-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Мемлекеттік тіл – ұлттық сананың ең басты кілті

    05.06.2025
    in Барлық жаңалықтар, Мемлекеттік тіл
    Тіл тұғыры  отбасынан басталады
    0
    SHARES
    9
    VIEWS

    Ұлттық сананы қалыптастыру жолында тілдің атқарар ролі өте маңызды. Тілдің мәселесі – ұлттың мәселесі. Мемлекеттік тілді білу – кәсіби талап.

    Тіл – елдің мәдениетін қалыптастыратын ұйытқы, ұлттық бірліктің негізі, адамның рухани және имандылық қасиеттерінің басты факторы.  Тіл білу халықты, оның тарихын, тұрмысы мен әдеп-ғұрпын және салт- дәстүрлерін терең тануға жол ашады. Басқаларға ұлттық мемлекет ретінде танылғымыз келсе, біз ең алдымен қасиетті ана тілімізді сақтауымыз керек. Тілі жоғалған күні ұлттың өзі де жоғалатыны белгілі. Сондықтан мемлекеттік тілді ұлттық идея етіп, сол тілді қолданып, сол тілде сөйлеп, елімізге адал қызмет ету бүгінгі күні әрбір мемлекеттік қызметшінің ең басты қағидасына айналу керек деп пайымдаймын.

    Ең бастысы, тілге деген құрмет пен қамқорлық, қолдау көрсетіліп, оны өмірде қолдану мен қорғауды өзімізден бастау адамдық борышымыз.

          Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан халқын ұйыстыратын тағы бір символ – мемлекеттік тіл. Қазақ тілі мәңгілік мемлекеттік тіл тұғырында болады. Қазақ тілінің қолданыс аясын арттыра беру – мемлекеттің міндеті. Бұл жұмыс тоқтамайды, жалғаса береді», – деген болатын.

    Бүгінгі Мемлекеттік тілдің мерейін асыру мақсатында мемлекеттік қызмет саласында  қажырлы жұмыс атқарылуда.  Мемлекеттік  қызметте мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтуге бағытталған жұмыстар жүргізіліп жатыр.

    Тәуелсіз еліміздің мемлекеттік тілін меңгерумен қатар, іс қағаздарын мемлекеттік тілге көшіру – бүгінгі күннің өткір мәселесі, заман талабы. Әлемнің дамыған елдерінің қатарына кіруі де ел экономикасымен қатар, әлеуметтік мәселелерге, оның ішінде мемлекеттік тіл мәселесіне айрықша көңіл бөлуіміз керек. Мемелекеттік тілде хат алмасудың сандық көрсеткіші едәуір артып келеді,  ішкі құжаттар және шығыс ақпараттар мемлекеттік тілде редакцияланады. Осы бағытта атқарылып жатқан жұмысқа Іле ауданының мәдениет,  тілдерді дамыту және спорт бөлімі арқылы  тоқсан сайын мониторинг жүргізіледі. Бүгінгі күні аудан бойынша шығыс құжаттарының мемлекеттік тілдегі үлесі 98% құрап отыр.

    Бүгінгі күні облыстағы барлық мемлекеттік мекемелер хат алмасудың ақпараттық жүйесі «Документолог» АЖ арқылы хат алмасса,  жеке және заңды тұлғалардың өтініш, шағымдарын қабылдайтын «Е-Өтініш» ақпараттық жүйлері жұмыс жасайды. Аталған ақпараттық жүйелер «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Алматы облысы бойынша филиалының сүйемелдеуімен  жұмыс істеуде. Аталған ақпараттық жүйелердің тілдік нормалары ықпалдастырылмаған. Нәтижесінде қазақ тілді қолдану аясында қиындықтар туындайды. Осы мәселе де «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ тарапынан ретке келтіру қажет деп санаймыз.

    Бүгінгі күні өңірдегі жеке сектор, банк жүйесі мен құқық қорғау органдарында іс құжаттарының басым бөлігі орыс тілінде жүргізілетіндігі жасырын емес.

    Халыққа қызмет көрсету және бизнес саласында мемлекеттік тілде, яғни қазақ тілінде қызмет көрсету бүгінгі күні жыл сайын жақсарып, өңірде тек қана қазақ тілін білетін халықтың қарасы жыл сайын артып келеді. Сондықтан мемлекетттік тілдің қолданыс аясын кеңейту бүгінгі күні маңызға ие мәселе.

    Сонымен қатар, тілдің ұлтаралық қатынас ретіндегі ішкі тұрақтылыққа ықпал ететін өзара тығыз әрі маңызды фактор. Әрине мұндай маңызды мәселелерден саяси құрал жасауға болмайтыны айдан анық.

    Бұл бағытта жүйелі жұмыстар жүргізіліп, жоспарлар жүзеге асырылуда. Еліміздің әр азаматы мемлекеттік тілді өзі үйренуге, таза сөйлеп, жазуға, өмірде қолдануға құлықты болуы үшін алдымен қажеттілік керек. Сонда ғана қазақ тілін шын мәніндегі мемлекеттік тілге, еліміздегі ұлтаралық қатынас тіліне айналдыруға мүмкіндік болары сөзсіз.

    Осы қажеттілікті заңмен міндеттеп, бақылауды күшейтуден бөлек, әр азаматтың тілді үйренуге деген құлшынысын ояту, жағдай туғызу, орта қалыптастыру, патриоттық рухын, сүйіспеншілігін арттыру жағы да бар екенін білеміз.

    Бұл бағытта, яғни тілді үйренуге деген құлшынысты ояту, қажеттілік туғызу күн сайын және тоқтаусыз жүргізілетін жұмыс тек қана тікелей айналысытан органдар жұмысы деп түсінбеу қажет. Бүгінгі күні Алматы облыстық «Тіл» оқу әдістемелік орталықтары арқылы облыстың, ауданның барлық деңгейдегі мемлекетітк қызметшілерімен кез келген азаматтарды тегін оқытуды дұрыс жолға қойғанын байқауға болады. Тыңдаушылар  арнайы курстан өтіп, «Қазтест» бағдарламасы арқылы тест тапсыру нәтижесінде  тілдік деңгейлерін анықтау жұмыстары жүргізіліп келеді. Аталған орталық арқылы Іле ауданында соңғы екі жылда 500 жуық тыңдаушы мемлекеттік тілден арнайы курстан өткен екен. Бұл мемлекетітк тілді жетік меңгерем деушілерге мемлекет тарапынан жасалып жатқан қамқорлықтың бір көрінісі деп білеміз.   Бұл бағытта Алматы облыстық «Тіл» оқу әдістемелік орталықтары нәтижелі жұмыстар атқарып жатқанын көруге болады.

    Мемлекеттік тілдің қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылу аясын кеңейту, қазақ тілінде қызмет көрсету сапасын арттыру бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізетін арнайы жұмысшы топтары аудан, қалалық әкімдіктер жанында жемісті еңбек етуде.   Облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасымен бірлесіп қазақ тіліне қатысты заңнама талаптарының бұзылуына жол бермеу, орын алған жағдайда жедел әрекет ететін түрлі саланың мамандары белсенді жұмыс жүргізіп жатқанын әлеуметтік желілер арқылы аңғаруға болады.

    Мемлекеттік тілдің тазалығын, ұлтаралық қатынас тіліне айналуын талап етушілердің қатарында қазақша жақсы сөйлейтін өзге этнос өкілдерінің болуы – қазақ тілінің ұлтты ұйыстырушы рөлін еселей түсері анық.

    Бұған дейін елді мекендерді былай қойғанда алып мегаполис Алматының маңынадағы Талғар, Еңбекшіқазақ, Қарасай, Жамбыл аудандарының орталықтарында көрнекі жарнамалар жарымжан күйде болатын. Тиісті органдардың «Тіл сақшысы» аталатын жұмысшы топтарының табанды еңбектерінің нәтижесінде жарымжан жарнамалар қазіргі кезде кез-келген көшеден біріздендірілген екі тілде жазылғандығын байқауға болады.

    Дегенмен қызмет көрстеу саласында кенжелеп қалған мәселелер де жоқ емес.

    Ірі сауда орындары мен шағын және орта бизнес саласында, яғни азаматтар жаппай баратын нысандарда тілдік наразылыққа жол бермеу және халыққа мемлекеттік тілде қажетті әрі сапалы қызметтер көрсетілуін қамтамасыз ету басты мәселе.

    Сауда орындарында түбіртектерді алғанда, нотариустық құжаттарды алғанда және қызмет көрсету орындарына барғанда көбінесе мәліметтер және сонда толтырылатын қағаздар ресми тілде беріледі. Тұрғындардың тілдік дискриминацияға жол бермеу жағы басты назарға алу шарт.  Тағы бір мәселе, жеке нотариустар мен нотариаттық iс-әрекеттердi жасау кезінде құжаттарды мемлекеттік тілде ұсыну қызметі. Бұл бағыттағы жұмыс біздің өңірде мүлдем жолға қойылмаған  деп айтуға болады.

    Осы тұста айта кету керек бүгінгі таңда ең өзекті мәселелердің бірі – бұл бақылау касса машиналары арқылы берілетін түбіртектердің мемлекеттік тілде басып шығарылуы. Бұл мәселе, түбегейлі шешімін тапты деп айта алмаймыз. Себебі, өңірлердегі сауда нүктелерінде, банктер, әуежайлар мен қоғамдық орындарында (асхана, дәмхана, мейрамхана, дәріхана, кинотеатрлар және т.б.) берілетін түбіртек әлі де орыс тілінде басып шығарылады.

    Осыған байланысты, облыстық Кірістер және Тұтынушылардың құқығын қорғау департаменттерінің, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының жауапты мамандарымен бірлесе отырып, Заң талаптарына сәйкес кез келген азамат мемлекеттік тілде қызмет көрсетуді талап ету құқығына ие екенін кәсіпкерлер мен сауда орындарында мемлекеттік тілде қызмет көрсетуді, әсіресе түбіртектерді қазақша басып шығару қажеттілігі түсіндірілу қажет ақ.

    Бүгінгі таңда нарықтағы біршама сауда желілері  бұл бағыттағы жұмыстар реттелгенін көруге болады.  Басқа да кәсіпкерлер түбіртектерді қазақша шығару жағын қолға алып жатыр. Әрине, ол бір күнде шешімін табатын мәселе емес, бұл жерде сауда-саттыққа қатысты есеп-қисаптың үлкен жүйесін ретке келтіру мәселесі де бар.

    Аудан, қала әкімдіктері жанындағы мемлекеттік тіл жөніндегі жұмысшы топтар  Нотариаттық іс-әрекеттерді жасау кезінде «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Нотариат туралы» және «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының заңдарының талаптарын сақтау, басымдылықты барынша мемлекеттік тілге беру, жеке тұлғалардың тіл таңдау құқықтарын шектеуге жол бермеу мақсатында жұмыстарды қолға алса, бұл ұсыныстарды кәсіпкерлер қолдап, жүзеге асыру  қажет.

    Жалпы тұтынушы қажеттілігіне қарай нотариаттық іс-әрекетін мемлекеттік тілде жүргізуін талап еткен жағдайда, еш кедергісіз жүзеге асыру мүмкіндігі бар.

    Облыстағы барлық екінші деңгейлі банктерде құжаттардың мемлекеттік тілде жүргізілуін, мемлекеттік мекемелердің талап-арыздар мен басқа да тиісті құжаттарды сотқа мемлекеттік тілде берілуін қамтамасыз ету кенжелеп келеді.

    Ұлтаралық келісім өзара жарасымын тапқан, тату ел екенімізді де әлемге мойындаттық. Қазақ тілі әр қазақтың ар-ожданы екенін, оған деген бойымызда құрмет болу қажеттігін де жақсы білеміз. Өз ітілінде сөйлеп, өз тілінде жазу арманға айналған ұлттар да бар жер бетінде. Ал біз ана тілінде сөйлеп, сол тілде жазуға қол жеткізген тәуелсіз мемлекет болғанымызға қуанамыз. Егемен елдің ертеңі, тәуелсіз Қазақстанның жарқын болашағы да осы мемлекеттік тіліне байланысты екенін жақсы білеміз. Міне, мемлекеттік тілге деген құрметіміздің жоғары болуы да сондықтан.

    «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмытумен бірдей» дейді Бауыржан атамыз. Бұл сөздің мағынасын әрбір қазақ ұғынса, біздің тіліміздің жағдайы дәл қазіргі қалпынан да жоғарылап, мәртебесі артып, абыройы асқақтары анық.

    Иә, қазақ тілі – қазақтың жан дүниесі, рухани негізі, ел еркіндігі мен ұлтты танытатын басты белгісі. Ұлт болмысын ұғындырып, төңірегіне жұртты топтастырушы, біріктіруші фактор да осы қазақ тілі екені анық және оған ешкімнің таласы жоқ. Сондықтан мемлекеттік тілді білу, оған құрметпен қарап, мәртебесін арттыру– баршамызға ортақ парыз.

    Санат Ерболатұлы

    Іле аудандық мәслихат аппаратының бас маманы

    Ұсынымдар

    Алматы облысында экотуризм дамуда

    Алматы облысында экотуризм дамуда

    6 months ago
    Даланы дүбірге бөледі

    Даланы дүбірге бөледі

    9 months ago
    Шахмат шеберлері жиналды

    Шахмат шеберлері жиналды

    7 months ago
    Сайлау құқығына қатысты дауларды қарау мәселелері талқыланды

    Сайлау құқығына қатысты дауларды қарау мәселелері талқыланды

    2 years ago
    Басты мақсат – халықтың әлеуетін арттыру

    Басты мақсат – халықтың әлеуетін арттыру

    4 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>