-13 °c
Qonaev
Sunday, June 1, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Ауыл шаруашылығы

    Өзекті мәселе шешілсе өсім артады

    12.05.2025
    in Ауыл шаруашылығы, Барлық жаңалықтар
    Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді ҚҚС-тан босату ұсынылды

    Фото: baq.kz

    0
    SHARES
    3
    VIEWS

    2025 жылдың 3 айлық қорытындысы бойынша облыстың мал шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 90 млрд теңгені құрап, өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 2,3 пайыз артқан. Бұл туралы баспасөз-мәслихатында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы Олжас Молдатаев айтты.

    Бүгінде облыстағы ірі қара мал саны 664,4 мың басқа, қой саны 2,47 млн басқа жеткен. Өңірде 7500-ден астам мал шаруашылығы саласындағы шаруашылық субъектілері жұмыс істейді. Олжас Молдатаев осындай көрсеткіштерге қарамастан аталған салада бірқатар мәселелердің барын жасырмады.

    –  Қазіргі уақытта облыстың етті мал шаруашылығында бірқатар жүйелі мәселелер бар. Атап айтқанда, бордақылау алаңдары мен етті қайта өңдеу кәсіпорындары толық қуатта жұмыс істеп тұрған жоқ. Бұл саланың әлеуетін толық пайдалануға кедергі келтіруде. Облыста жалпы қуаты 49,9 мың бас малды бордақылауға арналған 56 алаң бар. Қазір бұл алаңдардың жүктелуі 36 пайызды құрап, 18 мың бас мал бордақылануда. Бұл көрсеткіш ет өнімдерін өндіруді арттыру үшін резервтердің бар екенін көрсетеді. Аталған мәселенің басты себептерінің бірі – айналым қаражатының жеткіліксіз болса, екінші жағынан, бордақыланатын ірі қара малды сатып алуға арналған қолжетімді қаржыландыру көздері аз. Көптеген шаруашылықтарда кепіл мүлік тапшылығы мен жоғары коммерциялық несие мөлшерлемелері бордақылау көлемін ұлғайтуға мүмкіндік бермей отыр. Ет өңдеу кәсіпорындары да осындай қиындықтарды бастан өткеруде. Қолданыстағы қайта өңдеу зауыттарының басым бөлігі өніммен тұрақты түрде қамтамасыз етілмеген, нәтижесінде өндірістік қуаттың 30–40 пайызы ғана пайдаланылуда. Сонымен қатар, логистикалық тізбектің толық құрылмауы, мал тасымалдау шығындарының жоғары болуы және мал басының жетіспеушілігі де өнімді тиімді нарыққа шығару мүмкіндігін шектейді, – дейді Олжас Молдатаев .

    Спикердің сөзінше, жоғарыдағы мәселелерді шешу мақсатында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Аграрлық несие корпорациясы арқылы агроөнеркәсіптік жобаларға арналған жылдық 5 пайыз мөлшерлемемен жеңілдетілген несие бағдарламасын іске қосуды жоспарлап отыр. Бағдарлама бордақылауға немесе қайта өңдеуге және ет өңдеу кәсіпорындарын техникалық қайта жарақтандыруға бағытталады. Бағдарлама сәтті іске асқан жағдайда, қаржыландыру есебінен бордақыланатын мал басының саны қосымша 12 000 басқа артып, қайта өңдеу кәсіпорындарының жүктемесі ұлғаяды. Бұл облыс бойынша өндірілетін сиыр мен қой еті көлемін 4500 тоннаға өсуіне мүмкіндік береді.

    Ерзат АСЫЛ

    Ұсынымдар

    Облыс жолдарын салуда жүздеген кемшілік жіберілген

    Облыс жолдарын салуда жүздеген кемшілік жіберілген

    2 years ago
    Терең өңдеу табысқа бастайды

    Терең өңдеу табысқа бастайды

    5 months ago
    Жас мамандарды қолдау

    Жас мамандарды қолдау

    10 months ago
    Ішімдікті заңсыз саудалағандарға айыппұл салынды

    Ішімдікті заңсыз саудалағандарға айыппұл салынды

    12 months ago
    Татулық негізі

    Татулық негізі

    10 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.