-13 °c
Qonaev
Sunday, June 1, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жас талант – жарқын болашақ

    12.05.2025
    in Барлық жаңалықтар, Мәдениет
    Жас талант – жарқын болашақ
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

            Талғар аудандық Мәдениет үйінде үш бірдей мереке – Жұмысшы мамандықтары жылы, Ұлы Жеңістің 80 жылдығы және әйгілі күйші-композитор, Қазақстанның Халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған «Өнер мектебі» қосымша білім беру мекемесі оқушыларының «Жас талант – жарқын болашақ» атты жылдық есеп беру концерті болып өтті.

    Ауқымды шара жұмысшы мамандықтары жылына байланысты, фойедегі аталмыш мектептің киімді көркемдеп, үлгілеп тігу бөлімі тігіншілер сыныбы оқушыларының жұмыстарын таныстырудан басталды. Заманауи тігін машинасында жұмыс істеуге жақсы дағдыланған жас тігіншілер өздерінің ұқыпты іс-қимылдарымен  шараға келген ата-аналар мен арнайы шақырылған қонақтарды әбден сүйсіндірді. Жиналған жұрт одан әрі  мольберттерде қатар тұрып, сурет салып жарысқан жас суретшілердің өнерін тамашалап, ол тақырып аясы кең сурет көрмесіне ұласты. Осының бәрі құлаққа өте жағымды естіліп, айналаны сазды әуенге бөлеген жас скрипкашылардың орындауындағы сиқырлы музыканың сүйемелдеуімен өтті.

    Шараның негізгі бөлімінде Өнер мектебінің оқушылары өз оқытушыларымен бірге еліміздің жан-жақты дамуы үшін жұмысшы мамандықтарын меңгерудің маңыздылығы, адал еңбек адамды әрқашан абырой мен бақытқа бөлейтіндігі, сондай-ақ ата-әжелеріміздің Ұлы Жеңіске соғыс және еңбек майданында қосқан өлшеусіз үлесі жайында сахналық қойылымдар көрсетті. Сұрапыл жылдардағы сұмдық оқиғалар шынайы сәулеленген бұл көріністер жиналған жұртты ерекше әсерге бөледі. Оқушылар дәулескер күйші, орындаушылық шеберлігі өте ерекше, «Ата толғауы», «Аққу», «Әлқисса» сияқты керемет күйлер шығарған, ондаған ұлттық кинофильдерге музыка жазған әйгілі композитор Нұрғиса Тілендиев жайында әңгімелеп, шығармаларын орындады.

    Шара соңы дарынды оқушылардан құралған хор, «Ұлар» оқушылар оркестрі, «Әгугай» дәстүрлі әншілер ансамблі, «Желмая» қобызшылар ансамблі, баяншылар квинтеті, домбырашылар квартеті, пианистер ансамблі,  әнші-бишілер тобы және мектеп ұстаздарынан құралған ұлттық аспаптар ансамблінің үлкен концертіне ұласты.

    – «Өнер мектебі» қосымша білім беру мекемесінің негізгі міндеті –   балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді пайдаланып, жан-жақты  дамуына ықпал ету. Сондай-ақ құқық бұзушылықтың алдын алып, оларды саналы өмірге баулу, еліміздің өнері мен мәдениетін дамытатын азаматтар  болып қалыптасуы үшін кәсіптік бағдар беру. Қазіргідей жыл өткен сайын техника мен технология, жасанды интеллект дамып, сарапшы-ғалымдар келешекте бірқатар мамандықтарға деген сұраныс азаятынын айтып жатқан заманда бұл өте маңызды деп санаймыз, – дейді мектеп директоры  Гүлбағила  Асқарбекова.

    Шынында да жас талант, мейлі ол жұмысшы, инженер, дәрігер немесе өнерпаз болсын, өмірдегі өз орнын тауып, ертең қоғамда сұранысқа ие болуы үшін оған дұрыс бағыт көрсетіліп, қажетті білім, өнегелі тәлім-тәрбие берілуі керек. Сонда ғана ол өз кетігінің қажетті кірпіші болып қаланады, сонда ғана оның келешегі жарқын болады.

    Құтмағамбет ҚОНЫСБАЙ

    Ұсынымдар

    АҚСАҚАЛДАР – БІРЛІКТІҢ ҰЙЫТҚЫСЫ

    Түйткілді мәселелер сараланды

    5 months ago
    Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев журналистерді құттықтады

    Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев журналистерді құттықтады

    2 years ago
    Сычуань-Алматы университеттер альянсы жұмыс істей бастады

    Сычуань-Алматы университеттер альянсы жұмыс істей бастады

    7 months ago
    Мемлекеттік сатып алуға қатысты шағым көп

    Мемлекеттік сатып алуға қатысты шағым көп

    10 months ago
    «Алтын орда» базарына тексеріс жүргізілді

    «Алтын орда» базарына тексеріс жүргізілді

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.