-13 °c
Qonaev
Saturday, August 16, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Ауыл шаруашылығы

    Суару кезеңі басталғалы Жамбыл облысының диқандарына былтырғыға қарағанда екі есе көп су берілді

    15.05.2025
    in Ауыл шаруашылығы, Барлық жаңалықтар
    Суару кезеңі басталғалы Жамбыл облысының диқандарына былтырғыға қарағанда екі есе көп су берілді
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

    Биылғы суару маусымы басталғалы жергілікті шаруалар 44 млн текше метр су алды. Бүгінгі таңда өңірдегі 15 мың гектар егіс алқабы суарылды.

    Күннің ыстығына байланысты Жамбыл облысында суару кезеңі 25 күнге ерте басталды. Ал жауын-шашын болмағандықтан, суармалы суға деген сұраныс алдыңғы жылдармен салыстырғанда екі есе артты.

    Қазіргі уақытта Жамбыл облысының «Қазсушар» филиалы тиісті келісімшарттар жасалған шаруаларды суармалы сумен қамтамасыз етіп жатыр. Шаруа қожалықтарымен жасалған келісімдердің шарттары толық орындалып жатыр. Ал диқандар келіп жатқан судың көлеміне дән риза.

    «Шаруашылықпен айналысып жатырмын. Сумен мәселе жоқ. Егінімізді суарып жатырмыз. Пияз ектім, жақсы өсіп келеді. Тамшылатып суару жүйесі тиімді, суды, дәріні үнемдеуге көмектеседі. Енді гектарына 70-80 тонна өнім жинаймыз деп есептеп отырмыз»,
    – деді егінші Ақылбек Бәйтіков.

    «13 гектар арпа ектім. Қазір бір рет суарып қойдық. Су мол келіп жатыр. Тек келісімшартқа отырып, ақшасын төлеу қажет. Қазақта «судың да сұрауы бар» деген сөз бар. Біздің жер ылғалды жақсы ұстайды. Бір мәрте суарсақ, сол бізге жеткілікті. Оның өзінен жақсы өнім аламыз. Жоңышқаны да бір рет суарғаннан кейін, екі рет орып аламыз. Гектарына 150-170 орам шөп аламыз. Бұл өзіміз бағатын малға жетеді»,
    – деді Қызылшарық ауылының тұрғыны, шаруа қожалығының иесі Әбдібек Шымырбаев.

    «Қазір барлық күш Жамбыл облысының шаруаларын суармалы сумен қамтамасыз етуге бағытталған. Ол үшін Киров су қоймасынан су жіберу көлемін ұлғайту бойынша қырғыз әріптестерімізбен келіссөз жүргізілді», – деді Жамбыл облысының «Қазсушар» филиалының директоры Қайрат Аманов.

    Ұсынымдар

    Қазына тұнған  – құт мекен

    Қазына тұнған  – құт мекен

    1 year ago
    Ауыл мен қала мектептеріндегі білім сапасы тең болуы керек – Президент

    Алматы облысының мектептері жаңа оқу жылына дайын ба?

    1 year ago
    марат

    Алматы облысының әкімі тұрғындарды рәміздер күні мерекесімен құттықтады

    2 years ago
    Ақсақалдар ақыл-ой турнирінде

    Ақсақалдар ақыл-ой турнирінде

    1 year ago
    Қазақстандағы студент жастарға мемлекеттік қолдауды арттыру

    Мемлекет ЖОО студенттері үшін стипендияларды ұлғайту бойынша жоспарлы жұмысты жалғастыруда

    7 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>