-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Балуандар бәсекесі

    22.05.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Балуандар бәсекесі
    0
    SHARES
    9
    VIEWS

    Қарасай ауданындағы «Үшқоңыр» спорт кешенінде «Алатау арланы» атты облыстық турнир өз мәресіне жетті. Бұл жарыс қазақ күресінен өтетін «Қазақстан барысы» республикалық турниріне Алматы облысынан қатысатын үздік балуандарды іріктеу мақсатында ұйымдастырылды.

    Жарыстың ашылу салтанаты отандық эстрада жұлдыздарының әсем әндерімен басталды. Ұйымдастырушылар мен құрметті қонақтар облыстық біріншілікке қатысушы балуандарға сәттілік пен жарқын жеңістер тіледі.
    — Қазақ күресі бүгінде отандық спорттың нағыз брендіне айналды. Жыл өткен сайын ұлттық күреспен айналысатын қазақстандықтардың саны артып келеді. Біздің облыстың өзінде 2000-нан астам адам әртүрлі жас санатында шұғылданып жүр. Сонымен қатар «Қазақстан барысы» турнирінің де беделі мен танымалдығы жыл сайын артуда. Бұл – қазақ күресінің әлемдік деңгейге көтеріліп, ұлттық рух пен салт-дәстүрімізге деген сүйіспеншілікті арттырып келе жатқанының жарқын дәлелі. Бозкілем шеберлері бас қосатын бұл дода жас спортшыларды шыңдайды, – деді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Рахман Шахарбек.
    Жеребе тартудан кейін балуандар сайысқа түсті. Олар 90 келіден жоғары салмақта белдесті.
    — Бүгінгі жарысқа тәжірибелі балуандармен бірге барлық өңірде өткен іріктеу кезеңінде үздік нәтиже көрсеткен спортшылар да қатысуда. Барлығы 32 спортшы бақ сынауда. Олардың ішінде 9 спорт шебері, 1 халықаралық дәрежедегі спорт шебері бар. Екі үздік балуан «Қазақстан барысы» республикалық турниріне жолдама алады. Биылғы жылы жас әрі болашағынан үміт күттіретін спортшыларымыз көп. Жеңімпаз «Алтын белбеуге» және 2 000 000 теңгеге ие болады. Екінші орын – 1 000 000 теңге, ал үшінші орын иегері – 500 000 теңге алады, – деді жарыстың бас төрешісі Қапар Рауанов.
    «Алатау арланы» турниріндегі тартысты белдесулер бірнеше сағатқа созылды. Жеңілген балуандар жарыс жолынан шығып отырды. 32 балуанның арасынан тек төртеуі ғана финалдық кезеңге өтті. Дәл осы төрт мықты арасында жүлделі орындар үшін шынайы күрес басталып, боз кілемде нағыз спорттық драма өрбіді.
    «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» дегендей, үшінші орын үшін болған белдесуде Еңбекшіқазақ ауданынан келген Нұрғали Жолтаев жеңіске жетті.
    Турнирдің ең әсерлі қатысушысы – Іле ауданынан келген Жігер Сәкенұлы десек қателесе қоймаспыз. Ол осыған дейін өткен турнирдің екі дүркін чемпионы, қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, дзюдо және самбодан спорт шебері Мәди Еділбаевты жеңіп, финалға жолдама алды. Финалда оны Балқаш ауданынан келген Әлімжан Жұмахметов күтіп тұрды. Дегенмен Жігердің жоғары деңгейдегі техникалық және тактикалық дайындығы, ең бастысы – қайсар мінезі, оған «Алатау арланы – 2025» атағын жеңіп алуға және «Қазақстан барысы» турниріне басты үміткер атануға мүмкіндік берді.
    — Жекпе-жек өнерімен мектеп кезінен айналыса бастадым. Қазір спортсыз өмірімді елестете алмаймын. Ол менің қызметіме де көмектеседі. Қазір жасым 34-те. Жиырма жылдан астам жаттығу нәтижесінде белгілі бір жетістіктерге жеттім. Қазақ күресі, самбо, дзюдо бойынша спорт шеберімін. ҚР ІІМ чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпазымын, самбодан Азия чемпионымын. Республикалық деңгейде дзюдо мен қазақ күресі бойынша да көптеген жетістіктерім бар. Бұл турнирді ерекше бағалаймын. Былтыр іріктеу кезеңінен өте алмаған едім. Бірақ биыл облыстық полиция департаментінің басшылығы маған дайындыққа арнайы уақыт бөлді.
    Қарсыластардың шеберлігі жылдан жылға артып келеді. Сондықтан жарысқа тыңғылықты дайындалдым. Барлық негізгі әдістерімді жетілдіріп шықтым. Енді «Қазақстан Барысы» республикалық турниріне тыңғылықты дайындаламын, – деді Жігер Сәкенұлы.
    Облыстық турнирдің жеңімпазы «Алатау Арланы» құрметті атағына ғана емес, «Алтын белбеу» иегері атанып, қомақты ақшалай сыйақымен марапатталды. Күміс және қола жүлде иегерлеріне де лайықты сыйақылар табыс етілді.

    Қуат Қайранбаев
    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    Шәкірт шырағын жаққан

    Шәкірт шырағын жаққан

    10 months ago
    Тәртіп пен талап – басты қағида

    Тәртіп пен талап – басты қағида

    9 months ago
    Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу салалық бағыттар негізінде жүзеге асырылады

    Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу салалық бағыттар негізінде жүзеге асырылады

    1 week ago
    Жатыр мойны ісігіне жастар да шалдығатын болды

    Жатыр мойны ісігіне жастар да шалдығатын болды

    1 year ago
    АЭС-ке қажет мамандар елімізде дайындалады

    АЭС-ке қажет мамандар елімізде дайындалады

    9 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.