-13 °c
Qonaev
Saturday, July 5, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жол апаты азаймай тұр

    14.05.2025
    in Барлық жаңалықтар, Жол апаты, Құқық-заң
    Жол апаты азаймай тұр
    0
    SHARES
    6
    VIEWS

    Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен жол-көлік оқиғаларының себептерін зерделеу,  жол қауіпсіздігі деңгейін арттыруға бағытталған шаралар мен ұсыныстар әзірлеу үшін құрылған ведомствоаралық жұмыс тобының отырысы өтті.

    Жиынды ашқан облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахым былтыр Премьер-министр мен Бас прокуратураның жол-көлік оқиғасын төмендету жайлы тапсырма бергенін, алайда облыс көлемінде жол-көлік оқиғасының көрсеткіші жоғары болып отырғанына алаңдаушылық білдірді. Нұрлан Ерғалиұлы биыл төрт айдың қорытындысы бойынша жол-көлік оқиғасы 55,5 пайызға,  зардап шеккендер саны 92,3 пайызға  артып, қаза тапқандар саны 28 пайызға өскенін, олардың ішінде кәмелетке толмаған 5 бала бар екенін, сондықтан бүгінгі басқосуда осы мәселенің түйінін тарқату үшін бірлескен шараларды қолға алу керегін шегелеп айтты.

    Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті бастығының орынбасары Мақсат Аймағамбетов жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері малдың күрежолға шығып кетуінен, жол белгілерінің орнатылмауынан, жарықтандырылмауынан болып отырғанына тоқталды.

    Келесі кезекте полиция департаментінің жергілікті полиция қызметінің басшысы Әбдінұр Тасыбаев биылғы төрт айда болған жол-көлік оқиғасы жайлы дерек-дәйекті алға тартып, жол апатының көпшілігі жүргізушінің жылдамдықты шамадан тыс асыруынан болғанын жеткізді. Жол-көлік оқиғасының алдын алу бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстарды тілге тиек ете келе, жолданған ұсыныстарға тиісті орындар тарапынан жауап берілмегенін алға тартты.

    Өз кезегінде сөз алған жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ермек Баймұхамбетов былтыр және биыл жол салу және жөндеу бойынша атқарылған жұмыс жайында сөз қозғады. Нұрлан Әбдірахым басқарма басшысының құқық қорғау органдары тарапынан берілген ұсыныстардың қаржы тапшылығына байланысты орындалмай қалғаны жайлы уәжіне бюджетті жоспарлағанда тиісті орындармен ақылдасып, қаражатты жол апаты жиі болатын өте қауіпті аумақтарға бағыттау керегін баса айтты.

    Аталған жұмыс тобы заңнама талаптарын күшейту, жол-көлік оқиғасын есепке алу мен тіркеуді жетілдіру, алдын алу және ескерту шараларын іске асыру бағытында жұмыс жүргізуде. Азаматтардың хабардарлығын арттыру және жаңа жол апаттарының алдын алу мақсатында департамент тарапынан апаттық қауіпті жол учаскелерінің интерактивті картасы әзірленген.  Оған мобильді телефон арқылы QR-кодты сканерлеп қол жеткізуге болады. Карта арқылы тіркелген жол-көлік оқиғасының санын көруге, ең қауіпті жол учаскелерінің қай жерде орналасқанын білуге болады.

    Жиын қорытындысында облыс көлеміндегі жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында  бірлескен шаралар қолға алынатын болды.

    Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

    Ұсынымдар

    Қонаевтық тұрғын «Ayim» азық-түлік брендінің негізін қалаған

    Қонаевтық тұрғын «Ayim» азық-түлік брендінің негізін қалаған

    5 months ago
    Саяжай балалары сырт қалмасын

    Саяжай балалары сырт қалмасын

    1 year ago
    Ұлттық қордан әр балаға қаражат аударудың шарттары әзірленді

    Ұлттық қордан әр балаға қаражат аударудың шарттары әзірленді

    2 years ago
    Таза бейсенбі: Алматы облысында Шамалған өзенінің жағалауы тазартылды

    Таза бейсенбі: Алматы облысында Шамалған өзенінің жағалауы тазартылды

    2 days ago
    Ислам және деструктивті діни ағымдар: түсіну, қауіптер және қарсы тұру жолдары

    Балаларды жат ағымнан қалай қорғаймыз?

    3 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>