-13 °c
Qonaev
Friday, May 23, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Алматы облысында әлеуметтік топтарға салық жеңілдіктері ұсынылды

    11.11.2024
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Құқық-заң
    Алматы облысында әлеуметтік топтарға салық жеңілдіктері ұсынылды
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

    Алматы облысында әлеумет

    Алматы облысының тұрғындары мен кәсіпкерлері үшін көлік және мүлік салығын төлеу маңызды міндет болып қала береді. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер департаменті басқармасының басшысы Олжас Отар баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

    Оның айтуынша, облыс бойынша 35 мыңға жуық азамат 2,8 млн теңге көлік салығына қарыз. Ал 38 мыңнан аса адам мүлік салығы бойынша 34,1 миллион теңге берешек. Қарыз көлемі бойынша Қарасай, Талғар және Іле аудандары көш бастап тұр.

    “Салықты уақытында төлемеу азаматтарға ескерту жасауға алып келеді. Егер қарыз өтелмесе, іс сот орындаушыларына жіберіліп, борышкердің есепшоттары бұғатталуы мүмкін. Бұл қаржылық қиындықтар мен шектеулерге алып келетіні анық,” – деп түсіндірді Олжас Отар.

    Сонымен қатар, мүлік және көлік салығы бойынша айтарлықтай жеңілдіктер қарастырылған. Атап айтсақ, мүлік салығынан босатылған азаматтардың саны 29 211 адамды құрап, 15,3 миллион теңге жеңілдік жасалды.
    20 306 жеке тұлға көлік құралдарына қатысты 205,4 миллион теңгеге, ал 11 мыңға жуық жеке шаруа қожалығы 101,2 миллион теңгеге жеңілдіктер алған. Жеңілдіктердің көпшілігі зейнеткерлерге, мүгедектерге, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, көпбалалы аналарға және басқа да әлеуметтік санаттағы азаматтарға арналған.

    Бұдан бөлек, облыс бойынша 361мыңнан аса азамат декларация тапсыруға міндеттелген. Оның ішінде 250.00 және 270.00 нысанындағы декларацияларды 308 101 азамат тапсырды, бұл жалпы қажеттіліктің 85,3%-ын құрайды. Атап айтқанда, 250.00 нысанын 156 831, ал 270.00 нысанын 151 270 мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор қызметкер өткізді.

    “Декларацияларды уақытында тапсыру – заң талаптарын орындау ғана емес, азаматтардың қоғам алдындағы жауапкершілігін көрсететін маңызды қадам. Бұл біздің қаржылық мәдениетімізді көрсетіп, экономикалық тұрақтылыққа үлес қосады,” – деп қосты Олжас Отар.

    Салық департаменті декларацияларды уақытында тапсыру мен салықтарды төлеудің маңыздылығын түсіндіру бойынша үнемі ақпараттық жұмыстар жүргізіп келеді.

    Ұсынымдар

    Әдеп – мінсіз қызмет кепілі

    Әдеп – мінсіз қызмет кепілі

    1 year ago
    Ассамблея – достықтың мекені

    Ассамблея – достықтың мекені

    1 year ago
    Шелек пе, Шілік пе?

    Шелек пе, Шілік пе?

    1 year ago
    Мәртебе берілді, мәселе қалды

    Мәртебе берілді, мәселе қалды

    1 year ago
    Еңбекшіқазақ ауданында заңсыз кірпіш зауыттары сүріле бастады

    Еңбекшіқазақ ауданында заңсыз кірпіш зауыттары сүріле бастады

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.