-13 °c
Qonaev
Sunday, June 1, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Әдебиет

    Көрші ел көкжиегінде

    16.05.2025
    in Әдебиет, Барлық жаңалықтар
    Көрші ел көкжиегінде
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

    Өзбекстан астанасы Ташкенттегі Низами атындағы мемлекеттік педагогикалық университетінде облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бөлім басшысы, ақын, ҚР Мәдениет қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Төлеужан Ғұмаровтың «Алтын бесік» кітабының таныстырылымы өтті.

    Шараға аталмыш жоғары оқу орнының  профессор-оқытушылары, қос ел қаламгерлері, атап айтар болсақ, Лала Жүнісқызы, Наргиза Асадова, Өзбекстан Жазушылар одағындағы қазақ әдебиеті кеңесінің төрағасы Тұрсынәлі Ахметов және студент жастар қатысты. Кездесуді Низами атындағы мемлекеттік педагогикалық университетінің қазақ тілі және әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Өзбекстан Жазушылар одағының мүшесі Ергеш Абдувалитов жүргізді. «Алтын бесік» кітабының ұлттық құндылығы, екі ел арасындағы мәдени қарым-қатынастың рухани маңызы жөнінде Тұрсынәлі Ахметов баяндама жасады.

    Төлеужан Нүсіпжанұлының кітабын Халықаралық «Миртемир» сыйлығының лауреаты  Робия Қамшыбекқызы өзбек тіліне аударған. Сондықтан әдеби кездесуде қазақ-өзбек достығы, Т.Ғұмаров пен Р.Дустанованың шығармашылығы жайлы сөз өрбіді. Қазақ тілі және әдебиеті бөлімінің студенттері қос ақынның өлеңдерін жатқа оқып, жиналған көпшілікті сүйіндірді. Шара соңында студенттер қаламгерлердің өмірі мен шығармашылығы жайлы кеңінен танысып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды және авторлар өз қолтаңбасымен оқырмандарына кітаптарын сыйға берді.

    Биыл облыс әкімдігінің қолдауымен жарық көрген «Алтын бесік»  кітабының  алғашқы тұсаукесері Қонаев қаласында өткен. Бұл кітапта қазақтың салт-дәстүрлері мен тыйым сөздері, ұлттық ойындары мен тұрмыстық заттарының атаулары өлең болып енгізілген. Бастауыш сынып оқушылары мен балабақша тәрбиешілеріне оқу-әдістемелік құралы ретінде пайдалануға болады.

    Ерзат АСЫЛ

    Ташкент қаласы,

    Өзбекстан Республикасы

    Ұсынымдар

    Газет-журнал – құнды құрал

    Газет-журнал – құнды құрал

    4 months ago
    Президент: Біз үшін ең басты мақсат – азаматтардың амандығы

    Президент: Біз үшін ең басты мақсат – азаматтардың амандығы

    1 year ago
    Шеберлік сабағы

    Шеберлік сабағы

    1 month ago
    Жолдардың қысқы күтіміне 127 техника дайындалды

    Жолдардың қысқы күтіміне 127 техника дайындалды

    7 months ago
    Үкімет: Шаруаларға арналған дизель отыны әзірге қымбаттамайды

    Көктемгі егіске дайындық жоғары

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.