Алматы облысы әкімінің орынбасары Нұржан Құдайбергеновпен өңірдегі көлік жолдарының жай-күйі туралы шағын сұхбатымызды назарларыңызға ұсынамыз.
– Нұржан Кеңесұлы, облыстағы автомобиль жолдарының ахуалы қалай? Былтыр қанша шақырым жол жөнделді?
-2024 жылғы автомобиль жолдары бойынша 5,4 шақырым жол салынды, 143,2 шақырым жолға орташа жөндеу, 6,9 шақырым жолға маршруттық тәсілмен жөндеу, 2,4 шақырым жолға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Шамадан тыс жүк тасымалдаушы көліктердің автомобиль жолдарына зиян келтірмеу мақсатында жергілікті автомобиль жолдарына 2 автоматтандырылған өлшеу станциялары (АӨС) орнатылды.
– Жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде қандай шаралар атқарылып жатыр?
– Биылғы жылға «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша 12 мектептің кіреберіс жолдары жасалды.
Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, 90 000 шаршы метр ағымдағы жөндеу жұмыстары, 29 дана стробоскоп, 9 дана бағдаршам, 10 дана жол панносы, 300 дана катафот (кошачий глаз), 31 дана бала макеті, 1200 шақырым жолақ сызықтары және 5 316 шаршы метр жаяу жүргіншілер өткеліне таңба сызу жұмыстары жүргізіліп, 946 жол белгілері, 9522,9 м2 жасанды жол кедерігілері мен 4 шақырым металл тосқауыл қоршаулары орнатылды.
Аудандық және қалалық көше-жол желілері бойынша 426,4 шақырым автомобиль жолдарын маршруттық тәсілмен, ағымдағы жөндеу және орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Былтыр 1 қаңтардағы жағдай бойынша автомобиль жолдарының 91 пайызы жақсы және қанағаттанарлық жағдайда деп танылды, жыл соңына дейін жақсы және қанағаттанарлық жағдай 94 пайызға жетті, жоспар бойынша жұмыстар толығымен орындалды.
– Биыл облыста жол салуға қатысты қандай жоспар бар?
– 2025 жылға облыстық маңызы бар 126,2 шақырым автомобиль жолын орташа жөндеу, 26 шақырым автомобиль жолын күрделі жөндеу, 5 көпірді күрделі жөндеу және автомобиль жолын салу жоспарланған.
Сонымен қатар, 3 автоматтандырылған өлшеу станциясын орнату жұмыстары жоспарлануда. Қонаев қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары бойынша жобалық-сметалық құжаттама, апаттық жағдайдағы 3 көпірді күрделі жөндеу және қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.
– Сұхбатыңызға рахмет!
Өз тілшіміз