-13 °c
Qonaev
Tuesday, May 13, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Тарихқа тағзым

    18.04.2025
    in Барлық жаңалықтар, Мәдениет
    Тарихқа тағзым
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

         Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне орай Қонаев қаласында салтанатты шара өтті. Тарихи-мәдени мұраның ең құнды жәдігері тарихи ескерткіштер десек, өткеннен сыр шертетін сол рухани қазыналар бүгінгі ұрпаққа өнеге берері сөзсіз. Ата-баба салтын сақтап, ұлыларымызды ұлықтап, тарихымызды дәріптеуді мақсат еткен шара шымылдығы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы аясында ұлы ақынның ескерткіші маңында ашылды.

         Тағылымды жиын Абай әндері мен ұлттық күйлердің әуенімен басталып, алаңға жиналған жұртшылықты рухани ләззатқа бөледі. Қасым Қайсенов атындағы №4 орта мектеп оқушылары салтанатты сап түзеп, қолдарына гүл шоқтарын ұстап, әсерлі шараға ерекше әр берді. Алғашқы болып сөз алған  облыстық мәдени мұра және ескерткіштерді қорғау орталығының директоры Талғат Абылаев жиналған жұртшылықты айтулы күнмен құттықтап, еліміздегі тарихи-мәдени мұраны қорғаудың маңыздылығына тоқталды. Ол өз сөзінде:

    – Бұл күн 1982 жылы ЮНЕСКО шешімімен қоғам назарын әлемдік мәдени мұраны қорғау және сақтау мақсатында құрылған. 2024 жылдың 15 наурызында Сарайшық қаласында өткен Ұлттық құрылтайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәдени мұраларға да ерекше тоқталып өтті. Өскелең ұрпақ үшін жастардың бойында ұлттық рухты оятып, ұлы тұлғаларымыздың ескерткіштері арқылы тарихи сананы қалыптастыру – біздің міндетіміз. Осы орайда барлығыңызды құндылықтарды көздің қарашығындай сақтауға шақырамын, – деді.

    Салтанатты шара барысында Талғат Алдақуатұлы биыл Жеңістің 80 жылдығы, Абай Құнанбаевтың 180, Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойлары халықаралық деңгейде тойланып жатқанын тілге тиек етіп,  облыс әкімінің қолдауымен Өтеген батыр кентінде дәулескер күйшінің еңселі ескерткіші бой көтеретінін жеткізді.

    Келесі сөз кезегін алған облыстық ардагерлер ұйымының төрағасы Ерболат Тұрымбетов ұлт руханияты мен тарихи-мәдени мұрамыздың маңыздылығына кеңінен тоқталды.

    – Ескерткіштер – бұл біздің өткеніміздің ізі, халқымыздың жүріп өткен жолының белгісі. Оларды тек қорғап қана қоймай, ерекше құрметпен қарап, тағзым ете білуіміз керек. Себебі бұл – болашақ ұрпаққа қалатын аманат. Кешегі Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдени мұрамызды, салт-дәстүрімізді, ұлттық құндылықтарымызды сақтау мен дәріптеу – ел болашағының кепілі екенін баса айтып өткен болатын. Сол бастаманың бір көрінісі – бүгінгі ескерткіштерге құрмет көрсету шарасы, – деп өз сөзін жеткізді. Ол сондай-ақ Жеңістің 80 жылдығы да ел үшін тарихи белес екенін атап өтті.

    – Бүгінде облысымызда Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан 5 ардагер ғана қалды. Сол аталарымыздың ерлігін ұрпақ жадында жаңғырту – біздің басты парызымыз. Осы орайда облыс аумағындағы соғыс ардагерлеріне арналған ескерткіштер кезең-кезеңімен жаңартылып, жөндеуден өтуде, – деп  тәуелсіз еліміздің ерлікке, руханиятқа деген зор құрметін баяндап өтті.

    Рухани шарада Қонаев қаласындағы орта мектеп-гимназиясының оқушылары Абай өлеңдерін жатқа оқып,  Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының өнерпаздары әннен шашу шашты.

    Мерекелік шара жалаушада Абай есімі жазылған флешмобпен қорытындыланып, жас ұрпақтың ұлы ақын мұрасына деген құрметін айғақтады.

    Құралбек СӘБИТОВ

    Қонаев қаласы

    Ұсынымдар

    Державалар текетіресінде Қазақстанның маңызы зоры

    Державалар текетіресінде Қазақстанның маңызы зоры

    10 months ago
      Ұрпақ ұмытпасын десек…

      Ұрпақ ұмытпасын десек…

    11 months ago
    Алматы облысында 5 млн бастан артық мал егілді

    Алматы облысында 5 млн бастан артық мал егілді

    2 years ago
    Ислам және деструктивті діни ағымдар: түсіну, қауіптер және қарсы тұру жолдары

    Ислам және деструктивті діни ағымдар: түсіну, қауіптер және қарсы тұру жолдары

    1 year ago
    Алматы облысында екі аудан әкімі сайланады

    Алматы облысында екі аудан әкімі сайланады

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.