❄️
-4°C
Қонаев
Бейсенбі, Ақпан 12, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Тәжірибе алмасу – жаңа мүмкіндік

    11.04.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Тәжірибе алмасу –  жаңа мүмкіндік
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

        Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев Нидерланды Корольдігінің делегациясымен, нақтырақ айтар болсақ, ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы, азық-түлік қауіпсіздігі және табиғат пайдалану министрлігінің өкілдерімен кездесті.

    Сапарды министрліктің бас хатшысы, вице-министр Гуд Ян-Кейс бастап келді. Қазақстандықтар үшін Нидерландының егіншілік, суды тиімді пайдалану, агроөңдеу және кадрлар даярлау тәжірибесі аса маңызды болып саналады. Бұл салалар аграрлық секторды жаңғыртуда басты тірек бола алады.
    – Алматы облысы – еліміздегі ауыл шаруашылығы саласы көшбасшы­ларының бірі. Мұнда үлкен егіс алқаптары шоғырланған, өндірістік және логистикалық инфрақұрылым дамыған. Аймақ астық, жеміс, ет, сүтке дейінгі Қазақстанның жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің 8 пайызын қамтиды. Бұл межені сақтап қана қоймай, жаңа деңгейге шығу үшін экологиялық технологияларды қайта бағдарлау қажет. Бұл тұрғыда голландиялық тәжірибенің көмекке келері анық, – деді өз сөзінде аймақ басшысы.
    Бүгінде Алматы облысында голлан­дия­лық капиталдың қатысуымен 9 компания, сондай-ақ 4 бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. Былтыр біздің аймақ пен Нидерланды арасындағы тауар айналымы 39 млн долларды құрады. Нидерландының жер көлемі шағын болғанымен, аграрлық сала бойынша әлемдік көшбасшылардың қатарына кіреді. Құпиясы – технологияға, ғылыми шешімдерге және тұрақтылыққа баса назар аударатындығында.
    Голландиялық делегация өкіл­дері Қазақстанмен ынтымақтастықта, әсіресе білім беру, бірлескен жобаларды іске асыру және жергілікті аграрлық инфрақұрылымға инвестициялар тарту бағытында жұмыс істеуге ықыласты екендіктерін айтты.
    – Біз үшін Қазақстан – стратегиялық серіктес. Біз мұнда тұрақты егіншілік, агроинновация бағытындағы ынтымақ­тастықтың зор әлеуетін көріп отырмыз және үздік тәжірибемен бөлісуге дайынбыз. Бұл кездесу жаңа жобалар мен байланыстарға жол ашады деп үміттенеміз, – деді Гуд Ян-Кейс.
    Кездесуде тәжірибе алмасу мәселесі де сөз болды. Онда қазақстандық маман­дардың Нидерландыда тағылым­дама­дан өту, голландиялық сарапшы­ларды тренингтер өткізу үшін Алматы облысына шақыру жайы қарастырылды.
    Кездесу соңында жергілікті қайта өңдеуге және логистикаға инвестиция тарту мүмкіндігі қарастырылып, голландиялық ауыл шаруашылығы жобаларын жүзеге асыруда тұқым шаруашылығын дамытуға, өнімді экспорттауға баса назар аударылатыны айтылды.
    Делегация ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін «Ospanova Development», «lst Agro», «Frut Art» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктеріне барып, аймақтың аграрлық саладағы мүмкіндіктеріне көз жеткізді. Ауыл шаруашылығын дамытуға климаттық жағдайдың қолайлы екендігіне баса мән берді.
    Нидерланды Корольдігі делега­циясының Алматы облысына сапары ауыл шаруашылығы саласын­дағы халықаралық байланыстарды нығайту мен шетелдік әріптестердің аймақпен ынтымақтастықты арттыруына берік негіз қалады.

    Алма Есенбай

    Ұсынымдар

    Мемлекет басшысы Жапония металл және энергетикалық қауіпсіздік жөніндегі ұйымының (JOGMEC) төрағасы Ичиро Такахаруды қабылдады

    Мемлекет басшысы Жапония металл және энергетикалық қауіпсіздік жөніндегі ұйымының (JOGMEC) төрағасы Ичиро Такахаруды қабылдады

    2 months ago
    Өнер – бірлікке бастайды

    Өнер – бірлікке бастайды

    1 year ago
    Қыс қамын жаз ойла

    Қыс қамын жаз ойла

    8 months ago
    Облыс әкімі Алатау қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы және жаңа инвестициялық жобалар туралы баяндады

    Облыс әкімі Алатау қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы және жаңа инвестициялық жобалар туралы баяндады

    3 months ago
    БІРЛЕСКЕН ІСТІҢ  БЕРЕРІ МОЛ

    БІРЛЕСКЕН ІСТІҢ БЕРЕРІ МОЛ

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>