-13 °c
Qonaev
Tuesday, May 13, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Қазақша сөйлейтін орыс жігіті

    01.05.2025
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Қоғам, Мемлекеттік тіл, Өмірдің өзінен
    Қазақша сөйлейтін орыс жігіті
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Ол ең алғаш Ұйғыр аудандық «Қарадала тынысы» газетіне беттеуші болып жұмысқа орналасқанда тек орысша сөйлейтін. Бірақ қазақша үйреніп, таза сөйлеуге ниетті екенін жеткізді. Сол себепті бізден өзімен тек қазақ тілінде сөйлесуімізді өтінді. Бұл 2017 жыл болатын. Сол кезден бастап ұжымдағы қыз-жігіттер Алмазға тек қазақша сөйлейтін болдық. Осылайша ол қазақ тілін меңгеріп, әжептәуір сөйлейтін деңгейге жетті. Тіпті газетте жарияланған қазақша мақалаларды оқып отыратын. Бұл – ұлты орыс Виноградов Алмаз есімді азамат.

    Алмаз 1987 жылы Шонжыда дүниеге келді. Анасы Алланың тәрбиесінде өсті. Алты ағайындының ең кенжесі. Шонжыдағы орыс мектебінде білім алды. Бала кезінен техниканы жаны сүйетін. Балалардың қолында жүретін кішігірім электронды ойыншықтарды сан ақтарып, бұзылған жері болса жөндей салатын. 7-сыныпқа келгенде физика пәнін есі кете оқыды. Ондағы заңдылықтарды өзі тәжірибеден өткізуге құштар болды. Телефонның қалай жұмыс істейтініне қызығып, қолдан телефон да жасады. Сол телефонмен көршінің өзі құралпы баласымен сағаттап сөйлесетін. Тіпті бөлмесінің есігі ашылғанда безілдеп қоя беретін қоңырау да қойып қойды. Ондағысы ешкім мазаламаса деген ойы екен. Қолдан дүрбі де, тыңдайтын аппарат та жасап, оны балалықпен талай кәдеге жаратты. Оның мұндай қызықты дүниелерін достары да қызыға тамашалайтын. Тұтас бір бөлме толған түрлі сымдар мен компьютер бөлшектері болатын. Ақыры осы қызғушылығы оны орталық Азия университетінің автоматтандыру және ақпараттық технологиялар факультетіне алып келеді. Мұнда инженер, жүйе технигі мамандығын меңгеріп шығады. Туған ауылына келіп, «Жастар практикасы» бағдарламасымен біршама уақыт жұмыс істейді. Анасы денсаулығы сыр берген соң туған жеріне кетуді жатса тұрса ойлап, аңсары ауған соң Ресейге қоныс аударады. Бірнеше жыл сол елде тұрады. Анасы дүние салған соң Алмаздың арманы Қазақстанға қайту болады. Әрине, Ресейде туған-туысы, бауырлары бар. Бірақ оның өскен ортасы, достары Қазақстанда еді. Ақыры жары Маликамен қайтадан Шонжыға келеді. Міне, содан бері туған жерінде еңбек етуде.

    Қазір Ұйғыр аудандық «Қарадала тынысы» газетінде беттеуші-бағдарламашы. Өз кәсібінің білгірі. Бос уақытын бұзылған компьютер, ұялы телефондарды жөндеумен өткізеді. Шығармашылық ортада жүргендіктен бе, әлде өзінің құмарлығы ма, өлең оқығанды жаны сүйеді. Кейде қазақ ақындарының өлеңдерін оқып алып, түсінбеген әр сөздің мағынасын сұрап отырады. Бейтаныс сөз естіген сайын «Қазақ тіліндегі сөздігіме тағы бір сөз қосылды» деп мәз болады. «Қазақ тіліне жаттығып алғаным соншалық, үйдегі қыздарым мен келіншегіме қазақша сөйлеп кетеді екенмін. Олар мені түсінбей аңтарылып қалғанда барып, өзімнің қазақша сөйлеп отырғанымды байқаймын. Олар менің бұл әдетіме үйреніп те қалды. Енді қыздарымды да қазақша үйретемін», – деп езу тарта күліп қойды біздің кейіпкеріміз.

    Алмаз күні бойы компьютерден бас алмайды, қашан көрсең де шұқшиып отырады. Ара-тұра компьютер тілінің қазақша сұраныстарға жөнді жауап бермейтінін, тек орысша мен ағылшынша ғана сұраныстарға кең көлемде жауап ала алатынына көңілі түсіп кететіні бар. Сондайда компьютер тілін қазақша түсінетіндей жасасам ғой деген арманын да айтып қалады. Оның судай қазақшасына қарап, қазақ деп ойлайтын кей жандар «Қай рудансың?» десе, «Суанмын ғой, ағасы» деп жауап қатады. Ол сөзіне сенетіндер де көп. Қариялар келіп «Кімнің баласысың, шырағым?» десе, «Алланың баласымын, тегім Жүзімбаев» дейді қалжыңға сүйеп. Кейде біздің әңгіме арасында қайта-қайта кіріктіре беретін орысша сөздерімізді түзетіп отырады. Жай түзетіп қоймай, «Қазақшаны ұмытып қалмасаңыздар болды ғой мына түрлеріңізбен», – деп ескерту жасап та қояды.

    Иә, біз кейде қазақшаны менсінбей, шүлдірлеп тілімізді бұраймыз. Салтымызды сақтамай, санамызды жат дүниемен улаймыз. Байлығымыз да, қазынамыз да тіліміз бен діліміз екенін естен шығарамыз. Ал Алмаз сияқты тілді қадірлеп, қазақ елін ғана емес, сол ұлттың бар құндылығын құрметтейтін өзге этностарды көргенде көзімізді басқан шелді ашқандай боламыз. Өзге тілді білген жақсы, бірақ өз тілімізді құрметтегенге не жетсін?!

    Анар Дүйсенбайқызы

    Ұйғыр ауданы

    Ұсынымдар

    Қазақстанда 30 мың ШОБ жобасына 1,7 трлн теңгеге қолдау көрсетіледі

    Қазақстанда 30 мың ШОБ жобасына 1,7 трлн теңгеге қолдау көрсетіледі

    2 months ago
    Қазақстанда жетім балаларға арналған тәлімгерлер үшін міндетті сертификаттау енгізілді

    Қазақстанда жетім балаларға арналған тәлімгерлер үшін міндетті сертификаттау енгізілді

    1 day ago
    Жетісу университетінде арнайы білім беру мәселелерін зерттейтін орталық ашылды

    Жетісу университетінде арнайы білім беру мәселелерін зерттейтін орталық ашылды

    1 month ago

    Індетті тоқтату міндет

    1 year ago
    Алматыдан Тұздыбастау ауылына қоғамдық көлік қатынай бастады

    Алматыдан Тұздыбастау ауылына қоғамдық көлік қатынай бастады

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>