-13 °c
Qonaev
Tuesday, May 13, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Ғылым шыңына қадам басқан жас талант

    05.01.2025
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым
    Ғылым шыңына қадам басқан жас талант
    0
    SHARES
    15
    VIEWS

    Болашақтың жарқын бейнесі – білімді ұрпақ. Біздің мектебіміздің мақтанышы, ерекше қабілетімен танылған оқушы Мотовилов Владимир осы жолда үлкен жетістіктерге қол жеткізіп, мектебімізді қуантты. Жақында ғана Астана қаласында өткен “Үздік ғылыми жоба авторы” атты республикалық байқауда жеңімпаз атанған Владимир өзінің білімге деген талпынысы мен жан-жақты ізденісі арқылы I дәрежелі дипломмен марапатталды.

    Бұл жетістік – оның қажырлы еңбегі мен біліміне негізделген сапалы жобасының нәтижесі. Сонымен қатар, осы жетістікте бағыт-бағдар берген жетекші ұстазы, кәсіби шеберлігімен шәкіртін ғылымға баулыған Ақжолтай Ләйлә Нұрсұлтанқызының зор үлесі бар. Ұстаздың қолдауы мен шәкірттің еңбекқорлығы үйлесім тапқан жерде табысқа жету сөзсіз.

    Ғылым жолы – ұлт болашағының жаршысы. Владимирдің жобасы байқауда жоғары бағаланып, оның жаңашыл идеялары қазылар алқасын тәнті етті. Осындай талантты жастың мектебімізде білім алуы біз үшін үлкен мәртебе.

    Бұл жеңіс – тек бір оқушының ғана емес, мектеп ұжымының, оқушылар мен ұстаздардың ортақ қуанышы. Владимирге осы жеңісімен тоқтап қалмай, ғылымның сан қырлы белестерін бағындыра бер деп тілек білдіреміз. Оның ізденісі, еңбекқорлығы жас ұрпаққа үлгі болары анық.

    Жас таланттың жеңісі – еліміздің болашағына қосылған үлес. Владимир мен оның ұстазын тағы да шын жүректен құттықтай отырып, білім мен ғылым жолындағы жаңа белестерді бағындыруға сәттілік тілейміз!

    Елдар Жақыпбеков,

    «Қарғалы №3» орта мектебінің мұғалімі,

    Жамбыл ауданы

    Ұсынымдар

    Болашақтың энергиясы

    Болашақтың энергиясы

    8 months ago
    Амал келді – жыл келді

    Амал келді – жыл келді

    2 months ago
    Жолдама тапсырылды

    Жолдама тапсырылды

    1 year ago
    Маймыл шешегі қалай жұғады – дәрігер жауабы

    Маймыл шешегі қалай жұғады – дәрігер жауабы

    9 months ago
    Стратегиялық маңызы зор

    Стратегиялық маңызы зор

    8 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.