министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарғанымен, сол жылы вице-премьер болған Тамара Дүйсенова тамыз кеңесінде 2023-2024 оқу жылын 25 мамырда аяқтауды тапсырды. Бұл мәселенің 2025 жылға қарай зерттелетінін, қайта қаралатынын айта келе, «Оқу-ағарту министрлігінің шешімі дұрыс болды, алайда асығыс қабылданды деп санаймын», – деген еді вице-премьер. Осы тұста «Binom School» атқарушы директоры Арайлым Мағзұмова біздің еліміз оқу жылы ең қысқа мемлекеттердің бірі екенін алға тартып, оқу жылын 38 аптаға дейін ұзартуды ұсынып, айды аспанға бір-ақ шығарды. Оған салсаң, сабақты 15 тамыздан 5 маусымға дейін қылу керек немесе дәстүрлі түрде қыркүйекте бастап, 20 маусымда аяқтау керек екен. Ол Израил, Корея, Жапония мемлекеттеріндегі каникулдың қысқалығын мысалға келтіргенімен, аталған елдердегі оқушылар мен ұстаздарға жасалатын жағдай туралы жақ ашпады. Алысқа бармай-ақ, мектептердің ахуалы мен интернетке қолжетімділігінің төмендігін, кейбір оқушылардың үшауысымда білім алып жатқанын мысалға келсірсек, біздегі жағдай Арайлым Мағзұмова айтқан мемлекеттермен салыстыруға да келмейді. Мектеп бітіру емтиханының тапсырмаларын шығаруға интернет байланысы нашар болғандықтан, көрші ауылға барып шығарып әкеліп жүрген мектеп ұжымдарының бар екенін де әлеуметтік желілерден көріп-біліп отырмыз. Еліміздегі сала мамандарының оқу жылын ұзартып, каникулды қысқарту жайлы ұсынысы – қисынға келмейтін іс. Олардың оқушылардың каникулын қысқартуды ойлағанша, дамыған елдердің озық технологиялары мен біздің менталитетімізге қайшы келетін тұстарын сараптауды қолға алғандары абзал болар еді.
    «Ешкі әр қырыққанда бір өледі» демекші, кейінгі жылдары оқу жылы мәресіне жетер мерзім таяғанда мұғалімдердің, оқушылардың, ата-аналарды «Биыл қалай болар екен, күміс қоңыраудың үнін ести алар ма екенбіз? Әлде тағы бір өзгеріс болып кете ме?» деген үрей билеп алатыны жасырын емес. Сонымен, биыл еліміздің мектептерінде дәстүрлі соңғы қоңыраудың салтанатты жиыны өтер ме екен?

    Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

    Ұсынымдар

    Алматы облысында биыл 52 мыңнан астам жұмыс орны ашылды

    Алматы облысында биыл 52 мыңнан астам жұмыс орны ашылды

    7 months ago
    Табыс көзін тапқан

    Табыс көзін тапқан

    6 months ago
    Облыс өнерпаздары еліміздің ірі қалаларын аралады

    Облыс өнерпаздары еліміздің ірі қалаларын аралады

    2 years ago
    «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы басталды

    «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы басталды

    3 weeks ago
    Әкім: Бұл сайлау жаңа буынның қалыптасуына себеп болады

    Әкім: Бұл сайлау жаңа буынның қалыптасуына себеп болады

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.