-13 °c
Qonaev
Monday, June 2, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Оқу жылы табысты аяқталды

    24.05.2025
    in Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым
    Министр: 36 апталық оқу мерзіміне мұқият дайындық қажет

    Фото: Life09.kz

    0
    SHARES
    4
    VIEWS

    Биыл елімізде кезекті оқу жылы 23 мамырда ресми түрде  аяқталды. Осы орайда оқу жылын  табысты қорытындылап отырған облыстың білім беру саласында жүзеге асқан істер мен алдағы жоспарларға тоқталмақпыз.

    Облыстағы  мектеп бітіретін  17917 түлектің 1433-і «Алтын белгі» иегері болса, 1513-і  «Үздік аттестат» иеленіп отыр.   ҚР Оқу-ағарту министрлігі  9-11 сыныптарда қорытынды бітіру емтихандарын 29 мамыр мен 16 маусым аралығында, 11-сыныпты бітіруші түлектерге аттестат табыстау мерзімін 16 маусымнан кейін белгіледі. Облыс көлемінде 240 орынды Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізудің 2 пункті жұмыс істейді. Тестілеуден өтуге 14 123 оқушы тіркелді.

    Білім бәсекесінде тек шын мықтылардың топ жаратыны бесенеден белгілі. Осы орайда дарынды оқушылардың қатары жылдан жылға артып келе жатқаны көңіл қуантады. Мәресіне жеткен оқу жылында облыстың оқушылары 17 халықаралық, 150-ге  жуық республикалық білім бәйгелерінің  жүлдесін иеленді. Атап айтар болсақ, Талғар ауданындағы «Дана» жекеменшік мектебінің оқушысы Жәңгір Илжанов экономикадан халықаралық олимпиада жүлдегері  болып, үш бірдей шет мемлекеттің жетекші  оқу орындарының грант иегері атанды.  Мәскеу облысы Королев қаласында өткен XXV бүкілресейлік «Созвездие-Адам-Жер-Ғарыш» олимпиадасының финалдық конференциясында Іле ауданы мен  Алатау қаласының  оқушылары Аяжан Жайшылық, Амина Шахарова, Рамазан Жұмахан, Хадижа Ушурова, Аяжан Қаражан жеңімпаз болды. Сонымен  бірге «RoboLand 2025» X халықаралық робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар фестивалінде жүлделі орынға ие болған №2 Қарғалы мамандандырылған лицейінің командасын мақтанышпен айтуға болады.  Сондай-ақ халықаралық Ө.Жолдасбеков пен О.Жәутіков атындағы олимпиадаларда және академик Е. Бөкетов атындағы халықаралық ашық олимпиадада А. Малькеев атындағы БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының, «Арыстан» мамандандырылған лицейі мен Алатау қаласы,  Жамбыл, Талғар аудандарының оқушылары топ жарды. Халықаралық ғылыми жоба байқауында Әл-Фараби атындағы мамандандырылған лицей мен Алатау қаласының жас дарындары жүлделі орындарды қанжығасына  байлады. Мұнымен қатар республикалық олимпиадалар мен жарыстарда да өрендеріміз өз білімдерін дәлелдеп, намысты қолдан бермеді. Республика бойынша 25 оқушы 1-орын, 30 оқушы 2-орын,   75 оқушы 3-орын еншілеп облыс абыройын асырды.  Ауыл олимпиадасында облыс командасы қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша  1-орынды жеңіп алып, жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша 2-орынды олжалап, білімділіктерін паш етті.

    Бүгінде жазғы кезеңде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын сапалы ұйымдастыру бағытында тиісті шаралар қабылдануда. Облыс оқушыларының 92 пайызын жазғы демалыспен және сауықтырумен қамту жоспарлануда. 30 лагерьдің жұмысы ұйымдастырылады.

    ҚР Үкіметінің №64 қаулысына сәйкес, облыстық бюджеттен жекелеген санаттағы 2017 оқушы мен тәрбиеленушілердің жазғы демалысы мен сауықтыруын ұйымдастыруға қаражат бөлінді.  Одан бөлек 408 жалпы білім беру мектебі мен 30 қосымша білім беру     ұйымдарының жанынан жазғы алаңдар ашылып, 295 410 бала демалыс күндерін |қызықты өткізетін болады. Сонымен бірге «Қазақстан халқына» қорынан «Тау-Жанашар», «Альтаир» лагерлері және облыстық балалар сауықтыру лагеріне барлығы 1400 жолдама беріледі. Мұнымен қатар 661  оқушыны интеллектуалды дамыту, 128 786 баланы жазғы кезеңде еңбекке баулу, 76 197 жасөспірімді туристік жорыққа шығару, 42 132 баланы шығармашылық бағытқа, 630 баланы халықаралық іс-шараларға тарту жоспарлануда.

    Су айдындарының маңында орналасқан балалар лагерьлерінде төтенше жағдайлар департаменті және аумақтық бөлімшелерімен бірлесіп,  судағы қауіпсіздік ережелері туралы ақпараттық стендтермен және қажетті құтқару құралдарымен жабдықтау жұмыстары жүргізілді.

    Диана ОНБЫРБАЕВА,

    облыстық білім басқармасы

    басшысының орынбасары

    Ұсынымдар

    Құндылыққа негізделген тәрбие

    Құндылыққа негізделген тәрбие

    3 months ago
    Талғар ауданында қару ұстаған тұрғын ұсталды

    Талғар ауданында қару ұстаған тұрғын ұсталды

    2 years ago
    Жыр сүлейіне арналған  мерейтойлық шара туған ауылынан басталды

    Жыр сүлейіне арналған мерейтойлық шара туған ауылынан басталды

    4 months ago
    Су тарифі тұрақталады

    Су тарифі тұрақталады

    2 years ago
    Жолдама тапсырылды

    Жолдама тапсырылды

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.