☀️
26°C
Қонаев
Бейсенбі, Сәуір 30, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Ұлт тірегі

    20.09.2025
    in Барлық жаңалықтар, Руханият
    Ұлт тірегі
    0
    SHARES
    6
    VIEWS

         А.Мәлкеев атындағы Есік мамандандырылған дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатында «Тіл бірлігі – ел бірлігі» атты фестиваль өтті. Шарада береке-бірлікті биік қойып, татулықты ту еткен еліміздегі этностардың мәдениеті таныстырылып, тарихынан сыр шертілді.

    Иә, тіл – елдегі татулық пен тұрақтылық тірегі, халықтың ұлт ретінде сақталуының негізгі өзегі. Сондықтан 130-дан астам этнос өкілдері мекендеген елімізде 1998 жылдан бері Қазақстан халқы тілдері күні аталып өтеді. Мереке аясында бір мақсат, бір мүддеге жұмылған халықтың тілі мен салт-дәстүрі, ата тарихы мен қазақ жерінде жалғасын тапқан өмір жолы жайлы кеңінен баяндалып, мәдениеті мен әдебиеті таныстырылады.
    «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл» дейтін халқымыз қашанда оқу-білімге ұмтылып, саналы ұрпақ тәрбиесіне көп көңіл қойған. Бүгінгі іс-шарамыздың мақсаты да осы. Өз тілін ардақтап, өзге тілді, өзгенің салт-дәстүрін құрметтеуді балалардың бойына сіңіру. Сапалы білім мен саналы тәрбиенің негізі осындай кішкентай қадамдардан басталады», – деген лицей директоры Жәнібек Беркіндолда фестиваль қатысушыларына сәттілік тіледі.
    Фестиваль барысында 7 мен 10-сынып аралығындағы сегіз топ қазақ, түрік, өзбек, ұйғыр, славян, ағылшын, корей, кавказ ұлттарын жан-жақты таныстырды. Олардың тілі мен әдебиеті, тарихы мен мәдениеті, қолөнері, ұлттық тағамдары көпшілік назарына ұсынылып, салт-дәстүрінен көрініс қойылды. Сонымен қатар ұлттық биі мен әні сахна төрінде орындалды. Оқушылармен бірге ата-аналар, тәрбиеші мен сынып жетекшілері де әр ұлттың ұлттық киімін киіп, үлкен отбасы болып өнер көрсетті.
    Байқау қорытындысы бойынша 7 «Б» сыныбы өзбек ұлтын таныстырып, бірінші орын алды. Ұйғыр ұлтын таныстырған 8 «А» сыныбы екінші және корей ұлты болған 7 «А» сыныбы үшінші орынды иеленді. Жеңімпаздарға арнайы диплом мен ынталандыру сыйлықтары берілді. Мереке қатысушыларға ерекше көңіл-күй мен ұмытылмас әсер қалдырды.

    Құралай Мұратқызы

    Еңбекшіқазақ ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    QOSTANAI TECH Қостанай облысының цифрлық трансформация көшбасшыларының бірі ретіндегі мәртебесін растады
    30.04.2026
    Қазақша әріп таныған
    30.04.2026
    Этнос басылымдары
    30.04.2026
    Тіл саясатының тиімді бағыттары қандай?
    30.04.2026
    Елдік рухты жырлады
    30.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>