-13 °c
Qonaev
Tuesday, May 13, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Әдебиет

    Майдангер жыр кітабы

    06.05.2025
    in Әдебиет, Барлық жаңалықтар, Тарих
    Майдангер жыр кітабы
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

          Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Райымбек ауданындағы Көмірші орта мектебінде айтулы мерекемен орайластыра елге өнеге, ұрпаққа ұлағат болатын шарапатты шара өткізілді. Атап айтқанда, осы ауылдың төл перзенті, Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері, бар ғұмырын жас ұрпақ тәрбиесіне арнаған ұлағатты ұстаз Нұрсадық Нұрқабековтың «Өмірімнің нәрі – өлеңім» атты жыр жинағының тұсауы кесілді.

    Нұрсадық Нұрқабеков оттан ыстық Отанын зұлым жаудың аранынан арашалау үшін он сегіз жасында соғысқа алынып, туған жеріне жеңіспен оралған майдангерлердің бірі. Соғыстан кейінгі бейбіт өмірдің 17 жылын жас ұрпаққа саналы тәрбие, сапалы білім беруге арнаған. Ауданның бірнеше мектебінде директор қызметін абыройлы атқарған ұлағатты ұстаз небәрі 41 жасында өмірден өтіпті. Осы аз болса да саз ғұмырының ішінде шәкірт тәрбиелеумен қатар өлең өлкесіне де атбасын бұрып, майдан жорықтары, туған жері мен елі, өскен ортасы, қоғамның сан түрлі құбылыстары тақырыбында қалам тербеп, артына өшпейтін, өлмейтін мұра қалдырған екен. Сол жөні де, жолы да бөлек мұрасы өзі өмірден өткеннен кейін араға 62 жыл салып барып, кітап болып жарыққа шығып отыр.

    Әкесінің шығармаларын қызы көздің қарашығындай сақтаған екен. Қолжазбаны қайта құрастырып, өңдеп, басуға әзірлеген – белгілі қаламгер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Мұқағали» журналының бас редакторы  Дүйсен Мағлұмов. Осы орайда кітап авторының өмірбаянынан қысқаша мәлімет келтіре кеткеннің артықтығы болмас.

    Нұрсадық Нұрқабеков 1922 жылы қазіргі Райымбек ауданы Көмірші ауылында қарапайым шаруаның отбасында дүниеге келген. 1941 жылы «Соц.Қазақ» мектебінің тоғызыншы сыныбын үздік бітіріп, Түрген педагогикалық училищесіне оқуға түседі. Сол жылы Әкесі Нұрқабек пен оның інісі Қасымжан, өзінің туған ағасы Нұрқасымбай қолдарына қару алып, соғысқа аттанады. Нұрсадық та 1942 жылдың мамыр айында 62-геодезиялық атқыштар отряды № 1279 атқыштар полкінің құрамында майданға кіреді. 1945 жылдың қараша айына дейін Кавказды, Қырымды, Украинаны азат ету ұрыстарына қатысады. Сол шайқастарда көрсеткен ерліктері үшін  медальдармен марапатталады.

    Туған жеріне оралысымен ҚазПИ-ге оқуға түсіп, 1949 жылы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі деген мамандық алып шығады. Ұстаздық қызметі Калинин атындағы бастауыш мектептен басталып, Сарыжаз, Нарынқол, Қызыл шекара, Қақпақ ауылдарындағы мектептерде жемісті жалғасқан. Осынау білім ошақтарының бәрінде де меңгеруші, мектеп директоры болып абыройлы қызмет атқарыпты. 1950 жылдың соңына қарай туған жері Көмірші ауылындағы мектепте басшылық қызметте болды. 1963 жылы небәрі 41 жасында мезгілсіз өмірден өтеді.

    Кітаптың тұсаукесер салтанаты Жеңістің 80 жылдығы құрметіне майдангерлерді бір минут үнсіз тұрып еске алумен басталды. Райымбек аудандық білім бөлімінің басшысы Саят Үмбетәлиев, белгілі сатирик-ақын, кітаптың беташарында ұстазы туралы естелік әңгіме өрбіткен Нұртан Төлепбергенұлы, зейнеткер ұстаздар – Әметқан Әнәпияев, Тұрсынбай Исанбеков, інісі Нұрлан, қызы Нұргүл, келіні Айжан, баласы Бағдат, басқа да қатысушылар сөз сөйлеп, естеліктер айтты. Жаңа кітап ел игілігіне, ұрпақ тәрбиесіне қызмет ете берсін деген ақ ниет, ыстық ықылдастарын арнады.  Мектеп оқушылары майдангер өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқыды. 10-сынып оқушысы, жас талапкер Ерасыл Абылайханның ақын атасына арнап жазған өлеңі жүректерге жылы ұялады. Оқушылар Жеңіс мерекесінің құрметіне «Көгершіндер маршы», ұстаздар «Соғыстан қайтқан солдаттар» әнін хормен шырқап, көптің көңілін баурады.  «Өмірімнің нәрі – өлеңім» атты жыр кітабы мәнімен де, нәрімен де майдангердің екінші өміріне осылайша жол ашты.

    Жұмабек  ТҰРДИЕВ

    Райымбек ауданы

    Ұсынымдар

    Студенттер сақманға келді

    Студенттер сақманға келді

    1 year ago
    Түзету мекемелеріндегі тіршілік: мүмкіндік пен үміт

    Түзету мекемелеріндегі тіршілік: мүмкіндік пен үміт

    1 week ago
    Еңбекшіқазақ ауданында биыл 2 мектеп ашылмақ

    Бағдарлама ел игілігі үшін

    1 year ago
    Алматы облысындағы жолдарды “Сергек” камералары бақылайды

    Алматы облысындағы жолдарды “Сергек” камералары бақылайды

    2 years ago
    Ертіс алқабының 90 пайызы суға толды

    Ертіс алқабының 90 пайызы суға толды

    7 hours ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>