-13 °c
Qonaev
Monday, May 19, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    eGov mobile қосымшасында жаңа қызмет пайда болды

    29.09.2023
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым, Жоғары технология, Құқық-заң, Мемлекеттік қызмет, Үкімет
    eGov mobile қосымшасында жаңа қызмет пайда болды

    Фото: gov.kz

    0
    SHARES
    16
    VIEWS

    Енді жүргізуші куәлігін алғаш рет алатын азаматтар «Мобильді ХҚКО» қосымшасы арқылы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына емтихан тапсыруға өтініш беріп, кезекті алдын ала брондай алатын болады. Бұл жанашылдық уақыт үнемдеуге әрі Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында (МХҚКО) қызмет алушылардың санын азайтуға септігін тигізеді.
    Ол үшін қолданушыға «Мобильді ХҚКО» қосымшасында «Бейне қызметті» таңдау керек. Бұл сервис азаматты алғашқы ақпарат алу үшін МҚКО операторымен байланыстырады. Одан кейін клиентке мемлекеттік бажды төлеуге немесе алдын ала төленген түбіртекті ұсынуға мүмкіндік беріледі. Төлем жасалғаннан кейін қосымшада №073/у формадағы медициналық анықтаманың, автомектепті аяқтағаны туралы куәліктің, қызмет алушы суретінің сканерленген нұсқалары және талапқа сәйкес қойылған қолтаңба сұралады. Оператормен сөйлесу барысында аталған барлық құжатты диалог терезесінде тіркеу қажет. Айта кететін жайт, азамат өтінішті сәтті тапсырғаннан кейін, МХҚКО-ға алдын ала кезекті брондау үшін емтихан тапсыратын күн мен уақытын таңдау ұсынылады.
    «Бұрын емтихан тапсыратын азаматтар өтініш беру және төлем жасау үшін МХҚКО-ға баруға мәжбүр болатын. Енді бұл қызметті үйден шықпай, онлайн алуға болады. Яғни, бейнеқоңырау арқылы өтініш беріп және кезекті алдын-ала брондайды. Одан кейін клиент МХҚКО-ға бекітілген уақытта келіп, емтиханын тапсырып кете береді. Болашақта өтініш беру фнкциясын электронды порталға және екінші деңгейлі банктердің ақпараттық жүйелеріне енгізу жоспарда бар», – деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ Басқарма Төрағасы Сүйеніш Әбділдин.

    Айта кетейік, аталған қызметті eGov mobile қосымшасында да алуға болады. Ол үшін басты беттегі «БейнеХҚКО» батырмасын таңдау қажет.

    Ұсынымдар

    Ауыл мен қала мектептеріндегі білім сапасы тең болуы керек – Президент

    Алматы облысында оқу жылы қалай корытындыланды?

    12 months ago
    Алматы облысында «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы өтіп жатыр

    Алматы облысында «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы өтіп жатыр

    1 year ago
    Қамшы өру техникасы – сабақта

    Қамшы өру техникасы – сабақта

    1 month ago
    Жұмыр жерге сыймай кеткен Жұмағам!

    Жұмыр жерге сыймай кеткен Жұмағам!

    6 months ago
    Ел мерейі тасыған күн

    Ел мерейі тасыған күн

    7 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>