Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Алматы облысының әкімі тұрғындарды рәміздер күні мерекесімен құттықтады

Алматы облысының әкімі тұрғындарды рәміздер күні мерекесімен құттықтады

21 қаралым
марат

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев тұрғындарды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады. Жазба әкімдіктің Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланды.

«Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Мемлекеттік рәміздер – мемлекеттігімізді айқындайтын, халқымыздың мықты рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер. Pесми нышандарымыз ғасырлар бойы қойнауынан сыр шертер тағылымды тарихымыздың шынайы көрінісі. Өз кезегінде Тәуелсіздік төсбелгісіне айналған рәміздерімізді құрметтеу, мақтан тұту әрбір азамат үшін қасиетті борыш», – делінген облыс басшысының құттықтау сөзінде.

↑