[um_weather city="Қонаев"]
Дүйсенбі, Қазан 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Біздің сүйікті дәрігер

    23.06.2025
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Денсаулық
    Біздің сүйікті дәрігер
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

         Райымбек ауданына қарасты Талас пен Шалкөде ауылының барша тұрғыны Нұрсәуле Әбдірешқызы Бекболованы осылай атайды. Көптің алғысын арқалап, сый-құрметіне бөленуі – мейірбикенің өз мамандығына деген сүйіспеншілігі. Денсаулық сақшысы деген қастерлі есімге кір келтірмей, ардақтай білгендігі. Өз ісіне жауапкершілікпен қарап, емделуге келген әрбір жанға лайықты қызмет көрсетіп келе жатқандығы.

    1964 жылы Нарынқол ауылында дүниеге келген Нұрсәуле 8-сыныпты үздіктер қатарында  бітірген. Медицина мамандығына деген қызығушылығы оқушы кезінен-ақ жүрегіне берік ұялаған жас түлек арман жетегімен Талғардағы медициналық училищеге құжаттарын тапсырады. Мақсаты биік, талабы таудай қыз сынақтан сүрінбей өтіп, оқу орнына ең жоғары нәтижемен қабылданады. Ізденіс пен еңбекқорлықты жанына жастайынан серік еткен болашақ маман іргетасы мектепте қаланған білімін ары қарай ұштап, медицинаның қыр-сырын жетік меңгеруге ден қояды. Білімі терең, білігі жоғары ұстаздардың әрбір дәрісін санасына сіңіреді. Оқумен қатар жүретін ғылыми-тәжірибелік іс-шараларға да белсене қатысып, алғырлық танытады.

    Оқу орнын 1982 жылы бітірген жас маман туған ауылына оралып, алғашқы қызметін Нарынқол аудандық ауруханасының перзентхана бөлімінде балалар мейірбикесі, аға акушер болып бастайды. Оқу орнынан алған білімін тәжірибе жүзінде көрсетуге білек сыбана кіріседі. Осы саланың жілігін шағып, майын ішкен аға-тәтелерінің ақыл-кеңестеріне де жүгінеді. Өз мамандығына деген қызығушылығы, ізденісі мен еңбекқорлығы айналасы екі-үш жылдың ішінде ортасына білікті маман ретінде танытып, алдына шипа іздеп келгендердің сенімдерін нығайтты.

    Нұрсәуле Әбдірешқызы 1987 жылы отбасылы болуына орай, ендігі сүрлеу соқпағы ауданнан шалғай жатқан Талас ауылында жалғасты. Осындағы фельдщерлік-акушерлік пунктке мейірбикелік қызметке тағайындалады. Адамның денсулығы басты міндетім деп білетін ол жаңа ортаны жатсынбай, тұрғындармен еркін араласып, ауру-сырқаудан аман болуын басты назарда ұстайды. Сырқат жандарға дәрі-дәрмекпен қатар жүрек жылуын ұсынып, жылы сөзімен қанаттандыра білуді де айнымас серігіне айналдыра біледі. Салған инесі, тағайындаған дәрі-дәрмектері майдай жағып, ауруынан айыққан жандар Нұрсәуленің атын тура атамай, «Біздің сүйікті дәрігер» дейтіні де сондықтан.

    Саналы ғұмырының 40 жылға жуығын медицина саласымен тығыз байланыстырған Нұрсәуле Бекболова бүгінде Шалкөде дәрігерлік амбулаториясында жалпы тәжірибелі мейірбике болып қызмет атқаруда. Адам денсаулығы жолындағы ұзақ жылғы ерен еңбегі атаусыз қалған емес. Лайықты бағалануда. Әр жылдары медицина қызметкерлерінің төл мерекесінде аурухана әкімшілігінен, аудан әкімдігі мен облыстық «Сенім» кәсіподақ ұйымынан алған Алғыс хаттар мен мақтау қағаздары соның айқын дәлелі.

    – Сырқатына дауа іздеп келген әрбір жан менің қолданған ем-шарам арқылы дертінен айығып жатса, мен үшін одан асқан бақыт жоқ, – дейді Нұрсәуле ағынан жарылып.

    Реті келгенде біз де мамандығын мақтанышына балаған ақ желеңді абзал жанды мерейлі қуанышымен құттықтап, әрдайым абырой биігінен көрінуіне тілектестігімізді білдіреміз.

    Жұмабек ТӘЛІПҰЛЫ

    Райымбек ауданы

    Ұсынымдар

    Алматы облысында коммуналдық тарифтер орта есеппен 20%-ға өсті 

    Алматы облысында коммуналдық тарифтер орта есеппен 20%-ға өсті 

    1 month ago
    Ауыл әкімі сайлауына үміткерлер тіркелді

    Ауыл әкімі сайлауына үміткерлер тіркелді

    2 years ago
    Еңбекшіқазақ ауданында 120 отбасы баспаналы болды

    Еңбекшіқазақ ауданында 120 отбасы баспаналы болды

    2 years ago
    Әкелер ардақталды

    Әкелер ардақталды

    1 year ago
    АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ПД ІІМ АРДАГЕРІН МЕРЕЙТОЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

    АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ПД ІІМ АРДАГЕРІН МЕРЕЙТОЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

    9 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>