-13 °c
Qonaev
Monday, May 19, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Сапалы білім – бүгіннен

    17.02.2024
    in Барлық жаңалықтар
    Сапалы білім – бүгіннен
    0
    SHARES
    15
    VIEWS

    Талғар ауданы Дәулет ауылындағы №11 орта мектепте тілші-ғалым Нұрша Оразақынованың «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы арқылы оқушылардың сауаттылығын арттыру семинары өтті. Мектеп директоры Айгүл Махметова ұйымдастырған шара мектептерге сатылай оқыту технологиясын енгізуге бағытталды. Оған өңіріміз бойынша 50-ден аса мектеп басшылары мен білікті ұстаздар қатысты.

    Алдымен оқушыларға Алаш зиялыларының педагогикалық ой-тұжырымдарына сүйенген технология таныстырылып, семинар жұмысы екі кезең бойынша жүргізілді. Алғашқысы «Сабақтар фестивалі» болса, екінші бөлім «Осы жұрт Мұқағалиды біле ме екен?» деп аталып, тұлғаларды тану бағытында ұжымдық шығармашылық қойылым көрсетілді. Облыстың әдістемелік орталығының бөлім басшысы Мәрия Сәдуақасова, Жамбыл ауданы Қарғалы орта мектебінен Майра Мұханова, Еңбекшіқазақ ауданы Малыбай орта мектебінен Махирям Халилова, Талғар ауданы № 10 орта мектептен Айнұр Құрманғалиева, Кеген ауданы Сәдуақас Серкебаев атындағы мектеп-гимназиясынан Жадыра Мұқашова сынды білікті мамандар «Сатылай кешенді оқыту» технологиясының тиімділігін тілге тиек етті. Сонымен қатар, Талғар аудандық білім бөлімінің басшысы Айнагүл Үшкемпірова да шәкірттер сауаттылығын арттыру жайында өз пікірін білдірді.
    Оқушыларға сөздің құны мен қасиетін танытып жүрген Нұрша Алжанбайқызы «Сатылай білім беруді енгізу мақсатында бала нені үйренеді, нені біледі?» деген сауалға жауап берді. Ол өз сөзінде:
    – Сатылай оқыту баланың оқуға қызығушылығын арттыра отырып ойлау және тіл мәдениетін дамытып, шығармашылық ізденістерін қалыптастырады. Мұнда тек қазақ тілі мен әдебиет пәндері ғана қамтылмайды. Бұл технологияны физика, химия, орыс тілі сияқты барлық пәндерге пайдалана отырып, өзіндік ерекшелігін көрсетеміз. Оқушыларды ғылыми негізге бағыттай отырып, сатылай кешенді меңгертіп, оларға ұлттық құндылықтарды бағалауға машықтандырамыз, – деп айтып өтті.
    Семинардың екінші бөлімінде ұстаздар мен оқушылар және ата-аналар, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін мәнерлеп оқып қана қоймай, залда отырған барлық көрермендермен кері байланыс орнатып, сұрақ-жауап тәсілін қолданды. Қатысушылар әуелете ән шырқап, мың бұрала би биледі.

    Жиынды қорытындылаған Нұрша Алжанбайқызының айтуынша, семинар жоспарланғанына 3 айдың жүзі болған. Ұстанымы берік ұстаз білім сапасына байланысты ауыл мектебі мен қала мектебін салыстырып қарауға болмайтынын тілге тиек етті.
    – Кейде, тіпті, ауыл мектептерінің ішінде озық білім ордаларының да топ жарып жатқаны рас. Бұл семинарда үздік мектептердің тәжірбиесін үлгілеп, технологияның жетістіктері мен кемшіліктерін баяндадық. Алда үлкен жоспарлар бар, – деп семинардың маңыздылығын алға тартты. Т
    ұлға тәрбиелеуді ұлы мұратына балаған ұстаз алдағы уақытта ауыл балаларының ғылымға деген көзқарасын өзгертіп, таланттар түлетуді мақсат етіп қойып отыр.

    Айнұр Нұржақып,
    Талғар ауданы

    Ұсынымдар

    Бизнес жобаларды қолдауға 2 млрд теңгеге жуық несие берілді

    Бизнес жобаларды қолдауға 2 млрд теңгеге жуық несие берілді

    2 years ago
    Бітіру кешін жайдары өткізу түлектердің өз қолында

    Бітіру кешін жайдары өткізу түлектердің өз қолында

    2 years ago
    Ертуған ерледі

    Ертуған ерледі

    2 months ago
    Достықтың тамыршысы

    Достықтың тамыршысы

    11 months ago
    Алматы облысында республикалық жас ақындар айтысы басталды

    Алматы облысында республикалық жас ақындар айтысы басталды

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.