-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    ТІЛ ФЕСТИВАЛІНДЕ ЖЕҢІМПАЗДАР МАРАПАТТАЛДЫ

    07.04.2025
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Мемлекеттік тіл
    ТІЛ ФЕСТИВАЛІНДЕ ЖЕҢІМПАЗДАР МАРАПАТТАЛДЫ
    0
    SHARES
    40
    VIEWS

         Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы және Ұйғыр ауданының әкімдігі ұйымдастыруымен аудан тұрғындары арасында тілдерді қолдану мен дамытуға деген қызығушылықты арттыру, көптілділік мәдениетін насихаттау және түрлі этникалық топтардың тілдері мен мәдениеттерін құрметтеу мақсатында аудандық Тіл фестивалінде бірнеше маңызды номинациялар бойынша үздіктер марапатталды. Фестиваль қатысушылары өздерінің тілге деген құрметін, шығармашылық қабілеттерін және қоғамға қосқан үлестерін көрсетті.

    «Үздік бейнеролик – 2025» номинациясы бойынша Алпаров Рысбек Қайратұлы марапатталды. Ол аудан әкімінің баспасөз хатшысы ретінде өз жұмысында тілдердің дамуына және мемлекеттік тілдің насихатталуына айрықша еңбек сіңірді. Оның бейне роликтері ауданның мәдени өмірін және тіл саясатын тиімді түрде таныстырып, жұртшылықтың назарын аударды.

    «Тіл майталманы – 2025» номинациясын Керімқұлов Жәнет Сәдіұлы жеңіп алды. Аудандық «Ұрпақ парызы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, зейнеткер ұстаз Жәнет Сәдіұлы өзінің көп жылғы еңбегімен жастарға тіл мен мәдениетті сақтау жолында үлгі көрсетті. Оның педагогикалық қызметі және қоғамдық іс-әрекеті тіл мен ұлттың бірлігін сақтауға бағытталған.

             «Тілге жанашыр кәсіпкер – 2025» номинациясында Жаңабай Салтанат Берікжанқызы жеңімпаз атанды. «Laffa» кафесінің басқарушысы ретінде ол өзінің кәсіби іс-әрекетінде ауданның мәдениеті мен тілдерін дәріптеуді басты назарда ұстап келеді. Ол тек бизнесте ғана емес, тіл саясатын қолдауда да белсенді жұмыс жүргізуде.

             «Тіл шебері – 2025» номинациясын Анар Дүйсенбайқызы жеңіп алды. Аудандық «Қарадала тынысы-Қарадала нәпәси» газетінің бас редакторы ретінде Анар Дүйсенбайқызы өз жұмысына шығармашылық көзқараспен қарап, ауданның тілдік және мәдени мәселелеріне зор үлес қосуда. Оның басшылығымен газет өз оқырмандарына маңызды ақпараттарды, мәдениет және тіл мәселелері бойынша тың мәліметтер ұсынады.

    Тіл фестивалі ауданның түрлі салаларында белсенді жұмыс жасап жүрген азаматтарды қолдап, тіл мен мәдениеттің дамуына қосқан үлестерін атап өту мақсатында өткізілді. Бұл шара алдағы уақытта Алматы облысының басқа да аудандарында жалғасын табатын болады.

    Ақжарқын Бейбітқызы

    Алматы облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының

    Тілдерді оқыту, талдау, мониторинг бөлім басшысы 

    Ұсынымдар

    Жастарға жігер берді

    Жастарға жігер берді

    6 months ago
    Қонаевтағы референдумда 70 жасар қария бата беріп, өз таңдауын жасады

    Қонаевтағы референдумда 70 жасар қария бата беріп, өз таңдауын жасады

    8 months ago
    Мұғалім –  мектептің жүрегі

    Мұғалім – мектептің жүрегі

    8 months ago
    Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді ҚҚС-тан босату ұсынылды

    Өзекті мәселе шешілсе өсім артады

    4 weeks ago
    Алматы облысында «Alatau hub» жазғы лагері ашылады

    Алматы облысында «Alatau hub» жазғы лагері ашылады

    11 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>