-13 °c
Qonaev
Tuesday, June 3, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Әдебиет

    Жазушы мұражайы қайта жаңғырды

    28.05.2025
    in Әдебиет, Барлық жаңалықтар, Мәдениет
    Жазушы мұражайы қайта жаңғырды
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

         Райымбек ауданының орталығы Нарынқолдағы Бердібек Соқпақбаев атындағы орта мектеп-гимназиясында жан жадыратар жаңалықтың куәсі болдық. Аталған білім шаңырағын осыдан жиырма  жыл бұрын бітірген өздерінің алтын ұясындағы балалар әдебиетінің классигі, Бердібек Соқпақбаев мұражайын заманауи үлгіде қайта жаңғыртты.

          «Мектебім, саған мың алғыс» атты салтанатты кеште орта мектеп-гимназияның директоры Гүлмира Төлегенова білім шаңырағында 2024-2025 оқу жылында жүзеге асырылған игі істер мен жаңашыл бастамалардың жетістігі жайлы баяндама жасады. Биыл мектеп бітіргелі отырған 38 оқушының 10-ы «Алтын белгіден» үміткер болса, 3 оқушы «Ерекше аттестатқа» лайық деп танылуда. Сонымен қатар оқушылардың түрлі дәрежедегі пәндік олимпиадаларға, тәлімдік-тағылымдық шараларға белсене қатысып, үнемі жүлделі орын алып жүргенін тілге тиек етті. Шәкірттердің үлгерім сапасының жоғары нәтижеден көрінуі – ұстаздар еңбегі екені анық.

    Баяндамадан кейін сөз алған Райымбек ауданы әкімінің орынбасары Жанарбек Жақсылық түлектерге ыстық ықыласқа толы лебізін арнады. Алдағы уақытта өтетін Ұлттық бірыңғай тестілуде үздік нәтиже көрсетіп, білімдерін қалаған жоғары оқу орнында жалғастыруына, заман талабына лайық мамандық иелері атанып, туған елі мен жеріне адал қызмет ететін азамат болып қалыптасуына тілектестік білдірді.

    Соңғы қоңырау салтанатындағы айрықша жаңалықтың бірі – білім ошағынан қазақ балалар әдебиетінің бәйтерегі, жерлесіміз Бердібек Соқпақбаевқа арналған мұражайдың ашылуы болды. Алтын ұясына әр кезеңдегі түлектер ескерткіш сыйлықтар жасайтыны қалыптасқан дәстүр. Дәстүрден аттамайық деген түлектер мектепке қандай сый жасау қажеттігі жөнінде директормен ақылдасқан.

    «Мектепке жыл сайынғы түлектер естелік ретінде заттай сыйлық тапсырып жүр ғой. Ол үшін рақмет. Сендер сыйлық жасағыларың келсе, Бердібек аталарыңның мұражайын заманауи үлгіде ашуды қолға алыңдар. Егер орындай алсаңдар, бұл жұмыс өлмейтін, өшпейтін мұра, ұрпаққа ұлағат, жазушыға деген зор құрмет, мектепке мәңгі ескерткіш болып қалатыны анық», – деп мектеп басшысы өз ойын ортаға салған.

    Ескертетін бір нәрсе, мектепте жазушы мұражайы 80 жылдық мерейтойында ашылған болатын. Бірақ тұрған орны жайсыз болды ма, әлде жәдігерлердің жеткіліксіздігі ме, әйтеуір, ашылған мұражай өз міндетінен табыла алмағаны анық. Ал жазушы атындағы білім ошағына оның шығармашылығы мен ғибратты ғұмырынан сыр шертетін мұражай қалай да керек. Мектеп басшысының ұсынысын жүрекпен қабылдаған түлектер сол сәттен-ақ игілікті іске ықыластана кірісіпті.

    – Мұражай үшін бөлінген бөлмені еденінен бастап төбесіне дейін заманауи үлгіде өз қаражатымызбен жасап шықтық. Ақша жинауды ғана сылтау етіп, жөндеу жұмысын мектептің өзіне итере салған жоқ. Бәріміздің де құрылыстан хабарымыз бар. Өзіміз жобалаушы, архитектор, құрылысшы, әрлеуші, сылақшы болдық. Атқарып жүрген қызметімізден қолымыз қалт етсе осы жерден табылып, барлық жұмысты өз қолымызбен атқарып шықтық, – дейді игілікті іске басшылық жасаған Ғалым Әбілжанов.  Мұражайдың жазушы атағына сай жабдықталуын қаламгердің  қызы Самал Соқпақбаеваны араластыра отырып жүзеге асырған.

    Мұражайдың лентасы қиылып, шашу шашылды. Жиналған көпшілікті қабырғаға ілінген жазушының суреттері мен Мұзафар Әлімбаев, Әбдіжәміл Нұрпейісов, Қадір Мырза Әлі, Баққожа Мұқай, Сайын Мұратбеков, Жанболат Аупбаевтың  Бердібек туралы ой-пікірлері, парасатты пайымдары, шығарма желісімен түсірілген кинолардан алынған бейнелер, Ержан Бейісбаев, Нұрболат Ысқақов, Рауан Бақтияр сияқты қылқалам шеберлерінің майлы бояумен салған көлемді портреттері көпшілікті әсерге бөледі. Жазушының көзі тірісінде пайдаланған қол сағаты, көзілдірігі, радиосы, жазу машинкасы, пальтосы мен портфелі мұражайдың көрнекті жерінен орын алып, өмірі мен шығармашылығынан молынан сыр шертіп тұр. Әрине, мұражайдың жұмысы осымен тоқтамайтыны белгілі. Алдағы уақытта құнды жәдігерлермен толықтырылып, адам аяғы арылмайтын орынға айналатынына сенім мол.

    Дәулет Шәкенов, Сарқыт Шотбаева,  Шамшар Әбілмәжінова сияқты зейнеткер ұстаздар, түлектердің сынып жетекшісі болған Күлдархан Нүсіпжанова, Ғани Иембердиевтер үлкен іс тындырып отырған 20 жылдық түлектерге  алғыстарын айтты. Мектеп ұжымы игілікті іске ұйытқы болған Жасұлан Тастанбаев, Айдос Жанғабылов, Гүлмира Бурабаева, Дастан Мұқажанов, Дамир Әділбаев, Салтанат Құдайбергенова, Қайсар Смайылов, Айдын Әкімханов, Ғалым Әбілжанов, Айбар Әлғожаевтарды Алғыс хатпен марапаттады. Осылайша Б. Соқпақбаев атындағы орта мектеп-гимназиясын осыдан 20 жылын бітірген түлектер білім ошағынан жазушының мұражайын ашу арқылы ұрпаққа мәңгі мұра болар өнегелі іс тындырып, өшпес із қалдырды. Жолы да, жөні де бөлек сый жасады.

    Жұмабек ТҰРДИЕВ

    Райымбек ауданы

    Ұсынымдар

    Жырға ғашық жүрек

    Жырға ғашық жүрек

    4 months ago
    Сақалы бар, мұрты жоқ

    Сақалы бар, мұрты жоқ

    2 months ago
    Сайлаушылар белсенділігі жоғары

    Сайлаушылар белсенділігі жоғары

    2 years ago
    Халықтық штаб мүшелері “Орман шарашылығы” ұжымымен кездесті

    ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБ МҮШЕЛЕРІ АҚ ХАЛАТТЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

    8 months ago
    «Дүйсенбілік спорт» жобасы бойынша NEET жастары арасында турнир өтті

    «Дүйсенбілік спорт» жобасы бойынша NEET жастары арасында турнир өтті

    10 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>