-13 °c
Qonaev
Tuesday, June 3, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Үміт жәрмеңкесі

    28.05.2025
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар
    Үміт жәрмеңкесі
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

         Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған Жұмысшы мамандықтары жылы аясында бос жұмыс орындары жәрмеңкесін ұйымдастыру ерекше маңызға ие болуда. Бұл жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілер арасындағы өзіндік көпірге айналды. Жуырда осындай жәрмеңкелердің бірі Қарасай ауданының Жібек жолы ауылында  өтті.

    Жәрмеңкені ресми түрде округ әкімінің орынбасары Дәулетжан Деменбаев ашса, Қарасай аудандық қызметтік орталықтың басшысы Дулат Сансызбаев атқарылып отырған шараның маңыздылығына тоқталып өтті.  Ол қазіргі кезде қарапайым жұмысшы мамандықтарына ерекше көңіл бөлініп отырғанын тілге тиек етіп, еңбекке орналасу мәселесінде қиындыққа кездесіп жүргендерге қол ұшын беру  мақсатында осы жәрмеңкенің ұйымдастырылып отырғанын жеткізді. Аталған шараға  20-дан астам кәсіпорын мен ұйым өкілдері қатысса,  жұмыс іздеушілердің қатарында Жамбыл, Елтай және Жібек жолы ауылдық округтерінің тұрғындары басым болды.

    Жәрмеңке пробация қызметінде есепте тұрғандар үшін де өткізілгендіктен, шараға аудандық прокуратура, пробация қызметі және жеке сот орындаушыларының өкілдері де қатысты.

    – Біздің мақсатымыз – пробация қызметінде тіркеуде тұрған адамдарға, жазасын өтеп бостандыққа шыққандарға және алимент төлемей жүргендерге жұмыс табуға көмектесу. Олар жұмысқа орналасып, балаларына алимент төлеп, аналардың бала тәрбиелеудегі ауыртпалығын жеңілдетуі тиіс. Жәрмеңке барысында  түрлі бос жұмыс орындары туралы ақпарат алу – осындай адамдар үшін үлкен көмек, – деді аудан прокуроры Азат Шаймерденов.

    Жәрмеңкеге жүзден астам қарасайлық тұрғын қатысты. Бұл қатарда жоғарыда аталған үш округтен ғана емес, басқа ауылдардан  келгендер де бар. Мысалы, Әлнұр Бейсенқожа жұбайы Әлигүлмен бірге Райымбек ауылынан келіпті. Екеуі де жұмыссыз. Олардың үлкен ұлы мен қызы өз мамандықтары бойынша қызмет істеуде. Алайда, өздері  зейнет жасына дейін әлі біраз уақыт бар болғандықтан, тұрақты жұмысқа орналасқысы келеді.

    Көпбалалы ана Құндыз Үкиева – Үмтыл ауылдық округіне қарасты Жалпақсай ауылының тұрғыны. Оның төрт баласы бар. Жұбайы Берікжанның шоттары түрлі себеппен бұғатталғандықтан, ол тек уақытша жұмыс істей алады. Сондықтан Құндыз қысқартылған кестемен  атқаратын жұмыс іздеуде. Ал Гүлнара Қырықбаева жәрмеңкеге Іле ауданының Екпінді ауылынан арнайы келген. Ол да төрт баланың анасы, жарты күндік жұмыс іздейді.

    Жәрмеңкеге келушілер қатары көп болды. Адамдар жұмыс берушілер отырған үстелдерге келіп, кәсіпорындардың бағыты мен бос орындары туралы ақпарат алды. Оған «KZ Recycling», «Almaty Tannery», «Kelun-Kazpharm», «CK-Med», «Nanotech Paints», «Маолин», «Қазпошта», «Якар», «КДЛ Олимп» сияқты компания  өкілдері мен бірқатар оқу орындары қатысты.

    «KZ Recycling» ЖШС кадр бөлімінің аға маманы Жанар Қадырғалиеваның айтуынша, кәсіпорын картон, гофроқаптама және қағаз өндірумен айналысады. Ол Райымбек ауылдық округіне қарасты Абай ауылында орналасқан. Мұнда қызметкерлерге тегін түскі ас, арнайы киім және көлік қарастырылған. Жұмыс уақыты,  таңғы 8-ден кешкі 5-ке дейін, бес күндік жұмыс аптасы, ал кейбірі – ауысыммен, бір күн жұмыс істеп, екі күн демала алады. Қазіргі уақытта кәсіпорында 15 бос жұмыс орны бар. Мұнда технолог, инженер, слесарь, жүргізуші, дизайнер, тазалаушы, оператор, ораушы және басқа да қызметкерлер қажет көрінеді.

    «Якар» ЖШС әртүрлі тәттілер – карамель және шоколад өнімдерін шығарады. Кадр бөлімінің бастығы Күлпан Елемесова бұл кәсіпорында технолог, лаборант, жұмысшылар қажет екенін жеткізді. Жұмыс уақыты – 5 күн, 8:00-ден 17:00-ге дейін. Қызметкерлерге тегін түскі ас және көлік қарастырылған. Олар  тек Қарасай ауданында емес, Жамбыл ауданының Қарғалы ауылына дейін қатынайды.

    Медициналық бұйымдар өндіретін Clever Medical компаниясына түрлі профильдегі менеджер, есепші, логист, қойма меңгерушісі және басқа да мамандар қажет. Ал Алмалыбақ ауылында орналасқан Nanotech Paints компаниясы Grand Victory сауда маркасымен бояу өнімдерін шығарады. Мұнда жүк тасушы, бояушы, сату менеджері және қарапайым жұмысшылар қажет.

    Жәрмеңке барысында жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілер арасында тығыз байланыс орнатылды. Көпшілігіне өзіне лайық жұмыс табуға үміт пайда болды. Сол себептен мұндай жәрмеңкелерді кейде үміт жәрмеңкесі деп те атайды.

    Қуат Қайранбаев

    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    Ұяля байланыс бағаны астыртын қымбаттатқан – Агенттік

    Ұяля байланыс бағаны астыртын қымбаттатқан – Агенттік

    1 year ago
    Ерекше жандар ескерусіз қалмады

    Ерекше жандар ескерусіз қалмады

    8 months ago
    Жандарбек Мәлібеков: Алматы облысы жаңа өркениеттің алдында тұр

    Жандарбек Мәлібеков: Алматы облысы жаңа өркениеттің алдында тұр

    2 years ago
    Ұстаз аты мәңгілік

    Ұстаз аты мәңгілік

    2 years ago
    Тәуелсіздікке тарту

    Тәуелсіздікке тарту

    6 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>