-13 °c
Qonaev
Sunday, June 1, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жолдың жыры бітер ме?

    17.05.2025
    in Барлық жаңалықтар, Жолдың жайы
    Жол азабын жүрген білер
    0
    SHARES
    7
    VIEWS

    Қай ауылға барсаңыз да кездестіретініңіз ойлы-шұқыр жолдар, тіпті асфальтты былай қойып, қиыршық құм-тас та төселмеген көшелер, күн бұзылса яки көктемгі-күзгі мезгілдерде толарсақтан саз кешкен ел. Әр ауыл өзді-өз ауылдық округ, аудан әкімшілігіне шұбыртып арыз-шағымдарын жолдауда. Әзірге көңіл көншітерліктей нәтиже байқалмайды. Осы жерде ойға еріксіз келетіні «облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы өзіне қарасты жолдар мен өзіне есеп беріп отыратын аудандық басқармалардың жұмысына мониторинг жүргізе ме, жоқ па? Қаншама елдімекендер тұрғындарының тарапынан айтылып, жазылып жатқан арыз-шағымдарды естімей ме, сол жерлерді барып көрмей ме?» деген сұрақ.
    Осы жылдың сәуір айының ортасында облыстық әкімдікте жолдардың жай-күйін талқылаған жиын өтті. Облыс әкімінің орынбасары Әсет Масабаев төрағалық еткен сол кеңеске мәслихат депутаттары да қатысты. Сондай-ақ аталған басқосуда облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы, «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы» АҚ мен «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК Алматы облыстық филиалдарының басшылары баяндама жасады.
    Кеңесте алғашқы сөз кезегі тиген «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ Алматы облыстық филиалы директорының орынбасары Абзал Ақжоловтың сөзіне қарағанда, облыс аумағындағы республикалық маңызы бар жолдардың ұзындығы 1807 шақырымды құраса, оның 1409 шақырымының жабыны асфальт-бетон, 337 шақырымының жабыны цементбетон, ақылы жолдардың ұзындығы 328 шақырым екен. Абзал Көкталұлының сөзінше, былтыр облыста 172 шақырым жол пайдалануға берілсе, биыл қайта жаңарту бағдарламасы бойынша 109 шақырым жол, оның ішінде Ұзынағаш пен Талғар арасын жалғайтын жолдың 42 шақырымы, «Күрті – Қонаев» жолының 67 шақырымы жөнделеді. Сонымен қатар, қазіргі уақытта күрделі жөндеу аясында «Алматы – Бішкек» тас жолының 25 шақырымында шығыс бағытта таға тәрізді жолайрығының құрылысы басталған. «Алматы – Бішкек» жолының 19-27 шақырымы аралығын, «Алматы – Талғар – Бәйдібек би» жолының 13-25 шақырымы аралығын күрделі жөндеуден өткізуге сметалық-жобалау жұмысы жүргізіліп жатыр. Бұдан бөлек, «Кеген – Көкпек – Түп» автожолының 53-68 шақырымы және «Ақсай – Шонжы» жолының  алғашқы 7 шақырымын күрделі жөндеуден өткізу үшін ұсыныс берілген. Биыл бұдан өзге 354 шақырым жолды орташа жөндеу жоспарланып отыр. Оның ішінде былтырдан бері жөнделе бастаған «Алматы – Қорғас» жолының 14-43 шақырымы аралығындағы жол бар.
    Баяндамада қолданыстағы жолдарды күтіп ұстау жайы да сөз етілді. Абзал Көкталұлының айтуынша, облыста 1630 шақырым жолды күтіп ұстау қызметін «ҚазСервис» ЖШС Алматы облыстық филиалы атқарады. Биыл облыс аумағындағы жолдарды күтіп ұстауға 4,4 млрд теңге қарастырылған көрінеді. Одан кейін сөйлеген депутаттар жөндеу жұмыстарының созылып кеткеніне байланысты «ҚазАвтоЖол» өкіліне бірқатар ескертулер жасады. Расында да, қарап отырсақ, жөндеу жұмысының бітуін күткен жолдар баршылық екен. Ұсыныстар берілген, жобалық-сметалық құжаттар жасалып өткізілген. Ондай болса, «нәтиже қандай? деген сұрақтың көтерілуі  орынды деп ойлаймыз.
    «ҚазАвтоЖол» АҚ өкілінен кейін мінберге көтерілген облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ерлан Баймұхамбетов биыл облыстық маңызы бар 187,8 шақырым жолды салу мен жөндеуге бюджеттен 19,2 млрд теңге бөлінгенін жеткізді. Жөнделеді деп қаржы бөлінген жолдар тізімінде «Алматы-1 – Шамалған стансасы – Ұзынағаш» жолының 7,5 шақырымы, «Көкпек – Қалжат – Кіші Диқан», «Нарынқол – Сүмбе», «Қапшағай – Бақанас – Қараой», «Көкпек – Кеген», «Есік – Саймасай – Александровка» жолдары бар. Ауқымды жөндеуден бөлек, көктемгі тексеру кезінде облыстық маңызы бар жолдарда 118 мың шаршы метр аумақта жолдың ойылып, түсіп кеткен жерлері анықталған. Енді ағымдағы жамап бітеу жұмысы жүргізіліп, полиция департаментінің нұсқауымен 700-ге жуық қажетті жол белгісі орнатылмақ. Қарап отырсақ, жұмыс ауқымы мен бағыты айқын, қаражат бөлінген, алайда біткен жұмыс жоқ.
    Мұны қалай бағамдауға болады? Жұрттың күткені ол емес, «жүзеге қашан асады?» деген сұрақтың нақты жауабы. Осы орайда аудандардағы тілшілеріміздің сол аумақтардағы жол сапасына қатысты мәселерді көтерген мақалалары газет бетіне жарияланды. Атап айтар болсақ, газетіміздің 12 сәуір күнгі №40 (345) санында тілші А.Бейсебаевтың «Жолдың жайы – елдің жайы», 15 сәуір күнгі №41 (346) санында С. Сатыбалдиевтің «Көше сәнін кетірген», 19 сәуір күнгі №43 (348) санында  Д.Әбутәліповтің «Жол азабын жүрген білер» тақырыптағы мақалаларында жол мәселесі егжей-тегжейлі жазылған.
    Жоғарыда келтірілген мақалаларда Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Кеген, Райымбек және Ұйғыр сияқты шалғай аудандардағы жол жағдайынан мағлұмат берілсе, іргеміздегі Талғар, Іле сияқты аудандардағы ахуал да күрделі екенін күнделікті тұрмыс-тіршілікте көріп жүрміз. Өзіміз күнде басып өтетін, халық арасында «Илийский тракт» аталып кеткен Өтеген батыр кентінің сырт өңірлерді Алматымен байланыстыратын  орталық көшесіндегі бірнеше шақырымға созылған ойдым-ойдым жолдың азабын жүргізушілер де, жүргіншілер де әбден тартып келе жатыр. Түзу, бірақ, тегіс емес жолда соқтығысқан, қираған көліктер, шоқалақтардың кесірінен бір-бірімен ұрсысып жатқан адамдар көз үйреншікті көрініске айналғаны қашан?!
    Мәселенің мәнісін облыстағы тиісті сала басшылары тездетіп қолға алып, шешімін тауып, халықтың ризашылығына бөленер күн алыс емес шығар деген үміттеміз.

    Бейбіт МЕКЕЕВ

    Ұсынымдар

    Қош бол, смартфон, көргенше!

    Қош бол, смартфон, көргенше!

    1 year ago
    Білекті де білікті

    Білекті де білікті

    1 year ago
    Салт-дәстүрді паш еткен мереке

    Салт-дәстүрді паш еткен мереке

    1 year ago
    Жаураған ұстаз. Дірдектеген оқушы

    Жаураған ұстаз. Дірдектеген оқушы

    1 year ago
    Облыс әкімі ардагерлермен Қонаев қаласының бас жоспарын талқылады

    Сингапур сауда және индустрия министрлігінің делегациясы Алматы облысына келді

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>