-13 °c
Qonaev
Friday, May 9, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    ТҰРАҚТЫЛЫҚ – МЕМЛЕКЕТ ТІРЕГІ

    05.05.2025
    in Барлық жаңалықтар, Идеология, Қоғам, Саясат
    ОРТАҚ ТАРИХ
    0
    SHARES
    6
    VIEWS

    Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толды. Осы уақыт ішінде бұл бірегей институт елімізді мекендеген түрлі этностар арасында бейбітшілік пен келісімді сақтауды, олардың мәдениеті мен дәстүрін дамытуға жағдай жасауды қамтамасыз етіп келеді.

    Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы да өңірді мекендеген этнос өкілдерінің ел игілі үшін бір отбасындай еңбек етіп, татулықта ғұмыр кешуіне сүбелі үлес қосуда. Жуырда ҚХА құрамына облыстан 13 жаңа мүше қабылданды. Астана қаласында өткен Ассамблеяның ХХХIV сессиясына облыстан 50 адам қатысты.

    Облыстық Ассамблея жанындағы құрылымдар маңызды жобаларды жүйелі түрде жүзеге асыруда. 17 облыстық, 13 аудандық, 4 қалалық этномәдени бірлестік жылдық жоспарларына сәйкес түрлі форматта іс-шаралар өткізуде. Олар өздерінің ғана емес, мемлекеттік тіл мен қазақ халқының мәдениетін, салт-дәстүрін де этнос өкілдеріне үйретіп, насихаттауда. Бірінші тоқсанның өзінде «Мемлекеттік тіл – этносаралық қатынас тілі» жобасы аясында жиырма шақты іс-шара өтті. Мақсаты – мемлекеттік тілді үйрену, достық пен ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын түсіндіру. Барлық ауданда өткен Тіл фестивалдеріне этномәдени бірлестіктер бір кісідей атсалысты.

    Облыста ҚХА-ның реестрында тіркелген 2 кәсіби, 17 қоғамдық этномедиатор бар. Этнос өкілдері ең көп шоғырланған Еңбекшіқазақ, Іле, Талғар, Ұйғыр аудандарында этномедиация бойынша ауқымды жұмыс атқарылуда. Шалғай ауылдарда кездесулер, дөңгелек үстелдер, ашық дәрістер өтіп, медиацияның заңы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

    Қай кезде де ілкі буын өкілдері жастарға бағыт-бағдар беріп, жол көрсетіп, татулықты насихаттап, ел тыныштығының сақталуын бәрінен жоғары қойған. Осы орайда облыс, аудан-қалаларда құрылған ақсақалдар кеңесі этнос өкілдерінің өңірдің өсіп-өркендеуі жолында еселі еңбек етіп, жергілікті ұлтпен бірге тату-тәтті ғұмыр кешуіне сүбелі үлес қосып келе жатқанын атап өткен жөн. Сонымен қатар аналар кеңесі де «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» жобасын облыс көлемінде толыққанды жүзеге асыруда. Ұлттық құндылықтарды өскелең ұрпақтың санасына сіңіріп, жастар тәрбиесінің тізгінін ұстап отырған бұл қоғамдық ұйым облыстық білім басқармасы, «Жанұя» отбасын қолдау орталығымен және ата-аналармен бірлесіп көптеген игілікті іс атқаруда. Сондай-ақ аналардың қоғамдағы орнын қалыптастыру бағытында жұмысты жандандыруда.

    «Қайырымдылық керуені: 30 игі іс» акциясы аясында облыстық ҚХА жанындағы «Жомарт жан» орталығы мен Ассамблея құрылымдары қайырымдылық шараларға ұйытқы болып, жас ұрпаққа тілеулестік, жанашырлық, қамқорлық сияқты қасиеттерді дәріптеуде.

    Өңірлік «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігінің белсенді жастары еріктілердің игі істерін насихаттау, студент жастарды мейірімділікке, мұқтаж жандарға көмек қолын созуға, жауапкершілікті сезінуге тәрбиелеу, этнос жастары арасында мемлекеттік тілдің маңыздылығын айқындау және тілге деген құрметін арттыру бағытында елелулі жұмыстар атқаруда.

    Облыстық Ассамблея мен оның құрылымдарының жұмысын қамтамасыз ету мен түрлі жобаларды іске асыруда ішкі саясат басқармасына қарасты Қоғамдық келісім және даму орталығы өңірдегі түрлі этнос өкілдерін бір шаңырақ астына біріктіретін темірқазық іспетті. Аталмыш мекемеге Абай Елбосын басшылық жасауда. Қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті қамтамасыз етуде этномәдени бірлестіктер және азаматтық қоғамның басқа да институттарын белсенділікке тартуды негізгі бағыт етіп ұстанған орталықта басшылық, әкімшілік, жобаларды жоспарлау және талдау, этномәдени бірлестіктер жұмысын үйлестіру, медиативтік келісімді үйлестіру, қоғамдық институттармен жұмыс жүргізу бөлімдері жұмыс істейді. Бұл бөлімдер құрылымдардың жұмысын жүйелеп, түрлі этностардың іс-шараларын өткізуге жағдай жасайды. Этномәдени бірлестіктердің қатарынан спикерлер пулын қалыптастырып, сайттар мен әлеуметтік желілерге тұрақты мониторинг жасап, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Қазіргі уақытта 9 аудандық бөлімі бар мекеме облыстағы 105 этностың басын қосып, бір шаңырақ астында бір-бірінің мәдениетімен танысып, дәстүрін дәріптеп, тіл үйреніп, тату-тәтті өмір сүруіне, түрлі іс-шаралардың ұйымдастырылуына мұрындық болуда.

    Бірлік пен тұрақтылық – мемлекеттің ең басты тірегі десек, Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы – ұйымның ғана емес, бүкіл елдің ортақ жетістігі. Ассамблея сессиясында Мемлекет басшысы халық тығыз қоныстанған Алматы облысында Достық үйін салу қажет екенін айтты. Бұл ғимараттың аймақтың қоғамдық өмірі үшін өте маңызды орталық болатынын тілге тиек етті. Алла жазса, алдағы уақытта Қонаев қаласында тұрғызылатын Достық үйі Ассамблеяның қызу тұрмыс-тіршілігіне қызмет ететін болады. Негізгі ұстанымы бейбітшілік, келісім және бірлік болып отырған ұйымның елімізде татулықты сақтап, тұрақтылықты қамтамасыз ету жолындағы жемісті жұмысы жалғаса беретініне сенімдіміз.

    Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

    Ұсынымдар

    Жазғы лагерьге 50 жолдама берілді

    Жазғы лагерьге 50 жолдама берілді

    1 year ago
    Қонаев сыйға тартқан сағат

    Қонаев сыйға тартқан сағат

    2 years ago
    Ел үмітін ақтаған

    Ел үмітін ақтаған

    1 year ago
    Шаруашылық қадамы ширақ

    Шаруашылық қадамы ширақ

    6 months ago
    Ұмытылмас сол күндер

    Ұмытылмас сол күндер

    4 weeks ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.