Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Шерзат Полаттың өліміне байланысты кезекті сот отырысы өтіп жатыр. Сотталушылар қатарында 9 адам бар. Олар Абзал Шынасыл, Равиль Сакиев, Шыңғыс Белғожаев, Дархан Әскентай, Нұрбол Тоқтаубаев, Азамат Тоқтаубаев, Нұрқияс Ілиясов, Дидар Қалиахмет, Думан Ысқақ. Сотталушылардың бірі кәмелетке толмаған.
Kursiv Media-ның соттан таратқан ақпаратына қарағанда, бүгінгі сот отырысында бірнеше куәгерден жауап алынып жатыр. Бұған дейінгі сот отырысы 28-29 сәуірде өткен. Сот залында куәлерден жауап алынды. Оның ішінде оқиға орнына барған полиция қызметкерлері де бар.
Бұған дейін ішінде 4 адамның бұрын сотты болғаны айтылды. Сондай-ақ олар өздеріне тағылған айыпты мойындамады.
Бұған дейінгі сотта Шерзаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың тергеу кезіндегі бейнежазбасы көрсетілді. Сонымен қатар оқиға орнына алғаш барған полицейлер куәлік берді. Ал оған дейінгі сот отырысында куәгер Эльмира Нұрбекова жауап берді.
Сотта Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов ол кикілжің қалай басталғанын айтқан еді.
Айыпталушылардың көпшілігі кінәні мойындаған жоқ.
Еске салайық, былтыр 4 қазанда Талғар қаласында дүкенде болған жанжал төбелеске ұласып, Шерзат Полат есімді жасөспірім қаза болған.
2024 жылдың 12 қазанында қара жамылған отбасының үйі өртеніп кетті. Алматы облысының Полиция департаменті бөтеннің мүлкін қасақана жою фактісі бойынша іс қозғады.
12 қазан түнде қара жамылған отбасының үйі өртеніп кетті. Алматы облысының Полиция департаменті бөтеннің мүлкін қасақана жою фактісі бойынша іс қозғады.
Ал 9 желтоқсанда Шерзат Полаттың туысы Нұрғанат Ғайыпбаев қайтыс болды. Полиция “марқұм өзіне қол салған” деген алдын ала болжам барын хабарлаған.