-13 °c
Qonaev
Friday, May 9, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Татулық тірегіміз!

    02.05.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Татулық тірегіміз!
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

          Райымбек ауданының тұрғындары 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесін биыл да зор мереймен қарсы алып, айрықша құрмет көрсетті. Бұл күні Б.Соқпақбаев атындағы саябаққа жиналған қауым бірін-бірі айтулы мерекемен құттықтап, ынтымақ, береке мен бірлік, татулық тілесті.

    Көгілдір көктемнің жазға ұласар шағында әр шаңыраққа шаттық сыйлап, мейірімге толтыратын айтулы мереке биылғы жылы да қалың қауымды өзіндік ерекшелігімен, жайдарман жаңалығымен қуанышқа бөледі. Атап айтқанда, еліміздегі татулық пен бірліктің негізін қалап, мызғымай сақталуын қамтамасыз ету мақсатында құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясына биыл 30 жыл толып отыр. Аталған құрылымның ортақ мақсат жолындағы жетістігі ұшан-теңіз. Оның айқын дәлелін тәуелсіз елімізде ғұмыр кешіп жатқан түрлі этностардың ынтымағы арқылы жасалған ырыс пен берекенің, аста-төк молшылықтың көрінісінен аңғаруға болады.
    Бірлік мерекесіне арналған сал­танатты жиында Райымбек ауданы­ның әкімі Берік Дүйсенбаев көпшілікті орны бөлек, маңызы ерек қуанышпен құттықтады:
    – Қадірлі жерлестер! Сіздерді ынтымақ пен татулықтың нұрына бөленген Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл мерекенің ұлттар достығының негізі берік қаланған біздің еліміз үшін маңызы зор. Бірлік, достық, татулық, жарасымды сыйластық болған кезде тәуелсіз Отанымыз мол байлыққа, халқымыз баға жетпес бақытқа кенеледі. Оның дәлеліне бүгінгі таңдағы мамыражай тірлігіміз арқылы көзіміз жетіп отыр­ғаны анық, – деген Берік Фатықұлы еліміз­дегі жүргізіліп отырған сындарлы саясат, қолға алынып, нәрлі нәтижесін көрсетіп отырған игі істерді әңгімесіне арқау етті.
    Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай мерекелік медаль тағайындалғаны белгілі. Мемлекет басшысының Жарлығымен халықтың ынтымағы мен бірлігінің артуына, ауызбірлігі мен татулығына қосқан үлесі үшін республиканың көптеген азаматтары осынау мерекелік медаль­мен марапатталған болатын. Жоғары марапатқа ие болғандардың қатарында аудандық аналар кеңесінің төрағасы Балжан Омарова да бар. Мереке үстінде аудан әкімі марапат иесіне мерекелік медальді зор құрметпен табыс етті. Сонымен қатар ортақ мақсатқа лайықты үлес қосып жүрген бір топ еңбек ардагері Алғыс хатпен марапатталды. Мәдениет үйінің өнерпаздары жиналған қауымға қазақтың халық әндерімен қатар түрлі этностың әсем әуендері мен билерін тарту етті.
    Бұл күні ауылшаруашылық жәрмең­кесі ұйымдастырылды. Сауда қызметі де кеңінен қанат жайды. Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесі осылайша зор мереймен атап өтілді.

    Жұмабек ТҰРДИЕВ

    Райымбек ауданы

    Ұсынымдар

    Шетелде кім емделе алады?

    Шетелде кім емделе алады?

    9 months ago
    Уығы берік шаңырақ

    Уығы берік шаңырақ

    1 year ago
    Тауық еті – табыс көзі

    Тауық еті – табыс көзі

    3 months ago
    Өлкетануға үлес қосқан

    Өлкетануға үлес қосқан

    3 months ago
    Алматы облысында бірнеше елдімекеннің атауы өзгереді

    Жер тарихы – ел тарихы

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.