⚠️ Ауа райы табылмады.
Жұма, Сәуір 17, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Аңшылық туризмнің түлеуіне мүмкіндік мол

    20.06.2025
    in Барлық жаңалықтар, Туризм және саяхат
    Аңшылық туризмнің түлеуіне мүмкіндік мол
    0
    SHARES
    6
    VIEWS

         Әлемде аңшылық туризм қарқынды дамып келеді. Ал біздің өлкеде аңшылық туризмі біртіндеп қанат жайып келеді. Кейінгі мәліметке сүйенсек, қазақтың дархан даласында аңшылық нысанына жататын құстың 60-қа жуық түрі мен сүтқоректілердің 30-дан астам түрі кездеседі. Бұл саланың тамырына қан жүргіртуге өңіріміздің әлеуеті  жеткілікті. «Табиғат» аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығының  президенті Қажым Жұмалиевпен жүздескен облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев аймақта аңшылық туризмнің түлеуіне мүмкіндік беретін жаңа жоба жайын талқылады.

    Алматы өңірі – табиғатымен де, терең тарихымен де жанға жайлылық сыйлайтын мекен. Сондықтан туризм саласында қыруар жұмыс атқарылып, инфрақұрылым сапасы көтеріліп жатқан өңір алдағы жылдары Орта Азияның ең көрікті, сұранысы мол аймағына айналмақ. Аймақ басшысының айтуынша, туризмнің  түрлі бағытын дамытуға мүмкіндік жеткілікті. Оның ішінде аңшылық туризмді түлетуге де әлеует жеткілікті. Ал «Табиғат» аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы облысымызда аңшылық саябағын құруға ынта танытып отыр. Аталған қауымдастық президенті Қажым Жұмалиев аңшылық саябақтың жабайы аң-құсты аулауға ғана емес, қорғауға, көбейтуге, салық мөлшерін арттыру мен  аңшыларға жағдай да жасауға мүмкіндік беретінін жеткізді.

    – Бүгінгі таңда  әлемде аң аулауғы қызығатын туристер күннен күнге көбейіп келеді. Бізде осы саланы дамытып, туристер легін елімізге бұруға мүмкіндік зор. Біздің межемізше, Алматы облысындағы аңшылық туризмнен түсетін табыс көлемін 240 млн теңгеден 1,5 млрд теңгеге дейін арттыруға болады. Мысалы, шағын аралда орналасқан Жаңа Зеландия мемлекеті жылына 26000 шетелдік аңшыны қабылдайды екен. Біз аңшылық саябақ құруда әлемдік ең озық тәжірибелерді ескеретін боламыз. Әрине, жоба жақсы жүзге асу үшін жергілікті әкімдіктің қолдауы мен тиісті органдардың келісімдері қажет. Ең бастысы – біздің жоба өңірдің туристік  әлеуетін арттыруға өз үлесін қоса алады, – деді  Қажым Жұмалиев.

    Жалпы, аңшылық инфрақұрылымын дамыту өңір дамуына серпін беретіні анық. Мәселен, мемлекет жалпы аңшылыққа құқық сату есебінен және жекелеген жануарлар түрін атуға лицензия беруге, жеке аңшылық шаруашылықтары осындай шараларды ұйымдастыру есебінен қаражат ала алады. Облыс басшысының сөзінше,  аңшылық шағын және орта бизнестің жергілікті өкілдері орналастыру, тамақтандыру, аңшыларды тасымалдау, кәдесыйларды сату сынды қызметтердің жандануына да негіз бола алды. Аймақта аңшылық саябақ ашу жайындағы инвестициялық жобамен танысқан облыс әкімі аталған жобаға қолдау білдіретіндігін жеткізді. Өйткені, туризм инфрақұрылымы қарқынды дамып, шетелдерден келетін туристердің саны артып келеді. Ал жоба табиғатқа ұқыпты қарау, қызмет көрсету және ғылыми зерттеулер саласында жаңа жұмыс орындарын ашуды көздейтін өңірдің орнықты даму стратегиясына сәйкес келеді.

    Ерзат АСЫЛ

    Соңғы жаңалықтар

    Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының ашылу рәсіміне қатысты
    17.04.2026
    Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымын реформалау мәселесіне жауапкершілікпен қарауға шақырды
    17.04.2026
    Басым бағыттар сараланды
    17.04.2026
    Шаңырақ шаттығы
    17.04.2026
    Біз Сашаға ораламыз
    17.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>