-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Іскерлік байланыс – ілгерілеу кепілі

    26.05.2025
    in Барлық жаңалықтар, Экономика
    Алматы облысының әкімі қытайлық инвесторлармен кездесті
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

    Алматы облысы мен Бейжің арасындағы ынтымақтастық артуда. Осыған орай облыс әкімі  Марат Сұлтанғазиев Қытай Халық Республикасына арнайы іссапармен барып, бірқатар маңызды кездесулерге қатысты.

    Облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлағанындай, аймақ басшысы Бейжің қаласына жасаған жұмыс сапары аясында Қытай халық саяси консультативтік кеңесінің Бейжің қалалық комитеті төрағасының орынбасары Ван Хонгпен кездесті. Тараптар екіжақты серіктестікті нығайту және негізгі бағыттардағы өзара іс-қимылды кеңейту мәселелерін талқылады.

    – Қытай – бай тарихи мұрасы мен зор қазіргі заманғы әлеуеті бар ел. Оның орталығы Бейжіңде болу – мен үшін үлкен мәртебе, – деді аймақ басшысы.

    Оның айтуынша, біздің ел Қытаймен серіктестікті стратегиялық басымдық ретінде қарастырады.

    – Қытаймен ынтымақтастық – жай дипломатиялық қадам емес. Бұл – өзара сенімге, прагматизм мен ортақ мүддеге негізделген жол, – деп атап өтті әкім.

    Кездесу барысында Марат Сұлтанғазиев Алматы облысында агроөнеркәсіптік кешен, логистика, шекара маңы саудасы, жаңартылатын энергетика және мәдени байланыстар қарқынды дамып келе жатқанын айтты. Бұл салалар Қытаймен ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.

    Әкім «Бір белдеу – бір жол» бастамасына Алматы облысының белсенді қатысуына ерекше назар аударды. Оның айтуынша, соңғы екі жылда өңір экономикасы айтарлықтай серпіліс жасап, жалпы өңірлік өнім көлемі бойынша республикада 10-орыннан 5-орынға көтерілді.

    Кездесу барысында мәдени байланыстар да ерекше назарда болды.

    – Біздің қарым-қатынас тек экономикамен шектелмейді. Біз мәдени байланысқа үлкен мән береміз. Жуырда Бейжіңде Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған концерт өтті. Бұл – халықтарымыздың рухани үндестігінің жарқын белгісі, – деді Марат Сұлтанғазиев.

    ***

    Бейжің қаласында өткен халықаралық көрмеде Алматы облысының кәсіпорындары қазақстандық өнімдердің кең ассортиментін ұсынды. Шара өңірдің экспорттық әлеуетін ілгерілетуге, сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге және отандық брендтерді Қытай нарығында танымал етуге бағытталды.

    Өңір атынан 12 кәсіпорын қатысып, 150-ден астам өнім түрін – азық-түліктен бастап, биоқоспалар, ұн, құрама жемге дейін ұсынды. Таныстырылған өнімдердің жалпы көлемі 250 келіден астам және 1000-нан аса қаптама бірлігін құрады.

    Көрме қытайлық дистрибьюторлар, сауда желілері және HoReCa секторы өкілдері тарапынан үлкен қызығушылық тудырды. Табиғи әрі сапалы отандық өнімдер келушілердің жоғары бағасына ие болды.

    «Халықаралық көрмелерге қатысу – біз үшін жаңа серіктестер табуға, өнімге деген сұранысты тексеруге және сыртқы нарықтағы орнымызды нығайтуға үлкен мүмкіндік. Қытай нарығы өзінің ауқымы мен экологиялық таза өнімге деген жоғары сұранысымен ерекше маңызды», – деді көрме қатысушысы, «NEO MILK» ЖШС директоры Болат Аманбаев.

    Облыс кәсіпорындарының Бейжің қаласында өткен халықаралық көрмеге қатысуы айтарлықтай нәтижелер берді. Қазақстандық өнімдердің кең ассортименті қытай еліне таныстырылып, тікелей байланыс орнатылды, дистрибьюторлармен, сауда желілері мен HoReCa секторының өкілдерімен келіссөздер жүргізілді, нақты ынтымақтастық ұсыныстарына орын берілді. Көрме табиғи және экологиялық таза өнімдерге жоғары сұраныстың бар екенін көрсетіп, өңірдің сапалы аграрлық және өңдеу өнімдерін жеткізуші ретінде имиджін нығайтты. Сонымен қатар Алматы облысының экспорттық мүмкіндіктерін Қытай нарығында кеңейтті.

    ***

    Қытайға жасаған ресми сапары аясында облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев Қытайдың ең ірі логистикалық компанияларының бірі – YTO Express Co. штаб-пәтеріне барды. Сапар барысында компанияның негізін қалаушы әрі директорлар кеңесінің төрағасы Ю Вэйцзяомен кездесу өтті.

    YTO Express – Қытайдың экспресс жеткізу нарығындағы «үлкен бестікке» кіретін көшбасшы компаниялардың бірі және халықаралық логистикалық желіні белсенді түрде дамытып келеді. Компания әуе, теңіз және құрлық арқылы тасымалдау қызметін көрсетіп, зияткерлік сұрыптау орталықтарын басқарады және логистика саласына арналған IT-шешімдер ұсынады. Бүгінде YTO әлем бойынша 5 100-ден астам филиалға, 133 логистикалық хабқа және 80 000 терминалға иелік етеді.

    Әкім осындай жаһандық операторлармен әріптестіктің стратегиялық маңыздылығын атап өтті. Бүгінде Алматы облысы YTO компаниясының жаһандық логистикалық стратегиясындағы басым бағыттардың бірі болып отыр. Бұл қатарда Дубай, Сидней және Лос-Анджелес сияқты ірі қалалар да бар.

    Тараптар YTO компаниясымен бірлескен инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру және инновациялық логистикалық шешімдерді дамыту мәселелерін талқылады. Сапар өңірге жоғары технологиялық инвестицияларды тарту мен экономикалық серіктестікті нығайту жолындағы маңызды қадам болды.

    ***

    Алматы облысынан барған делегация фотоэлектрлік компоненттерді өндіру бойынша жетекші компаниялардың бірі – Astronergy кәсіпорнына барды.

    Сапардың мақсаты – күн энергетикасы саласындағы озық технологиялармен танысу және жаңартылатын энергия көздері бағытындағы ынтымақтастықты талқылау. Қазақстандық делегация өндіріс үдерісінің жоғары деңгейде автоматтандырылуын, өнім сапасын бақылаудағы инновациялық тәсілдерді және кәсіпорын ауқымын жоғары бағалады.

    Astronergy компаниясы жоғары тиімділікке ие күн панельдерін өндіруге маманданған және «жасыл» технологиялар саласындағы жаңа шешімдерді белсенді түрде енгізіп келеді. Өндірістік желілер бойынша экскурсия барысында Алматы облысының өкілдеріне өндіріс технологиялары, өнімді сынақтан өткізу кезеңдері және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесі туралы жан-жақты ақпарат берілді.

    ***

    Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев Ханчжоу қаласында қытайлық инвесторлармен кездесті. Басқосуға Zhuhai Shixi Technology Co., Ltd, Wanjia Hotel Group Co., Ltd, және AT Partner Company сияқты жоғары технологиялар мен туризм саласындағы бірлескен жобаларға қызығушылық танытқан ірі компаниялардың өкілдері қатысты.

    Келіссөздер барысында Алматы облысының табиғи жауһары саналатын Көлсай аймағында аспалы жолдар салу жобасына ерекше назар аударылды. Кездесу нәтижесінде инфрақұрылымды дамыту және экологиялық туризм салаларындағы ынтымақтастықты көздейтін өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

    Мұнай-газ секторына инвестиция тарту мәселесі бойынша негізгі әріптес ретінде Jinxiang Investment Group компаниясы танылып, оны директорлар кеңесінің төрағасы Хуан Сян Мяо таныстырды. Сондай-ақ кездесуге қазақстандық «Слава Мұнай» ЖШС өкілдері де қатысты.

    Энергетика саласы да маңызды тақырыптардың бірі болды. Жасыл энергетиканы дамыту перспективалары Ronghao Energy (басшысы Эрик Гао) және Zhongtai Group компанияларының қатысуымен талқыланды.

    Кездесу аясында зияткерлік жүйелер, технологиялар және өнеркәсіптік автоматтандыру салаларында ұсыныстармен алмасу өтті. Іс-шараға Jiangsu Slenline Intelligent Systems, Leng Dengke, Gaosong және Helong Explosion компанияларының өкілдері қатысты.

    Алматы облысының агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға ерекше қызығушылық білдірген компаниялардың бірі – Қытайда жаңғақ пен снек өнімдерінің ірі дистрибьюторы болып саналатын Three Squirrels Co., Ltd. компаниясы атынан Пан Даовэй (Pan Daowei) сөз сөйледі.

    Марат Елеусізұлы шетелдік инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасалатынын, жобаларды іске асырудың барлық кезеңінде кешенді қолдау көрсетілетінін атап өтті.

    ***

    Қытайдың Цзинань қаласында Қазақстан мен Қытай кәсіпкерлері арасындағы өзара іс-қимылдың маңызды алаңына айналған ірі бизнес-форум өтті. Шараны салтанатты түрде  облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев ашты.

    – Бүгінгі форум Алматы облысы мен Шаньдун провинциясы арасындағы серіктестікті нығайтып қана қоймай, Қазақстан мен Қытай арасындағы екіжақты экономикалық ынтымақтастықтың жаңа көкжиектерін ашады. Біздің өңір «Бір белдеу – бір жол» бастамасын іске асыруда стратегиялық маңызға ие. Біз шетелдік инвесторларға дамыған инфрақұрылым, қолайлы логистикалық жағдай және жан-жақты мемлекеттік қолдау ұсынамыз. Форум тікелей іскерлік байланыстар орнатуға және бірлескен бастамаларды табысты іске асыруға тиімді алаң болады деп сенемін», – деді Марат Сұлтанғазиев.

    Форум аясында ауыл шаруашылығы техникасы мен құрылыс материалдарынан бастап, электр көліктері, косметика және химиялық өнімдер өндіретін 124 компанияның өкілдері бас қосты. Бұл қатарда жылдық кірісі 1 миллиард юаньнан асатын оннан астам ірі компания бар.

    Облыс әкімінің айтуынша, соңғы екі жылда Алматы облысы жалпы өңірлік өнім көлемі бойынша елімізде 10-орыннан 5-орынға көтерілді. Бүгінде өңірде қытайлық капиталдың қатысуымен бірқатар ірі инфрақұрылымдық және инвестициялық жобалар іске асырылып жатыр. Облыс аумағында Қытай және бірлескен инвесторлардың қатысуымен 143 кәсіпорын жұмыс істейді. Қытай мен өңір арасындағы тауар айналымы тұрақты түрде жылына 1 миллиард АҚШ долларынан асады.

    Цзинань қаласында өткен бизнес-форум Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастықты тереңдетуде, жаңа инвестициялық жобаларды іске асыруда маңызды қадам болды.

    ***

    Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев Қытайдың Шаньдун провинциясының губернаторы Чжоу Найсян мырзамен бауырлас қалалармен ынтымақтастық жөніндегі халықаралық конференция аясында кездесу өткізді.

    Өз сөзінде аймақ басшысы қытайлық тарапқа жылы қарсы алғаны үшін алғыс білдіріп, Шаньдунды Қытайдың жетекші экономикалық әрі мәдени өңірлерінің бірі ретінде атап өтті.

    – Қытай мен Қазақстан арасындағы серіктестікті дамытудағы провинцияның рөлін жоғары бағалаймыз. Біз Шаньдунды тек экономикалық әріптес ретінде емес, орнықты әрі өзара тиімді дамуды ілгерілетудегі сенімді одақтас ретінде қарастырамыз», – деді аймақ басшысы. Ол ынтымақтастықтың негізі сенім, тәжірибе алмасу және ортақ болашаққа ұмтылыс болуға тиіс екенін атап өтті.

    Кездесу соңында Марат Сұлтанғазиев Алматы облысы мен Шаньдун провинциясы арасындағы байланысты нығайтуда бұл кездесудің жаңа кезеңнің бастауы болатынына сенім білдірді.

    Алма ЕСЕНБАЙ

    Ұсынымдар

    Тұлға туған топырақ

    Тұлға туған топырақ

    1 year ago
    Татулық пен тұрақтылық кепілі

    Татулық пен тұрақтылық кепілі

    3 months ago
    Алматы облысында балық аулау маусымында 2 адам көз жұмған

    Алматы облысында балық аулау маусымында 2 адам көз жұмған

    1 year ago
    Олимпиадаға қатысқан спортшыларды құттықтады

    Олимпиадаға қатысқан спортшыларды құттықтады

    10 months ago
    Мемлекет басшысы Алматы облысының әкімін қабылдады

    Мемлекет басшысы Алматы облысының әкімін қабылдады

    1 month ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.