-13 °c
Qonaev
Monday, June 2, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Білім нәрімен сусындатқан

    23.05.2025
    in Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым
    Білім нәрімен сусындатқан
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

    Кеген ауданы Тасашы орта мектебі жанындағы интернат қызметкерлері «Талаптың мініп тұлпарын, білімге ұмтыл, ұрпағым!» тақырыбында зейнеткер тәрбиешілермен кездесу өткізді. Іс-шараға мектеп директоры Нұргүл Абықанова, сазгер Жақсылық Әбдіраманов, ақын Шеризат Мекебаев, ұстаздар қауымы, интернат тәрбиеленушілері мен түлектері қатысты.

    Алдымен қонақтарға балалар шығармашылығы көрмесі ұсынылды.  Интернат меңгерушісі Құралай Оқасова білім ордасында бүгінде 60 бала тәрбиеленіп жатқанын, олардың қатарында жартылай жетім, көпбалалы және тұрмысы төмен отбасылардың балалары бар екендігін айтты. Мұнан соң іс-шара мектептің акт залында жалғасты.

    «Үлкендер жолы – ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып» демекші,  кездесуде өз заманында интернатта тәрбиеші қызметін атқарған ұстаздар – Сара Қасымханова, Ғалия Құттықожаева, Союзхан Байсабаева, Мәдина Тұрғынбаева, Жанболат Бәйімбетов, Майгүл Худжакова, Эльмира Рақымбаева және интернат түлектері Орынбасар Иемберді мен Алма Айсаевалар сөз алып, бала тәрбиесіне қатысты ойларын ортаға салды. Жиналған көпшілік интернат тәрбиеленушісі, жас ақын Бахарбек Дәулетжанның жырларымен сусындады. Оның «Алғашқы махаббат» атты өлеңіне композитор Жақсылық Әбдіраманов ән шығарған. Кеште сол туындының тұсауы кесілді. Ақын Шеризат Мекебаев шәкірті Дәулетжанға деген ықыласын «Күз айының бір күні» атты өлеңімен өрнектеді.

    Қазақ халқы қай уақытта болмасын, ұрпақ тәрбиесін ұлт болашағы деп білген. Жазушы Әзілхан Нұршайықов: «Бала тәрбиесінің ең үлкені – оны еңбекке баулу, еңбекшіл жас қана ең үздік азамат болып қалыптасады», – деген екен. Баланы отбасынан және мектеп қабырғасынан тәрбиелеп, бойына ұлттық құндылықты сіңіре білсек, егемен елдің ертеңі жарқын болмақ.

    Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ

    Кеген ауданы

    Ұсынымдар

    Ұлттық киім – ұлт мұрасы

    Ұлттық киім – ұлт мұрасы

    2 months ago
    Қаскелең мен Алматыны жалғайтын жол кеңейеді

    Қаскелең мен Алматыны жалғайтын жол кеңейеді

    4 months ago
    Инвестиция игілігі

    Инвестиция игілігі

    11 months ago
    Тұмауға қарсы екпе салу басталды

    Тұмауға қарсы екпе салу басталды

    2 years ago
    Бала Ихсанның ерлігі

    Бала Ихсанның ерлігі

    12 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.