-13 °c
Qonaev
Tuesday, June 3, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ұшуды армандайтындар үшін…

    21.05.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Ұшуды армандайтындар үшін…
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

        17 тамызда «Байсерке» аэродромында «Байсерке аспаны – 2025» авиашоуы өткізілмекші. Айтулы шараға дайындық барысы Алматы қаласында өткен баспасөз мәслихатында баяндалды.

    Брифингте сөз алған ҚР шағын авиация қауымдастығының президенті Өмірбек Кеңесбаев авиашоудың сала үшін маңыздылығын атап өтті. Ол бұл шараның шағын авиацияны, техникалық мамандықтарды және кәсіби әріптестікті насихаттау алаңы ретіндегі рөліне тоқталды.

    Келесі кезекте сөз сөйлеген Visit Alatau Туристік ақпараттық орталығы директорының орынбасары Қайрат Садық шара Алматы облысының әкімдігі, облыстық туризм басқармасы және Visit Alatau тарапынан қолдау тауып отырғанын жеткізді. Бұл ішкі туризмді дамытуға және жастарды патриоттық рухта тәрбиелеуге ықпал ететінін, қолдау шаралары қатарында Алматы-Өскемен күре жолынан  аэродромға дейінгі кіреберіс жолды салу, өртке қарсы және медициналық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, патрульдеу мен турникеттерді ұйымдастыру, шаттлдардың жұмысы мен автотұрақ аумағын жабдықтау бар екенін айтты.

    «Азаматтық авиация академиясы» АҚ Авиациялық колледжінің директоры Әлжаппар Сәретбаев болса, биыл Академияның 30 жылдығы атап өтілетінін баяндады. Ол студенттердің осындай шараларға қатысуының маңыздылығын атап өтіп, авиашоу жастардың авиация саласындағы мамандықтармен жақынырақ танысуына мүмкіндік беретінін алға тартты.

    «Тянь-Шань ұшу орталығы» авиациялық компаниясының бас директоры Владимир Анцупов авиашоудың ерекшелігін баяндап, биылғы бағдарламаның мазмұны терең, көрінісі әсерлі және шабыттандырарлық болатынына сенім білдірді.

    «ОТАН» аэроклубы мекемесінің басшысы Юрий Ельцов ұшу бағдарламасы дайындық кесте бойынша жүріп жатқанын мәлімдеді. Қатысушылар құрамы мен соңғы ұшу жоспары кейінірек жарияланатынын жеткізді.

    Спикерлердің сөзінше, «Байсерке аспаны – 2025» авиашоуы бүкіл отбасы үшін нағыз мерекеге айналмақ. Бір күн бойы Байсерке аспанында әсерлі әуе көрсетілімдеріне орын беріліп, парашютпен секіру, ашық аспан астындағы авиациялық техника музейі, балаларға арналған ойын алаңдары мен шеберлік сабақтары, концерттік бағдарлама ұсынылады. Әуе шары ұшырылады.

    Шараны ұйымдастырушылардың басты мақсаты – әр қонаққа ерекше шабыт сыйлап, аспан әлеміне деген сүйіспеншілікті арттыру, жастардың ұшқыш болуға деген құштарлығын ояту.

    Ұйымдастырушылар авиашоуды тамашалау 14 жасқа дейінгі балалар мен зейнеткерлер үшін тегін (алдын ала тіркелу арқылы) екенін де еске салды. Ал 24 жасқа дейінгі жастар үшін билет бағасы 500 теңгені құрайды. Келушілер үшін «Стандарт», сондай-ақ қосымша жайлылықтармен «Комфорт» және «Бизнес» санаттары қолжетімді.

    Брифинг барысында БАҚ өкілдеріне авиашоу логотипі бар арнайы брендтік футболкалар мен серіктестерден сыйлықтар берілді.

    Қуат Қайранбаев

    Алматы қаласы

    Ұсынымдар

    АЭС мәселесіне мамандар пікіріне жүгінген жөн

    АЭС мәселесіне мамандар пікіріне жүгінген жөн

    8 months ago
    Бердібек биігі

    Бердібек биігі

    1 year ago
    Күш құрылымдары қызметкерлері арасында марафон өтті

    Күш құрылымдары қызметкерлері арасында марафон өтті

    2 years ago
    Терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді

    Терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді

    3 months ago
    2024 жылғы шомылу маусымы: Құтқару қызметі қалай жұмыс істеді?

    2024 жылғы шомылу маусымы: Құтқару қызметі қалай жұмыс істеді?

    8 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.