-13 °c
Qonaev
Sunday, June 1, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Табиғи өнім – табыс кепілі

    01.04.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Табиғи өнім –  табыс кепілі
    0
    SHARES
    13
    VIEWS

         Қарасай ауданы – өндірісі өркендеген өңір. Онда 18 ірі өндіріс ошағы мен 7 бірдей жүйе құраушы кәсіпорын орналасқан. Тіпті, олардың кейбірінің елімізде баламасы жоқ деуге болады. Соның бірі – Іргелі ауылдық округіндегі «Tengri milk» ЖШС. Тұтынушыларды табиғи әрі құнарлы тағамдарымен қамтамасыз етіп отырған кәсіпорын 2022 жылы жұмысын бастаған. Сауда-өндірістік компаниясы, бір жағынан, Қазақстандағы ешкі өсіруге арналған жалғыз ірі асыл тұқымды шаруашылық болса, екінші жағынан, ешкі мен сиыр сүтін өңдейтін ірі кәсіпорын болып саналады.

    Бұл жерде бір айта кетерлігі, «Tengri milk» – еліміздің нарығында 1996 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан «Agroholding Dinara Group» ЖШС-не еншілес кәсіпорын. Алғашында оның негізгі бағыты сиыр етін өндіру болған. Уақыт өте келе мұнда сүт саласына да назар аударылып, оны дамыту бағытында жұмыс жүргізіле басталған. Бастапқыда олар сүт өндірумен ғана айналысса, кейіннен оны өңдеп, өнім алуды жолға қойған.
    – Табиғи таза әрі пайдалы өнім шығару үшін алдымен Іргелі ауылдық округінен аумағы жеті гектар жерді құрайтын кешенді сатып алдық. Одан кейін біраз жылдар бойы ешкі сүті мен ірімшік өндірумен айналысқан «Зеренді» компаниясынан біршама асыл тұқымды ешкі алдық. Сөйтіп, өз жұмысымызды бастадық. Біртіндеп ешкі фермасын сүт өндеу зауытымен біріктірдік. Осылайша ірі агроөнеркәсіп кешені құрылды.
    Ешкі сүті өзімізде бар. Ал сиыр сүтіне келетін болсақ, оны біз Талғар ауданында орналасқан асыл тұқымды сиыр өсіретін шаруашылықтан аламыз. Ол да «Динара Групп» агрохолдингінің құрамына кіреді. Қажет жем-шөпті де «Динара Групп» агрохолдингінің басқа еншілес кәсіпорнынан аламыз. Оның қызметкерлері қазірдің өзінде жер жыртып, егін егіп, дәнді және мал азықтық дақылдарды өсіруде, шөп пен сүрлем дайындауда. Жалпы бұл серіктестікте бізге қажетті құрал-жабдықтар, элеватор, астық сақтайтын қойма бар, – дейді «Tengri milk» ЖШС-ның директоры Жазира Шаяхмет.
    Байқағанымыздай, бұл іс жан-жақты жақсы ойластырылып, тиянақты жоспарланып барып қана жасаған агрохолдингтің жүйелі жұмысының арқасында оң нәтиже беруде. Бүгінде «Fresh house» брендімен еш қоспасыз таза өнімдерді шығарып жатқан «Tengri milk» ЖШС – соның дәлелі.
    Кәсіпорынның жұмысын баста­ғаны­на көп болмаса да мұнда сүт өнімдерінің 30-дан астам түрі шығарылады. Оның аумағында қымбат әрі сапалы құрал-жабдықтар­мен және жеке зертхана­мен жаб­дық­талған үлкен өндірістік цех орналасқан. Жақсы итальяндық жабдықтар өнімнің жоғарғы сапасын қамтамасыз етсе, арнайы зертхана мамандары шығарылып жатқан өнімдердің ересектер мен балалардың денсаулығына пайдалы дәрумендер көптеп сақталған экологиялық таза болуын қамтамасыз етеді.
    Өнім ішінде сиыр мен ешкі сүтінен жасалатын айран, қаймақ, сүзбе, май, құрт, сондай-ақ мұнда балалар сүйсіне ішетін шоколадты сүт пен май бар. Оларды жасау кезінде сапалы бразилиялық какао қолданылады. Мұндағы өнімдер ішінен бал қосылған ешкі сүтінен дайындалатын майды ерекше айтып өтуге болады. Кәсіпорын басшысының айтуынша, аталған өнімнің емдік қасиеті бар, әсіресе ол бронхы мен өкпе жүйесінің ауруларын емдеуге өте пайдалы. Бұдан бөлек, компания жақында жаңа табиғи йогурттардың дайындау тәсілін әзірлеген. Әзірге төрт түрі бар – үшеуі сиыр сүтінен, біреуі жарма қосындысы бар ешкі сүтінен. Қазіргі уақытта сатылымға дайындалуда.
    – Біздің өнімдеріміздің ерекшелігі – оның табиғилығында, яғни еш­қандай концентраттар мен өзге де компоненттердің қоспалары жоқ. Сондықтан оның сақтау мерзімі өте қысқа. Бұған қоса нарықта таза ешкі сүтінен арнайы жасалған сүт өнімдерін табу қиын. Бұл да біздің кәсіпорынның ерекшелігі.
    Жалпы сүтті өңдеу процесі айтар­лықтай еңбекті қажет етеді. Алғашқы кезеңде сүт өнімдерінің 11 түрін шығарсақ, қазір 30-дан астам түрі дайындалады. Ең танымал, сұранысқа ие өніміміз – құрт. Ол өте нәзік, жұмсақ, бай табиғи дәмі бар. Тұтынушыларымыз оны Швеция, Швейцария секілді шет елдерге сыйлық ретінде алып кетеді.
    Әрбір жаңа өнімді алдымен өзіміз сынап көреміз. Дәмі немесе түсі ұнамаса, құрамына өзгерістер енгіземіз, бірдеңе қосамыз, бірдеңені алып тастаймыз. Әрине, рецепті өзіміз ойластырғанымызбен, оның техноло­гия мен сапа стандарттарына сай болуын қадағалаймыз. Кәсіпорын жұмы­сын бір жүйеге келтіріп, толық қуатқа шыққанда ешкі мен сиыр сүтін қоса есептегенде тәулігіне 5 тоннаға дейін сүт өңдеуге қауқарлы болады. Қазір атқарылып жатқан жұмыстар осыған бағытталған, – деп атап өтті Жазира Бейісбайқызы.
    Шығарылатын өнімдердің сақталу мерзімі қысқа болғандықтан кешен­нің жұмысы үздіксіз болуы қажет. Сондықтан кәсіпорын аумағында ауызсу және электр қуатымен қамта­­­масыз ететін жеке құдық пен транс­фор­маторлық қосалқы станса орналастырылған.
    Қазіргі таңда кәсіпорындағы шаруа қожалығында заанен мен альпі тұқымды 1500-ге жуық ешкі бар. Жазира Шаяхметтің айтуынша, бұл ешкілердің жергіліктіден айырма­шылығы – сүттілігінде. Оның үстіне олар жуас, саууға жақсы. Алайда жүні тегіс болып келетін бұл жануарлар суықты ұнатпайтындықтан, оларды ұстайтын температура үнемі +8°C деңгейінде сақталып отыруы қажет.
    Ешкілер күніне екі рет – таңғы сағат 7-де және кешкі 5-те сауылады. Бір мезгілде 72 малдан сүт алынады. Оларға екі сауыншы мен бір мал дәрігері қарайды. Мұнда компанияның зертхана мамандары да үлкен рөл атқарады. Олар сүтті бірнеше рет тексеріп, майлылығын, микробтар мен бактериялардың бар-жоғын анықтай­ды. Сапасына көз жеткізген соң ғана өңдеуге жібереді.
    Жалпы кәсіпорында 60-қа жуық адам жұмыс істейді. Оның 90 пайызы – жергілікті тұрғындар. Қызмет­кер­лердің жартысы фермада, жартысы сүт өңдеу цехында жұмыс істейді. Негізгі мамандар Алматы қаласынан келеді.
    Бүгінде жұмысшылар төлдету маусымына дайындалуда. Сахман кезеңінде мамандар тәулік бойы шаруашылықта кезекшілік жасайды. Бұл процесс күрделі және сонымен бірге қуанышқа толы болмақ. Себебі жаңа төл шыққан сайын мал басы көбейіп, өнім көлемі артып, кәсіпорын одан әрі дамитын болады.
    «Fresh house» сауда белгісімен «Tengri milk» сүт компаниясының өнімдері тек елімізде сатылып жатқа­ны­мен, қазіргі уақытта оны экспортқа жіберу мәселесі пысықталуда. Сонымен қатар алдағы жоспарда асыл тұқымды ешкі басын көбейту арқылы сүт өңдеу көлемін арттыру да көзделіп отыр. Демек, алдағы уақытта шығарылатын өнім түрі кеңейіп, қосымша жұмыс орындары ашылатын болады.

    Ақтоты МЫРЗАБЕКҚЫЗЫ
    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    Президент: Мемлекеттің күші – ғылымда

    Президент: Мемлекеттің күші – ғылымда

    1 year ago
    Ұяля байланыс бағаны астыртын қымбаттатқан – Агенттік

    Ұяля байланыс бағаны астыртын қымбаттатқан – Агенттік

    1 year ago
    Береке-бірлік дәл қазір керек

    Береке-бірлік дәл қазір керек

    1 year ago
    Мемлекеттік қызметкер

    Жас мемлекеттік қызметкерлер әдебін көтеру жөнінде жиын өтті

    2 years ago
    Шуаққа толы күндер

    Шуаққа толы күндер

    6 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>