⛅
-21°C
Қонаев
Сенбі, Қаңтар 17, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    ЗАМАНАУИ БІЛІМ АЛАҢЫ

    14.05.2025
    in Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым
    ЗАМАНАУИ БІЛІМ АЛАҢЫ
    0
    SHARES
    12
    VIEWS

    Білімді ұрпақ тәрбиелеу мамандардың біліктілігі мен тәжірибесіне тікелей байланысты. Сондықтан ұстаздардың үнемі тәжірибе алмасып, біліктілігін арттырып отыруы маңызды. Осы мақсатпен Еңбекшіқазақ ауданының Есік қаласында орналасқан Райымбек батыр атындағы орта мектепте республикалық деңгейдегі үлкен іс-шара өтті.

    Күн санап қарқын алып келе жатқан заманауи технологияларды білім саласында кеңінен қолдана отырып, оқыту үдерісін жақсарту, оқу бағдарламасына инновациялық әдістерді енгізу және EdTech саласындағы жаңа мүмкіндіктер жайы «EdTech – жаңа мүмкіндіктер мен инновациялық шешімдер» атты республикалық коллаборациялық интерактивті-тәжірибелік алаңда кеңінен талқыланды.

    Еліміздің педагогикалық жоғары оқу орындарының профессорлары, Ақмола, Түркістан, Жетісу, Алматы облыстары, Астана, Алматы қалаларынан білім беру мекемелерінің басшылары мен педагогтары, өңіріміздің білім саласына жауапты мамандары қатысқан іс-шара Райымбек батыр ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталды.

    Жоңғар шапқыншылығы мен елін-жерін қорғап қалған қазақ батырларының ерлігін көрсеткен театрландырылған қойылымнан кейін іс-шара қатысушылары Райымбек батыр атындағы орта мектеп оқушыларының ғылыми жобалары мен жұмыстарын тамашалады. Көрмеде қалдықсыз өндіріс, жасыл энергетика, экотехнологияға қатысты ғылыми жобалармен бірге оқушылардың оқу сауаттылығын шыңдайтын жобалар да бар. Мысалы, «Кел, кітап оқиық» жобасы аясында оқушылар қазақ және әлем әдебиеттерін оқып, аудио кітаптарды УouТube желісіне жүктеген. Сонымен қатар қазақ ертегілерін ағылшын тіліне аударып, комикс кітаптар, құрастырмақ пазлдар шығарған. Оқушылар кейіпкерлерін өздері дыбыстап, Райымбек батыр туралы қазақ тарихынан сыр шертер анимациялық мультфильм дайындаған. Оны да ғаламтор кеңістігіне жариялап, көрерменге ұсыныпты. Білім, ғылымнан бөлек, еңбекке баулу мен тәрбие де тыс қалмақ емес. Он саусағынан өнер тамған балалардың  жұмыстары қолөнер шеберлерінің туындысынан еш кем түспейді. Ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, салт-дәстүрден хабар берер бұйымдар көптің көңілінен шықты.

    Жобалар алаңындағы жұмыстармен танысқан соң Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің басшысы Арайлым Төлеубекова пленарлық отырысты ашып, шараның мән-маңызына тоқталып өтті. Сондай-ақ «Ұлттық құндылықтар академиясы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, ғалым Әділхан Дүйсебек, «Отбасы хрестоматиясы» қоғамдық қорының мүшесі, қаламгер Сейілбек Мырзабай, Түркістан облыстық білім басқармасына қарасты Кентау қалалық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Айгүл Мақұлбекова және іс-шараны ұйымдастырып отырған Райымбек батыр атындағы орта мектеп директоры Салтанат Тұрықбаева өз ойларын ортаға салды.

    Ал секциялық отырыстар «EdTech стартаптары мен инновациялар», «Инклюзивті және қолжетімді білім», «Smart start: білімнен кәсіпке дейін», «Біртұтас тәрбие және модернизация» тақырыптарында жалғасып, 40-қа жуық баяндама жасалды. Олардың ішінде «Логопедиядағы цифрлық технологиялар мен мобильді қосымшалар», «Қазақстан Республикасындағы инклюзивті білім беру саясатына қатысты нормативтік-құқықтық құжаттар мен халықаралық стандарттарға шолу», «Аутистік спектрінде бұзылыстары бар балалармен жұмыста педагог-ассистенттің кәсіби функциялары мен қолдау стратегиялары» сынды бүгінгі қоғамдағы маңызды мәселелер талқыланды.

    Таңнан кешке дейін жалғасқан іс-шарадан республиканың әр түпкірінен келген педагогтар мол тәжірибе алып тарқасты.

    Құралай МҰРАТҚЫЗЫ

    Еңбекшіқазақ ауданы

    Ұсынымдар

    Қарадалада дүбірлі той

    Қарадалада дүбірлі той

    2 months ago
    eGov mobile қосымшасында жаңа қызмет пайда болды

    eGov mobile қосымшасында жаңа қызмет пайда болды

    2 years ago
    Бауыржан Әукен: Үрейдің негізгі себебі – Қытаймен көрші болуымыз

    Қазақстан мен Қытай арасында визасыз режим орнады

    2 years ago
    Халық шешімі маңызды

    Халық шешімі маңызды

    1 year ago
    Жас жүрекке жол тапқан

    Жас жүрекке жол тапқан

    5 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>