-13 °c
Qonaev
Monday, May 19, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Ел тілегі ескерілсе

    19.04.2024
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Жолдың жайы, Инфрақұрылым, Өңір тынысы, Экология, Энергетика
    Ел тілегі ескерілсе
    0
    SHARES
    17
    VIEWS

    Қарасай өңірінде аудан әкімінің тұрғындарға есеп беру жиыны басталды. Оның алғашқысы Қаскелең қаласындағы «Алтын ауыл» шағынауданында орналасқан орта мектепте өтті.

    Аудан әкімі Жасұлан Естенов өткен жылы атқарылған жұмыстарға тоқталып, тұрғындар көтерген мәселелерге назар аударды. Кездесуде ерекше күтімді қажет ететін балалар жайы сөз болды. Ауданда жарымжан жандарға арналған сауықтыру орталығы жетіспейді. Сондықтан алдағы уақытта осындай нысандардың қатарын көбейту – күн тәртібінен түспеуі тиіс.

    Жиында «Алтын ауыл» шағынауданына қатысты жайлар да қалыс қалмады. Атап айтқанда, көпқабатты үйлердің жертөлесіне су кіріп кеткені, қураған ағаштарды кесу, балалар алаңы мен аллеяларды абаттандыру әңгіме өзегіне айналды. Сондай-ақ, көпқабатты үйлердің жеделсатыларын жөндеу жұмыстары кемшін тартып жатқаны, бүгінгі күнге үш үйдің жеделсатысы қалыпқа келтірілген болса, тағы үшеуі кезек күтіп тұрғаны айтылды. Себебі, бұл тұрғын үйлерде мүлік иелерінің бірлестіктері (ОСИ) әлі құрылмаған.
    Аудан әкімі ауланы таза ұстауда тұрғындар бар жауапкершілікті әкімдіктерге жүктеп қоймай, өздері де атсалысуы керек екенін тілге тиек етті. Бұл жастар үшін тәрбиенің көрнекті үлгісі болатыны анық.

    Кездесу барысында жолдардың сапасы да сөз болды. Жасұлан Тоққожаұлы республикалық жолдардың 99 пайызы қалыпқа келтірілген болса, аудандық қолданыстағы жолдар небәрі 40 пайызға жөнделгенін айтты. Алдағы уақытта қаржының бөлінуіне қарай бұл жолдарға асфальт төсеу жұмыстары басталады. Ең алдымен мектептерге, ауруханалар мен өзге де әлеуметтік нысандарға апаратын жолдарға басымдық берілмекші.

    Жиын барысында Бөктер, Жанғозин көшелеріндегі, «Южный» шағынауданы мен «Арнау» тұрғын үй кешеніндегі қордаланып қалған мәселелер көтерілді. Аудан басшысы Қаскелең қаласының әкімі мен жауапты мекемелердің жетекшілеріне аталған жайларға назар аударып, жуық арада жөндеу жұмыстарын жүргізуді талап етті.
    Тұрғындар күн өткен сайын коммуналдық қызмет құнының негізсіз қымбаттап бара жатқанын да ашына айтты. Сол сияқты, балалар санының артуына байланысты шағынауданда мектеп салу өзекті болып келеді.
    Қорытынды сөзінде Жасұлан Естенов тұрғындар көтерген мәселелер ескерусіз қалмайтынын, жиынның хаттамасы бойынша нақты шаралар атқарылатынын жеткізді.

    Қуат Қайранбаев,
    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    Облыстық әмбебап кітапхана жаңа кітап қорымен толықты

    Облыстық әмбебап кітапхана жаңа кітап қорымен толықты

    1 year ago
    Алматы облысында “Ауыл олимпиадасы” басталды

    Алматы облысында “Ауыл олимпиадасы” басталды

    8 months ago
    Білімдегі бетбұрыс

    Білімдегі бетбұрыс

    4 months ago
    ЕЛ ЕРКЕСІН ЕСКЕ АЛДЫ

    ЕЛ ЕРКЕСІН ЕСКЕ АЛДЫ

    3 months ago
    Бюджет Қаржысы

    Бюджет Қаржысы

    7 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.