-13 °c
Qonaev
Friday, May 16, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Абай мұрасы – асыл қазына

    25.01.2025
    in Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым, Мәдениет, Руханият
    Тағдыр тудырған
    0
    SHARES
    10
    VIEWS

       Абай Құнанбаевтың асыл мұрасы – баға жетпес рухани қазына. Шығармалары әр жанның жүрегіне жылу сыйлап, бойға қуат береді. Сондықтан ақын мұрасын ұлықтауға қатысты игі шаралар ешқашан толастаған емес.

    Абай есімін ардақтаған айшықты жиын Заречный ауылындағы кәсіптік-техникалық колледжінде көрініс тапты. Колледж ұжымы облыс аумағындағы жабық мекемелерде оқу саласы бойынша еңбек ететін мамандардың басын қосып, адамзаттың алыбына айналған тұлғаның шығармашылығын асқақтатуды жоғары деңгейде ұйымдастырған. Барлығы бірдей ұлттық нақышта киініп, сан қырлы талантымен танылған ұлы тұлғаның қазаққа деген асқақ махаббатын айрықша сезіммен паш етті.

    Абай шығармашылығының көркемдік ерекшелігін кестелеп, бай сөздік қорын тарқатып, оқытушылардың рухани бірлігін нығайтуды мақсат еткен облыстық байқаудың ережесі қатысушыларға ерте беріліп, дайындықпен келуі алдын-ала ескерілген. Сайыс тәртібі бойынша білім беру ұйымдарының инженер-педагог қызметкерлері үш кезең бойынша бақ сынады. Алғашқы кезең – «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» аталымында Абай өлеңдерін жатқа оқу керектігі ұсынылып, сөйлеу мәнері ерекше ескерілді. «Абайдың қара сөздері» кезеңінде сайыскерлер ұлы ақынның қара сөздеріне ден қойып, тәрбие үрдісінде қолдану мазмұнын тарқатып, ұстаздық тәжірибесінде пайдалану жолы көрсетілді. «Көңілім әнді ұғады» атауымен өткен үшінші кезеңде Абайдың әні әуелеп, қатысушылардың аспапта ойнау шеберлігі, дауыс ырғағы бағаланды.

    Облыстық әдістемелік орталығы, Қонаев қалалық кітапханасының басшысы, Алматы облысы бойынша сотталғандарды еңбекпен қамтамасыз ету тобының бас маманы, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, бақ өкілдерінен құралған қазылар алқасы сынға түскен сайыскерлердің сөз саптауын, сахна мәдениетін, жатқа, мәнерлеп оқу шеберлігін қадағалады. Байқау қорытындысы бойынша,  III дәрежелі дипломмен Заречный көпсалалы колледжінің әдіскері Гүлнұр Рахымбекова, Жауғашты техникалық колледжінің арнайы пән оқытушысы Оксана Калинина, Заречный кәсіптік-техникалық колледжінің өндірістік оқыту шебері Мұхаметәлі Рахметов марапатталды. Кезеңдер бойынша ерекше көзге түсіп, шеберлігімен көрермендерді тәнті еткен Заречный ауылындағы көпсалалы колледжі оқытушылары Айдос Жүнісбек пен Қайрат Керімбеков II орын иеленді. Ал облыстық байқаудың I дәрежелі дипломы Абайдың қара сөздерін жатқа айтып, оны өз тәжірибесінде қалай, қай жерде қолдану керектігін тебірене түсіндірген Заречный ауылындағы кәсіптік-техникалық колледжінің өндірістік оқыту шебері Ернат Қасеновке берілді.

    Абай атамыздың асыл сөздері арқылы тәрбие мәнін тереңдеткен байқау көзі ашық көкіректерге нұр болып құйыла беретінін анық көрсетті.

    Құралбек СӘБИТОВ

    Ұсынымдар

    Аласармас азамат

    Аласармас азамат

    2 years ago
    Еріктілердің ерен еңбегі

    Еріктілердің ерен еңбегі

    12 months ago
    Мәжіліс онлайн-платформа және онлайн-жарнама туралы заң жобасын мақұлдады

    Мәжіліс онлайн-платформа және онлайн-жарнама туралы заң жобасын мақұлдады

    2 years ago
    Алматы облысында сел қаупі сейілді

    Алматы облысында сел қаупі сейілді

    8 months ago
    Мердігерлер жұмысы сыналды

    Мердігерлер жұмысы сыналды

    12 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.