-13 °c
Qonaev
Tuesday, July 1, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Алғыс арқалаған

    14.06.2025
    in Барлық жаңалықтар, Денсаулық
    Алғыс арқалаған
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

          Қарасай ауданына қарасты Іргелі ауылдық округіндегі «Асыл Арман» тұрғын үй кешенінде 30 мыңнан аса адам тұрады. Бұл өз кезегінде халыққа қызмет көрсетуде қиындықтар туғызатыны белгілі. Солардың қатарында дәрігерлік амбулаторияның мәселесі де бар еді. Дегенмен, соңғы жылдары мұнда жұмыс жолға қойылып, ақ желеңділер алғысқа бөленуде.

    Бәрі де мамандардың өз жұмысына деген жауапкершілігінен басталады емес пе? Медициналық мекеменің қызметкерлері тұрғындармен тиімді әрі сауатты байланыс орнатуды басты мақсат етіп алған. Бұл 2023 жылдың 1 ақпанынан бастап ұжымды басқарып келе жатқан амбулатория меңгерушісі Сапарғали Жұмановтың жұмысты жолға қоя білу арқасында деуге болады.
    Ең бастысы, қазіргі ұжымда өз ісінің шеберлері жинақталған. Олар науқастарды қабылдау кезінде сыпайылық танытып, әр адамға түсіністікпен және жанашырлықпен қарайды.
    Сапарғали Әбдібекұлының ата-анасы медицина саласына қатысы болмаса да, бауырлары бұл салада тұтас бір әулеттің негізін қалауда.
    – Әпкем Нұрсұлу, інім Нұрлыбек және мен – медицина саласының өкілдеріміз. Нұрсұлу – Шымкент қалалық кардиология орталығының ота бөлімінде мейірбике, Нұрлыбек – Алматы қаласында «Жедел жәрдем» фельдшері. Жан жарым Маржан – гематолог-дәрігер. Үш жыл отасқан жас отбасымызда Шахназар мен Шыңғыс есімді екі ұл өсіп келеді. Қазір Маржан бала тәрбиесіне байланысты демалыста, – дейді амбулатория меңгерушісі.
    Сапарғали Әбдібекұлы С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетін аяқтаған соң, туған жері – Түркістан облысы Сарыағаш қаласындағы медициналық мекемеде дәрігер болып еңбек еткен. Кейін «Асыл Арман» кешеніндегі дәрігерлік амбулаторияны меңгерушісі болып тағайындалған.
    Амбулатория ғимараты 2016 жылы салынған. Екі есігі, жертөле қабаты бар. Жыл сайын ағымдағы жөндеу жүргізіліп, санитарлық талаптар сақталады. Мұнда халыққа сапалы медициналық қызмет көрсету үшін барлық жағдай жасалған.
    Амбулаторияда тіркеу бөлімі, дәрігерге дейінгі қабылдау, егу, процедуралық бөлмелер, жалпы тәжірибе дәрігерлері мен тар бейінді мамандар кабинеттері, екі төсекке арналған күндізгі стационар және дәріхана бөлімі бар. Медициналық құрал-жабдықтардан «Холтер» және «СМАД» аппараттары қамтамасыз етілген. «Холтер» – жүрек жұмысын бақылайды, ал «СМАД» – қан қысымын өлшейді.
    – Бір жылдан бері біздің дәріхана түрлі созылмалы аурулармен есепте тұрғандарға тегін дәрі-дәрмек беретін орынға айналды. Бөлім тек «Асыл Арман» кешеніне емес, Іргелі және Райымбек ауылдық округтерінің елдімекендеріне де қызмет көрсетеді. Енді науқастар аудан орталығы – Қаскелеңге сабылмай-ақ, дәрілерін осы жерден ала алады. Бұл – жол шығынын азайтып, уақытты үнемдеуге көмектеседі. Сондай-ақ биыл мамыр айында аудандық аурухана басшылығы амбулаторияға жаңа Chevrolet Cobalt автокөлігін берді. Ол науқастарды Қаскелеңге немесе Алматыдағы ауруханаларға жеткізуге, анализдер тасымалдауға пайдаланылады. Бұрынғы ескі «Нива» көлігі инфекциялық бөлімге берілді, – дейді Сапарғали Жұманов.
    Бүгінде амбулаторияда 30 қызметкер еңбек етуде. Тіркелген тұрғындар саны – 8100 адам. Тұрғын үй кешенінде 30 мыңдай адам тұратындықтан, тіркелмегендермен ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізіледі. Жалпы бес учаске бар, әрқайсысына жалпы тәжірибелік дәрігер бекітілген. Олардың қатарында балалар невропатологы Еркегүл Құмархан, кардиолог Фариза Құлжанова, акушер-гинеколог Салима Абдыхаева мен Арман Сүлейменов, күндізгі стационар дәрігері Маржан Жандарова, психолог Жұлдыз Өтегенова өз қызметтерін адал атқаруда. Оларға мейірбикелер Әсем Бақытқан мен Гүлзат Ташкенбаева көмекке келуде.
    Амбулатория ашылған 2016 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан акушер-гинеколог Сәлима Абдыхаева, стоматолог Арман Сүлейменов, мейірбикелер Айгүл Қыстаубаева, Бейсенкүл Қазбекова, акушер Айжан Құрмашеваның еңбегін ерекше атап өтуге болады.
    Тұрғын үй кешенінің тұрғындары амбулатория қызметкерлерінің жұмысына дән риза. Бұл жердегі келушілерге деген мейірімді көзқарас ерекше әсер қалдырды. Олар позитивті энергия таратып, науқастарға жылылық сыйлайды. Бізбен сұхбаттасқан 1957 жылы туған зейнеткер Мұрат Іңкәрбеков осы амбулатория ашылған күннен бастап ем қабылдап жүр екен. Ол меңгеруші С.Жұмановқа ұйымдастырушылық жұмысы үшін, ал дәрігер С. Дошмановаға, кардиолог Ф.Құлжановаға, аға мейір­бике А.Бақытқанға және мейірбике А.Теміроваға алғысын жеткізді. Заңғар Өскенбаев болса Сапарғали Әбдібекұлын білікті, тәрбиелі, сабырлы, парасатты адам ретінде сипаттап, оның пациенттерге жауапкершілікпен қарайтынын атап өтті. Ол сондай-ақ осында еңбек ететін орта буын медицина қызметкерлерінің кәсібилігі мен адамгершілігін жоғары бағалады.

    Қуат Қайранбаев

    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    Ауған соғысы ардагері Қонаевтың Құрметті азаматы атанды

    Бейбіт өмірді бағалайық

    1 year ago
    Бала құқығы

    Балаларға қарсы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!

    2 years ago
    Кәсіптік білімнің көкжиегі кең

    Кәсіптік білімнің көкжиегі кең

    10 months ago
    Ислам және қазақтардың ұлттық әдет-ғұрыптары

    Ислам және қазақтардың ұлттық әдет-ғұрыптары

    1 year ago
    ШЕЛЕК АУРУХАНАСЫНДА ЖАҢА БӨЛІМ АШЫЛДЫ

    ШЕЛЕК АУРУХАНАСЫНДА ЖАҢА БӨЛІМ АШЫЛДЫ

    5 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>