Райымбек ауданы Нарынқол ауылының тұрғындары ауыл аймағын тазарту бойынша «Таза ауыл» акциясын өткізді.
Акцияның мақсаты – қоршаған ортаны таза ұстау, жастарға тәрбие, үлгі көрсету және тұрғындар арасындағы бірлікті нығайту.
Акция барысында аудан ардагерлері кеңесінің төрағасы, облыстың Құрметті азаматы Бирбаев Бекболат «Сіз бен біз болып, халықтың назарын табиғаттың ластану проблемасына аударып, тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру – жалпыға ортақ міндет екенін ұмытпауымыз керек. Бүгінгі шарамыз жай ұран емес, оның басты мақсаты – қоғамда экомәдениетті қалыптастыру», – деп мәлімдеді.
Нарынқол ауылы бойынша 100 адамнан аса қатысушыларды және жастар, еріктілер, қоғам қайраткерлері, ардагерлер қамтыған акция аясында әктеп-тазарту жұмыстары жасалынды.
Сонымен қатар, бүкіл аумақ тұрмыстық қалдықтардан, пластик бөтелкелерден, қағаздардан және басқа да қоқыстардан тазаланып, 2 тоннадан астам қоқыс жиналды.
Мұндай экологиялық шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ.