-13 °c
Qonaev
Thursday, June 5, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ұлы дала жорығы» марафонына әлемнің 15 елі қатысады

    14.04.2025
    in Барлық жаңалықтар, Мәдениет, Спорт
    Ұлы дала жорығы» марафонына әлемнің 15 елі қатысады
    0
    SHARES
    6
    VIEWS

    2025 жылдың мамыр айында Алматы облысында өтетін «Ұлы дала жорығы» халықаралық марафон-бәйгесіне дайындықтар белсенді түрде жүріп жатыр. 500 шақырым қашықтықты қамтитын марафонға 15-ке жуық ел қатысады деп күтілуде. Ресей, Қырғызстан, Түркия, Иран, Мажарстан және тағы басқа елдерден спортшылар қатысады. Бұл шара тек спорттық тұрғыдан ғана емес, еліміздің мәдениеті мен тарихын насихаттау мақсатында да үлкен маңызға ие.

    «Ұлы дала жорығы» марафонының ұзақтығы бес күнді құрайды, ал жалпы қашықтық 500 км-ді қамтиды. Жарыс Алматы – Өскемен тас жолындағы Бақанас көпірінен басталады. Марафон барысында қатысушылар Балқаш, Жамбыл, Іле аудандарының бірнеше ауылдарын кесіп өтеді. Балқаш ауданында Миялы, Бақбақты, Бақанас, Ақдала, Бояулы, Береке, Бура, Үшжарма, Ақжар, Аралтөбе, Желтораңғы, Топар ауылдары арқылы өтеді. Жамбыл ауданы Қаншеңгел, Ащысу, Айдарлы, Бозой ауылдарын қамтып, Іле ауданы Ақши ауылынан өтіп, марафон Қонаев қаласының «Қарлығаш» шағын ауданында аяқталады. Жорықтың жабылу салтанаты мен марапаттау рәсімі Қонаев қаласының орталық алаңында өтеді.

    Марафон аясында ұйымдастырылатын маңызды шаралардың бірі – асыл тұқымды жылқылар көрмесі. Бұл көрмеде ұлттық жылқы тұқымдары, олардың ерекшеліктері мен тарихы таныстырылады. Жылқылардың сәні мен күшін көрсететін бұл көрме қатысушылар мен қонақтар үшін ерекше қызығушылық туғызары сөзсіз. Ұлттық қолөнер көрмесі де марафонның ажырамас бөлігіне айналады. Қазақ халқының бай қолөнер мұраларын көрсету мақсатында ұйымдастырылатын бұл көрмеде шеберлер өз жұмыстарын ұсынып, келушілерге ұлттық өнерді таныстырады. Туристер үшін арнайы қалашықтар мен фотозоналар да ұйымдастырылатын болады. Шетелден келген қонақтарға еліміздің мәдениеті мен салт-дәстүрі туралы қызықты әрі көрнекті ақпарат ұсынылады.

    Мұндай халықаралық шаралар еліміздің туризм саласын дамытуға зор үлес қосып, Алматы облысының мәдени және тарихи мұрасын танытуға мүмкіндік береді. Марафонның маңыздылығын атап өткен спорт басқармасы басшысының орынбасары Рахман Шахарбек: «Бұл марафон тек спорттық жетістіктермен шектелмейді, ол еліміздің мәдени және туристік әлеуетін көрсетуге мүмкіндік береді. Жарыс арқылы біз Алматы облысының тарихи және мәдени мұрасын әлемге таныстырып, халықаралық қатысушылар мен туристер үшін маңызды оқиғаға айналдырамыз. Сонымен қатар, ұлттық қолөнер мен жылқы тұқымдары көрмесі, фотозоналар мен туристік қалашықтар осы шараның айрықша бөліктері болып табылады.

    із үшін бұл — тек спорттық іс-шара емес, сонымен қатар ұлттық бірегейлікті көрсету мүмкіндігі», — деп атап өтті.

    «Ұлы дала жорығы» марафоны еліміздің спорттық имиджін көтеріп қана қоймай, туризм саласына да жаңа серпін береді. Әлемнің әртүрлі елдерінен келген қонақтар мен қатысушылар бұл шараға қатыса отырып, Қазақстанның бай мәдени мұрасын тамашалай алады.

    Ұсынымдар

    Қазақстан президенті: Аралды қорғау қорына көбірек қолдау қажет

    Қазақстан президенті: Аралды қорғау қорына көбірек қолдау қажет

    2 years ago
    “Ескерткіш те сөйлейді”

    “Ескерткіш те сөйлейді”

    2 years ago
    Қонаев қаласында құтқарушылар жетпейді

    Қонаев қаласында құтқарушылар жетпейді

    2 years ago
    Алматы облысында «AMANAT» 350 оқушыны мектепке дайындады

    Алматы облысында «AMANAT» 350 оқушыны мектепке дайындады

    10 months ago
    Бес нүкте – бес шеберлік сабағы

    Бес нүкте – бес шеберлік сабағы

    8 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.