-13 °c
Qonaev
Friday, June 20, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ақ халаттылар жарысы

    10.06.2025
    in Барлық жаңалықтар, Денсаулық, Спорт
    Ақ халаттылар жарысы
    0
    SHARES
    6
    VIEWS

    Алматы облысының медицина қызметкерлері ақ халатын спорт киіміне ауыстырып, жыл сайын Медицина қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылатын спартакиадаға белсене қатысты. Олар Қарасай ауданындағы «Нұр-Аман» спорт кешенінде шағын футбол, волейбол және үстел теннисінен жарысқа түсті.

    Шараның ашылу салтанатында сөз сөйлегендер салауатты өмір салтын ұстану, спортты серік ету – денсаулық кепілі екенін тілге тиек етті.

    «Медицина қызметкерлерінің жұмысы оңай емес. Олардың тәніне де, жанына да салмақ көп түседі. Сондықтан ақ халатты абзал жандар да үнемі дене жыттығуын жасауды әдетке айналдырғаны абзал. Спорт адамды сергітіп, көңіл-күйін көтереді. Қатысушылар аталған чемпионаттан бір серпіліп қайтатыны анық. Спартакидаға жеңіске деген жігермен бақ сынауға келген барша әріптестерге сәттілік тілеймін», – деді Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлімбек Тәжеков.

    Спартакиадаға 300-ден астам медицина қызметкерлері қатысты. Барлығы 19 команда. Олардың арасында дәрігерлер, мейірбикелер, «Жедел жәрдем» орталығының және тағы басқа медициналық ұйымдардың мамандары болды.

    Жарыс қорытындысы бойынша, ерлер арасында өткен үстел теннисінен Смағұл Алтай (Қонаев қаласындағы көпсалалы аурухана), ал әйелдер арасында Лиза Қаматай (Жамбыл ауданындағы орталық аурухана) жеңімпаз атанды. Шағын футболдан облыстық онкологиялық диспансер командасы үздік шықты. Волейболдан Шелек ауруханасының қызметкерлері топ жарды. Жалпы командалық есепте 1-орынды Шелек аудандық ауруханасы алды, 2-орын аймақтық физио-пульманологиялық орталыққа бұйырды, ал 3-орынды облыстық «Жедел жәрдем» станасасы иеленді.

    Жеңімпаздар мен жүлдегерлер медаль, грамота және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

    Ұсынымдар

    Нақтылыққа назар аударды

    Нақтылыққа назар аударды

    2 years ago
    Ғұламаның ғұмырын бейнелеген

    Ғұламаның ғұмырын бейнелеген

    11 months ago
    Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін күшейтетін “Парыз” конкурсы басталды

    Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін күшейтетін “Парыз” конкурсы басталды

    2 years ago
    Өндіріс өркендеп келеді

    Өндіріс өркендеп келеді

    3 weeks ago
    ОҚЫТУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

    ОҚЫТУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

    7 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>