-13 °c
Qonaev
Wednesday, July 2, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Көше атауы кезең-кезеңімен өзгереді

    13.06.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Серпіліс сыйлады
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

    Облыстық ономастикалық комиссиясының кезекті отырысы өтті. Онлайн режимде өткен комиссия отырысына оның мүшелері мен аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары қатысты. Күн тәртібінде облыс аумағындағы бірқатар елдімекенге, көшелерге атау беру және қайта атау мәселесі қаралды.

    Жиынды ашқан тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың басшысы Данияр Ахметов мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асырудағы мемлекеттік бағдарламаның басты бағыты  ономастика саласы екенін атап өтті. Басқарма басшысының айтуынша, былтыр қаңтар айында Мемлекет басшысының Жарлығымен құрылған Алатау қаласының аумағына  Қонаев қаласы мен Іле, Талғар аудандарының кейбір елдімекендері енгізілсе, облыстағы 674 саяжай алабының 362-сі шекаралас тұрған елдімекендерге қосылған. Облыс әкімдігі тарапынан жүргізілген талдау жұмысының нәтижесінде атауы жоқ және атауы қайталанатын 678 көше анықталған.

    Келесі кезекте сөз алған тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың ономастикалық жұмыс және талдау бөлімінің басшысы Айбол Нүсіпқожаев Жеңістің 80 жылдығына орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, 500-ден астам көшеге сол өңірлерден шыққан, бұрын есімі көпшілікке беймәлім болып келген Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлерінің, батырлардың атын беру туралы республикалық ономастикалық комиссиясының шешімі қабылдағанынан хабардар етті. Осыған орай жүйелі жұмыстар жүргізіліп, аудандық және қалалық әкімдіктермен бірлесе отырып, нақты тізім әзірленіп бекітілгенін, талапқа сай келетін ардагерлер тізімі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігіне жолданып, аталған тізімнің 78-і қолдау тапқанын айтты.

    – Наурыз айында өткен бірінші комиссия отырысында 211 көше қаралып, бекітілген. Жол картасы бойынша жүзеге асырылып жатқан екінші кезеңде Талғар, Қарасай  аудандарының көшелері қарастырылуда. Атау беру және қайта атау жұмысы барысында барлық атауды бірден бір отырыста қарастырмай,  кезең-кезеңмен бөліп қарау ұсынылған. Үшінші кезеңде  Алатау қаласы, Іле, Еңбекшіқазақ аудандарындағы, төртінші кезеңде Қонаев қаласы мен Ұйғыр ауданындағы атауы жоқ және  қайталанатын көше  атаулары кезең-кезеңімен өзгертілмек, – деді бөлім басшысы. Сондай-ақ қазіргі уақытта ұсынылған атаулардың барлығы «Жер-су атаулар мен дәстүрлі атаулар» тізімінен алынғанын, алдын ала жергілікті қауымдастық мүшелерімен пысықталғанын жеткізді. Қазіргі уақытта кісі есімімен көше берілмейтінін атап өтті.

    Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

    Ұсынымдар

    Алматы облысында үшемдер перзентханадан шықты

    Алматы облысында үшемдер перзентханадан шықты

    2 years ago
    Тектіліктен танбаған

    Тектіліктен танбаған

    4 days ago
    Жылыту маусымына дайынбыз ба?

    Жылыту маусымына дайынбыз ба?

    9 months ago
    Гимнаст Құрбанов олимпиаданың күміс медалін иеленді

    Гимнаст Құрбанов олимпиаданың күміс медалін иеленді

    11 months ago
    Академиялық мобильділік  – шетелде оқуға берілген мүмкіндік

    Академиялық мобильділік – шетелде оқуға берілген мүмкіндік

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.