-13 °c
Qonaev
Wednesday, August 20, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Достықтың кілті

    14.06.2025
    in Барлық жаңалықтар, Мемлекеттік тіл
    Достықтың кілті
    0
    SHARES
    9
    VIEWS

           Жамбыл аудандық Мәдениет үйінде «Тіл – достықтың кілті» тақырыбында фестиваль өтті. Мемлекеттік тілдің мәртебесін асқақтатуға арналған шараға облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарма мен Жамбыл ауданының әкімдігі қолдау көрсетті.

    Мәдени шараны аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі мен облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының аудандық филиалы ұтымды ұйымдастырды. Фестивальге аудан әкімі Нұрлан Ертас, облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың басшысы Данияр Ахметов, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы облыстық филиалының төрағасы Күлзира Сейітбекқызы, облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының директоры Қуаныш Амантайұлы, сондай-ақ зиялы қауым өкілдері, Б.Момышұлы атындағы 28237 әскери бөлімінің сарбаздары, мектеп оқушылары қатысты.
    Алғашқы болып сөз алған аудан басшысы Нұрлан Ертасұлы фести­вальдің маңыздылығына тоқталып, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге үлес қосқан жандарды марапаттап, сый-сияпат көрсетті. Атап айтсақ, «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы Жамбыл аудандық филиалының оқытушысы Ардақ Сағатқызы «Тіл майталманы – 2025» номинациясын еншілесе, «Тілге жанашыр кәсіпкер – 2025» атағына Ұзынағаш ауылындағы «Камелот» мейрамханасының басшысы Ескендір Қарбаев ие болды. Ал Гүлшат Сәдуова «Үздік қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы – 2025» иегері атанса, «Тіл жанашыры – 2025» мәртебесімен Нәзипа Қанатова марапатталды.
    Келесе кезекте сөз алған облыс­тық тілдерді дамыту жөніндегі басқарма басшысы Данияр Ахметов: «Мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтеріп, оның қоғамдық өмірдегі орнын нығайту жолында жасап жатқан ерен еңбектеріңіз үшін алғысым шексіз. Сіздердің бастамаларыңызбен өткізіліп жатқан осындай тағылымды іс-шаралар ана тіліміздің өрісін кеңейтіп, жас ұрпақтың бойына тілге деген құрмет пен сүйіспеншілікті дарытады. Бұл фестиваль – қазақ тілінің байлығы мен сұлулығын дәріптейтін, ұлттың рухани тұтастығын танытатын маңызды шара. Ел бірлігі мен ұлт болашағының кепілі мемлекеттік тіл екенін естен шығармай, сіздердей жанашыр азаматтардың еңбегімен қазақ тілі биік белеске жете берсін!» – деген жүрекжарды лебізін жеткізді.
    Шара барысында ұлттық мәдениетіміздің ажырамас бөлігі саналатын күй өнері мен дәстүрлі әндер шырқалды. Өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілін, мәдениетін меңгеруге деген қызығушылығы да көрініс тапты. Мәселен, «Жас ұлан» оқушылар үйінің жас өнерпазы Виталина Москаленко аудандық «Сүйінбай сазы» ансамблімен бірге күй тартып, көпшіліктің ықыласына бөленді. Алексей Юрченко Қапез Байғабылұлының «Үш Меркі» әнін орындап, фестиваль шеңберінде қазақ халқының музыкасына деген қызығушылығын паш етті. Сонымен қатар Ұзынағаш медициналық колледжінің директоры Ильдар Юлдабаев салиқалы сөз сөйлеп, этносаралық татулық пен тілді құрметтеу ел тұрақтылығының кепілі екенін атап өтті. Бұдан соң театрландырылған композиция, көркемсөз оқу және эстрадалық әндер де көрерменге ерекше әсер сыйлады. Мыңбаев ауылдық Мәдениет үйіндегі өнерлі өзге ұлт өкілдерінің кішкентай өнерпаздары қазақ поэзиясына деген махаббатын көркем сөзбен жеткізсе, ұйғыр этносының өкілі Мунира Сапарбаева «Атамекен» әнін нақышына келтіріп орындады. Ал «Сүйінбай сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің әншілері «Бәріміз бірге» әнін әуелете шырқап, бірлік пен отансүйгіштікті дәріптеді.

    Серік САТЫБАЛДИЕВ

    Жамбыл ауданы

    Ұсынымдар

    Ауыл әйелдеріне арналды

    Ауыл әйелдеріне арналды

    3 months ago
    ҚХА-ның “Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу” атты сессиясы басталды

    ҚХА-ның “Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу” атты сессиясы басталды

    1 year ago
    Алматы облысында 5 млн бастан артық мал егілді

    Алматы облысында 5 млн бастан артық мал егілді

    2 years ago
    All ability Camp: Ерекше балаларға арналған өзгеше лагерь

    All ability Camp: Ерекше балаларға арналған өзгеше лагерь

    1 year ago
    Ізгі жандарға құрмет

    Ізгі жандарға құрмет

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>