Ұлттық киімді дәріптеу – дәстүрге құрмет әрі оны қазіргі шынайылыққа бейімдеу арқылы мәдени бірегейлікті сақтау.

Наурыз мейрамында еліміздің бірнеше өңірінде ұлттық киімді ұлықтауға бағытталған мерекелік іс- шаралар өткізіледі.

Көкшетау қаласында 1000-нан астам әйел қатысатын «Кимешек шеруіне» дайындық жүріп жатыр.

Ақтау да Гиннестің рекордтар кітабына енуді көздеп отыр, онда 5 мыңнан астам адам «Қазақ ұлттық киімін киген ең көп адам»  номинациясы бойынша рекорд орнатпақ.