-13 °c
Qonaev
Friday, May 9, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Бірлік пен татулық жолында жүгірді

    02.05.2025
    in Барлық жаңалықтар, Мереке, Спорт
    Бірлік пен татулық жолында жүгірді
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

    Қазақстан халқының бірлігі күні мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай Қонаев қаласында «Бірлік жүгірісі» атты спорт шарасы өтті. Аталған акция еліміздің әр аймағында бір уақытта басталып, 10 мың адам қатысты.

    «Спорттағы жетістіктерімен аймақтың ғана емес, бүкіл еліміздің мақтанышына айналған жерлестеріміз аз емес. Бүгінгі таңда спортты серік етіп, салауатты өмір салтын ұстанатын азаматтар көбейіп келеді. Өйткені спорт – денсаулық кепілі. Күш-қуатыңды арттырып, бойыңды сергітеді. «Бірлік жүгірісі» шарасы біріншіден, қоғамда татулық пен ынтымақты, өзара түсіністік пен келісімді нығайтуға бағытталса, екіншіден, өңірде жеңіл атлетиканың дамуына айтарлықтай үлес қосатыны анық, – деді Алматы облысы әкімінің орынбасары Болат Күреңбеков.

    Қатысушылар жарыс алдында дене қыздыратын жаттығулар жасады. Оларға грек-рим күресінен әлем чемпионатының жүлдегерлері Қорлан Жақанша мен Ербол Қоңыратов нұсқаушы болды.
    Бердібек Соқпақбаев атындағы орталық саябақта жүгіруден өткен жарысқа мемлекеттік қызметкерлер, білім және спорт мекемелерінің өкілдері, Қонаев қаласының тұрғындары мен қонақтары, барлығы 250 адам қатысты. Олар үш топқа бөлінді. Қыздар мен әйелдер 2 км, жасөспірімдер 4 км, 18 жастан асқан ер адамдар 6 км қашықтыққа жүгірді.
    «Бұқаралық спорттың тәрбиелік мәні зор. Мұнда қатысушылар тек өз күшін сынауға ғана келмейді, адамдардың бір-біріне деген сыйластығы мен құрметінің артыуна жол ашады, – дейді қыздар мен әйелдер арасындағы жарыс жеңімпазы, биатлоннан халықаралық спорт шебері Надежда Пивоварова. Жасөспірімдер арасында топ жарған Қонаев қаласының тұрғыны Болат Санжар да бұл спорт шарасының ынтымақ пен бірлікті нығайтуға зор үлес қосатынын атап өтті. Ал ерлер арасында мәре сызығын талғарлық Кирилл Маликов бірінші болып кесті.
    «Жеңіл атлетикамен айналысқаныма жеті жылдан асты. Осы уақыт аралығында ел ішіндегі және халықаралық жарыстарда жүлдегер атандым. Жүгіруден өтетін спорт шараларынан қалмауға тырысамын. Спортпен шынықсақ, денсаулығымыз мықты болады», – дейді жеңіл атлетикадан ҚР спорт шеберлігіне үміткер Кирилл Маликов.
    Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер медаль, грамота және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

    Ұсынымдар

    Жумангарин приоткрыл завесу: какие налоговые нормы ушли в Мажилис

    Жумангарин приоткрыл завесу: какие налоговые нормы ушли в Мажилис

    2 months ago
    Егіс науқанында жанар-жағармаймен қамту жайы қаралды

    Егіс науқанында жанар-жағармаймен қамту жайы қаралды

    2 years ago
    Жаңа нысандар бой көтеруде

    Жаңа нысандар бой көтеруде

    4 months ago
    Тазалық эстафетасы мәресіне жетті

    Тазалық эстафетасы мәресіне жетті

    11 months ago
    ТАҒЫЛЫМДАМАДАН НЕ ТҮЙДІМ?

    ТАҒЫЛЫМДАМАДАН НЕ ТҮЙДІМ?

    7 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.