-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жөкеңнің жөні бөлек еді

    05.04.2025
    in Барлық жаңалықтар, Руханият
    Жөкеңнің жөні бөлек еді
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

         Өткен күндердің әдемі естеліктері аз емес. Соның біріне тоқталайын. 1988 жылдың мамыр айы еді. Кеген аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Бексырға Данышпанов бәрімізді кабинетіне жинады. Ауыл шаруашылығы жұмыстары бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданындағы әріптестермен тәжірибе алмасады екенбіз.

    Сөйтіп, баратын кісілердің құра­мы жасақталды. Бірінші хатшы Б.Данышпанов, аудандық РАПО-ның төрағасы С.Үмбетов, аға шопан Ж.Молдасанов, Ұзынбұлақ асыл тұқымды қой шаруашылығының директоры Б.Сегізбаев, аудандық техбақылау басшысы С. Бейсенбаев және мен. Қазақы дәстүр бойынша Жолсейіт Молдасанов сәт-сапар тілеп бата жасады. Одан кейін директор Болат Сегізбаев бірінші хатшыға қарап ойын ортаға салды.
    – Беке, киелі өңірге топтасып бару да үлкен сын. Сондықтан жүрісті жүйелеп отыратын қоғамдық ұйымдастырушы керек. Біз тізгінді соған берейік. Ол оркестрді басқарған дирижер секілді бәрін үйлестіретін болсын, – деді ол. Ұсыныс көпшіліктің көңілінен шықты.
    – Жарайды келістік, енді «дирижер­лік» тізгінді кімге береміз? – деді хатшы Болатқа сұраулы жүзбен қарап.
    – Оны да ойластырдым. Арамызда өзі жас, өзі іскер және есепке жүйрік Жақан Ахаев бар емес пе? – дегені.
    – Менің қарсылығым жоқ. Бұл ұйғарым­ға сіздер де бірауыздан қосы­лады деп ойлаймын. Оған Ахаев жол­дастың өзі қалай қарар екен? – деді маған бұрылып. Мұндай сөзді күтпегенім рас. Сасқалақтап көпшілікке қарадым. Бәрі «Келіс!» деп тұрғандай көрінді.
    – Құрметті делегация мүшелері, сіздерден асып қайда барамын? Әріп­тестеріңіз әрі інілеріңіз ретінде қызмет көрсетуге дайынмын. Сенім­деріңізге селкеу түсірмеуге тырысайын. Сонымен қатар менің қоятын өзіндік шартым бар. Ол мынандай – қазіргі сәттен бастап, Кегенге қайта оралғанша ара­мызда хатшы, бюро мүшесі сияқты лауазымдар айтылмасын! Бір-бірімізді аты-жөнімізбен ғана атайық, – дедім батылданып. Бұл сөз, әсіресе, Жолсейіт ағама қатты ұнады. Ол ұсыныс та қабылданды.
    Шымқалаға кешкі сағат 7-8-дің шама­сында жеттік. Қарсы алу рәсіміне мұқият дайындалыпты. Ерте­сінде өңірді аралауға кірістік. Жергілікті ырым бойынша алдымен Арыстан бап, содан кейін Ясауи кесенесіне зиярат етуіміз керек екен.
    Осыған орай Жолсейіт аға менің құлағыма сыбырлап: «Қазір әулие Құл Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне кіреміз. Қағаз ақшаны жиырма тиындықтарға ауыстырып, майдалап әкел. Әрі оны шүберектерге түйесің», – деді. Жақын маңнан касса тауып, тапсырманы тастай етіп орындадым. «Сені осы жұмысқа жеккеніміз дұрыс болыпты» дегендей, Жөкен аға риза көңілмен жымиды.
    Кесене алдында ақ сақалды молда отыр. Басындағы сәлдесі киіміне сай әдемі. Аруақтарға бағыштап Құран оқыды. Біз әрі қарай қадам бастық. Тайқазанды көрдік. Ол жердегі құдықты тамашаладық. Мұндағы шелекке 20 тиыннан садақа салу рәсімін ойдағыдай орындадық. Әріптестерім менің жергілікті адамдармен тез тіл табыса алатын жұғымды әрекеттеріме тәнті болды. Оның көбін Жолсейіт ағамның нұсқауымен жүзеге асырып жатқанымды қайдан білсін? Ал Жөкең мұндай ­ырым­ды Дінмұхамед Қонаевпен бірге жүрген кезде үйренген екен.
    Осы жерде киелі орындағы таң­ғаларлық бір оқиға туралы да естідік. Кесенені қайта қалпына келтіру жұмыс­тары кезінде реставратор жігіттердің біреуі арқан үзіліп кетіп жерге құлайды. Алайда ол ауада қалықтағандай жайлап қозғалып, жерге екі аяғымен түсіпті. Еш жеріне зақым келмеген. Тек қатты қорыққаннан есінен танып қалған. Ауруханаға апарып тыныштандыратын дәрі егіп, есін жиғызып алыпты. Жауабы жоқ тылсым күш деген осы болар деп ойладық.
    Жол қысқарсын деп ағаларым неше түрлі әңгіме айтады. Мен оны қызыға тың­даймын. Әсіресе, Жолсейіт Молдасановтың жөні бөлек. Әңгіменің майын тамызады. Қарапайым қойшы болса да кәнігі жазушыдан кем емес. Ол кісі былай деген еді:
    – Менің СОКП-ның ХХІV съезіне делегат болып сайлануым өзім ғана емес, берісі Кеген, Нарынқол аудандарына, арысы Алматы облысына үлкен жаңалық болды. Сонымен съезге баратын сәт те таяп қалды.
    Малды тиісті адамға табыстаймын деп жүріп уақыт өткізіп алыппын. Қар қалың, жол тайғақ. Аудан басшысы: «Жөке, екі сағатта Алматыға жетіп үлгеру керек» деп өзінің «Волгасына» мінгізіп шыға­рып салды. Солай еткенін қайтейін, екі сағат емес, жеті сағат жүріп, Алматыға әрең жеттік. Обкомдағы нұсқаушылар: «Аға, сіз қатты кешіктіңіз, делегация әлде­қашан Мәскеуге ұшып кетті», – деді абыржыған түрмен. Мен қарадай қысылдым.
    Сол кезде бір жігіт:
    – Саспаңыздар, шешілмейтін мәселе жоқ, қазір оның да бір амалын табамыз, – деді нық сеніммен. Арқам кеңіп, көңілім көтеріліп қалды. Ол сөзіне ісі сай іскер жігіт екен, іле-шала бәрін ойдағыдай ұйымдастырды. Кешкі жетіде Қонаевтың ұшағына мінетін болдым.
    Ұшақтағы адамдардың ешқайсысын танымаймын. Бортсерік қыз арт жақтағы бір орындыққа жайғастырды. Сол сәтте ұшаққа Қонаев та кіріп келе жатты. Салондағылардың барлығымен амандасты да, мені көзі шалып қалды.
    – Жігіттер, анау артқы орындықта отырған адам кім дейсіздер ғой? Ол бүкіл одаққа белгілі атақты шопанымыз. Сайып келгенде, бұл сіздің адам емес пе? Еңбек адамдарына құрмет көрсеткеннен ұтылмаймыз. Сондықтан оның алға, сіздің артқа отырғаныңыз дұрыс болар, – деді Ауыл шаруашылығы министрі Г.Моторикоға қарап. Ол қызарақтаған қалыпта ләм деместен менімен орын ауыстырды, – деді Жолсейіт аға жадырай күліп.
    Тағы бірде мынандай қызық болады. Көк «Волгасымен» жайлаудан ауылға түсіп келе жатқан Жөкеңді облыстық МАИ қызметкері тоқтатады. Әрине, Жөкеңнен бір қателік кетеді. Шопан оны инспекторға қазақы мәнермен айтып түсіндіре бастайды.
    – Шырағым, ғафу өтінемін! Сенің талабың дұрыс. Бірақ мынаны ескер­сеңіз екен. Мен осы күнге дейін бірде-бір рет жол ережесін бұзып көрген емеспін. Бұдан кейін де бұзбаймын. Тек мана костюм ауыстырып кием деп, құжаттар екінші киімнің қалтасында қалып кетіпті. Сенбесеңдер, отарға бірге жүріңдер. Молдасанов деген шопан боламын. Съездің делегатымын, – дейді атақ-даңқының себі тие ме деген үмітпен.
    Бірақ МАИ қызметкерлері тастай қатады. Шопанның уәжіне назар аудармайды. Молдасановтың көлігін Кегендегі айыптұраққа қоямыз деп алады да кетеді. Енді не істемек керек? СОКП Орталық комитеті тексеру комиссиясының мүшесі, біздің ардақты Жөкең амалы таусылған соң аудандағы орталық поштаға барып, тікелей байланыс арқылы Мәскеуге телефон шалады.
    –Үш-төрт сағаттан соң бүкіл Алматы облысы аяғынан тік тұрып, көлігімді үйіме әкеліп бергені, – деп асыл ағаның мәз болғаны есімнен кетпейді.

    Жақан Ахаев,
    еңбек ардагері
    Қонаев қаласы

    Ұсынымдар

    Жазасын өтеушілер жұмыспен қамтылуда

    Жазасын өтеушілер жұмыспен қамтылуда

    1 year ago
    Бүтін бір әулет құжатсыз…

    Бүтін бір әулет құжатсыз…

    2 years ago
    Өтеген батыр кентінің әкіміне арзу-хат

    Өтеген батыр кентінің әкіміне арзу-хат

    1 year ago
    Медициналық мекемелерді жөндеуге жекелеген инвесторлар да тартылып жатыр

    Медициналық мекемелерді жөндеуге жекелеген инвесторлар да тартылып жатыр

    2 years ago
    Маңызды қадам

    Маңызды қадам

    4 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>