-13 °c
Qonaev
Sunday, June 1, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Алматы облысында «Әкем-тірегім, анам-жүрегім» атты облыстық байқауы өтті

    23.05.2025
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар
    Алматы облысында «Әкем-тірегім, анам-жүрегім» атты облыстық байқауы өтті
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

    Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, Алматы облысында «Әкем-тірегім, анам-жүрегім» отбасылық байқауы ұйымдастырылды. Шара облыстық әмбебеп кітапхана ғимаратында өткізілді. Сайысқа Алматы облысның 7 ауданынан келген отбасылар қатысты.

    Өз өңірінің үмітін үкілей келген әр жанұяның өзіне тән ерекшелігі бар. Бірі зерек, енді бірі ұйымшыл болса, өзгелері өнерден алдына қара салдырмайды.
    Ынтымағы жарасқан қара шаңырақ иелерінің жеткен жетістіктері де аз емес. Олар еңбекте алғыр, білімде жүйрік, қоғамдық істерде белсенді.
    Бабы мен бағын бәйгеге тігіп, сайыста бақ сынаған отбасылар 4 кезеңде сынға түсті.
    Олар, әуелі өздерін жан-жақты таныстырды. Артынша, логикалық сұрақтарға жауап беріп, білім бәсекесінде бәске түсті. Үшінші кезең, «Шабыт мекені» деп аталды. Онда қатысушылар қолөнер туындыларын әділ қазылардың назарына ұсынды. Он саусағы майысқан шеберлер, қылқаламынан туған көркем суретін көрмеге қойған суретшіде дәл осы жанұя мүшелерінің арасынан табылды.
    Ал, шешуші кезеңде отбасылар спорттық ойындармен жарысып бақты.
    Жарысқа қатысушылардың бірі, Қарасай ауданынан келген Бекнұр есімді бала. Ол өзінің отбасының топ жаратынына кәміл сенеді.
    «Біз Қарасай ауданынан келдік. Бүгін отбасымызбен жарысқа қатысып жатырмыз. Дайындығымыз жақсы. Мен Бүгін ән шырқаймын. Біздің отбасының өнері елдің көңілінен шығады деген үміттемін»,-дейді Бекнұр.

    Иә, отбасы- әрбір баланың алғашқы мекені, ұстазы, бақыты тоғысқан үлкен орта. Ал, бала сол ортаның Шолпан жұлдызы. Демек, біріне-бірі сеп. Қос қолдың саласындай, қос өзеннің сағасындай болған бұл байланысты ешкім үзе алмайды. Бала отбасымен бақыт құшағында тербелсе, жанұя сәби күлкісімен шырағын жағары анық.

    Жан шуағы мен шынайы шаттық шаңырақта ғана. Бала – шаңырақтың күн мен айы. Баланың бақыты, әлемнің бақыты. Сәбилер жыламасын.

    Ұсынымдар

    Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымдардың 90%-дан астамы лицензия алды

    Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымдардың 90%-дан астамы лицензия алды

    2 weeks ago
    Жайлы мектептер толықтай отандық жиһазбен жабдықталады

    Жайлы мектептер толықтай отандық жиһазбен жабдықталады

    2 years ago
    Шәкәрім Құдайбердіұлының ғылыми мұрасын талқылаған конференция өтті

    Шәкәрім Құдайбердіұлының ғылыми мұрасын талқылаған конференция өтті

    2 years ago
    АЭС құрылысын қоғам қолдауда

    АЭС құрылысын қоғам қолдауда

    9 months ago
    Фермерлер де саяси науқаннан тыс қалмайды

    Фермерлер де саяси науқаннан тыс қалмайды

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>