-13 °c
Qonaev
Tuesday, July 1, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Бюджет есебі тыңдалды

    09.06.2025
    in Барлық жаңалықтар, Мәслихат
    Бюджет есебі тыңдалды
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

    Облыстық мәслихаттың кезекті  ХХХVII сессиясы өтті. Жиынға облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев, ардагерлер ұйымы мен қоғамдық кеңестің төрағасы, құқық қорғау органдарының, департаменттер пен басқарма басшылары және онлайн режимде қала, аудан әкімдері мен мәслихат төрағалары қатысты.

    Облыстық мәслихат төрағасы Қуат Байғожаев сессияны ашып, күн тәртібі мен регламент бекітілген соң қаржы басқармасының басшысы Бибігүл Ұзақова 2024 жылға арналған жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есеп берді. Одан кейін облыс бойынша тексеру комиссиясының төрағасы Мейрам Мұсаев сөз сөйледі.

    – Былтыр облыс экономикасының өсу қарқынына тікелей әсер ететін көшбасшы өнеркәсіп салалары өнімдерінің тұрақты өсуі байқалды. Негізгі капиталға салынған инвестицияның,  құрылыс жұмысының, шағын және орта бизнес субъектілері өндіретін өнімнің көлемі артқан. Әлеуметтік салада тұрақты жағдай қалыптасқан. Алдыңғы жылдармен салыстырғанда салық түсімдерінің өсуі байқалады. Шығындар бойынша облыстық бюджеттің параметрлері 97,4 пайызға орындалып, игерілмеген қаражат  23 431 999,1 мың теңгені құраған. 4 бюджеттік бағдарлама әкімшісі бойынша ірі қалдықтар қалыптасқан. Талдыбұлақ және Жаңалық  ауылдарында «Жайлы мектеп», тұрғын үй құрылысы саласын институционалдық дамыту мақсатында «Қонаев» ӘКК» АҚ дамыту,  Іле, Қарасай аудандарының жолы және Қонаев қаласын айналып өтетін жол, облыс орталығында кәріз-тазарту, су алу құрылғылары, магистралдық инженерлік инфрақұрылым (Жаңа Іле) салу жобалары іске асырылмаған, – деген тексеру комиссиясының төрағасы аудит жүргізу барысында анықталған құқықбұзушылықтар бойынша 54 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке және 138 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын хабардар етті. Мейрам Мырзанұлы сөзінің соңында бюджеттік бағдарлама әкімшілері тарапынан қандай жұмыстар мен іс-шаралардың жүргізілу керегі жөнінде ұсыныс білдірді.

    Келесі кезекте мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы  Құлмұханбет Исақовтың облыс бойынша салықтардың, кедендік және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуі туралы баяндамасы  тыңдалды. Баяндамашының айтуынша, биыл жергілікті бюджет жоспарының  болжамды орындалуы 99,2 пайызды құрайды. Қаңтар-мамыр айларына арналған жоспары 110,9 пайызға  орындалған. Барлық бағыт бойынша 3-4 тоқсанда жергілікті бюджетке 7 899,1 млн теңге қосымша резервтер күтілуде. Жергілікті бюджеттің жоспарын 100 пайызға орындау мақсатында департамент тарапынан барлық салықтық түсімге әкімшілендіру шаралары жүргізілуде.

    Одан әрі жалғасқан сессия отырысында 2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, бастауыш сынып оқушылары мен түрлі санаттағы отбасылардың балаларын тамақтандыру құны бекітілді. Облыстық мәслихаттың 20 наурыздағы №35-187 «Алматы облысының «Алатау» өңірлік ипотекалық бағдарламасын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізілді. Сонымен қатар облыс әкімдігі жанындағы жастар саясаты мәселелері жөніндегі кеңестің, тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау, қандастарды қабылдау жөніндегі комиссиялардың құрамы бекітілді.

    Сессия отырысын облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев қорытындылады.

    Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

    Ұсынымдар

    Әлеуеті зор өңір

    Әлеуеті зор өңір

    5 months ago
    Ала допты алақанда айналдырған байрақты бәсеке мәресіне жетті

    Ала допты алақанда айналдырған байрақты бәсеке мәресіне жетті

    1 year ago
    Ота жасаудың озық үлгісі

    Ота жасаудың озық үлгісі

    3 months ago
    Артына айтарлықтай із қалдырған

    Артына айтарлықтай із қалдырған

    4 weeks ago
    Әлемнің “сегізінші кереметі” немесе ауылдардағы мәдениет үйлері өз мақсатында пайдаланылып жүр ме?

    Әлемнің “сегізінші кереметі” немесе ауылдардағы мәдениет үйлері өз мақсатында пайдаланылып жүр ме?

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.