-13 °c
Qonaev
Thursday, July 3, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    ОЛАР – БЕЙБІТ КҮННІҢ БАТЫРЛАРЫ!

    25.06.2025
    in Барлық жаңалықтар, Құқық-заң
    ОЛАР – БЕЙБІТ КҮННІҢ БАТЫРЛАРЫ!
    0
    SHARES
    15
    VIEWS

         Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі алғашқы маңызды құжаттың бірі – 1992 жылы 23 маусымда қабылданған «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» Заңы. Кеңес одағының боданынан босап, дербес мемлекет болған еліміздің жаңа құқық қорғау жүйесінің негізін қалаған бұл құжаттың қабылданған күні 2007 жылдан бері  елімізде полиция қызметкерлерінің кәсіби мерекесі ретінде атап өтіліп келеді.  Осы атаулы күнге орай Қонаев қалалық полиция басқармасының ауласында қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан тәртіп сақшыларына орнатылған «Бейбіт күннің батырлары» обелиск-ескерткішінің жанында жиын өтті.

    Шараны ашқан облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Ақылбек Төлеуов  «Ерлер – елдің қорғаны» деген аталы сөзді басшылыққа алып, бейбіт тірлікті қас қақпай күзетіп, халыққа қорған болу әр азаматтың парызы екенін баса айтты.

    – Бүгінгі жиынның мақсаты – қызметтік борышын орындау кезінде қаза болған әріптестеріміздің рухына тағзым ету.  Біз олардың ерлігін әркез еске аламыз. Өйткені азаматтардың өмірін қорғау жолында құрбан болғандарды ұмытуға хақымыз жоқ. Қазақстандық полицейлер батылдығымен,  табандылығымен ерекшеленеді. Олар өз күшін аямай, еліне жанқиярлықпен қызмет етуді жалғастыруда. Еліміз азаттыққа қол жеткізгеннен бері облыстық департаменттің 40 қызметкері қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапты, – деді департамент бастығының орынбасары.

    Келесі кезекте жиналған қауымды мерекемен құттықтаған ішкі істер органдарының ардагері, Қонаев қаласының Құрметті азаматы Қалижан Алпысбаев өзі еңбек еткен жылдардағы естелігімен бөлісе келе, қызметтік міндетін орындау кезінде қаза болған Амангелді Шарапиевтің өмір жолымен таныстырды. Одан кейін  қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Базарбай Оралбаев, сала ардагері Ғабит Жылқыбаев полиция қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап,  қызметтік міндетін атқару барысында қайтыс болғандарды бейбіт күннің батырларына теңеді.

    Амангелді Исабекұлының зайыбы Алмагүл мен баласы Елдар осындай тәрбиелік мәні зор шараны ұйымдастырып, қылмыскерлер қолынан жан тапсырған әріптестерін еске алып, рухына мінәжат етіп жатқан қалалық ішкі істер басқармасының ұжымына алғыс айтты.

    Жиынның ресми бөлімі мәресіне жеткен соң, барлық қатысушылар обелиск-ескерткішке гүл шоқтарын қойып, қаза болған полицейлердің рухына тағзым етті.

    Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

    Ұсынымдар

    Премьер-министр: Алматы мен Атырау облыстарында негізгі макроэкономикалық өсім төмен

    Әр салада өсім бар

    8 months ago
    Волейболдан Қонаев әкімінің кубогі сарапқа салынды

    Волейболдан Қонаев әкімінің кубогі сарапқа салынды

    7 months ago
    Балық аулағанда қауіпсіздік ережелерін сақтау керек – ТЖД

    Балық аулағанда қауіпсіздік ережелерін сақтау керек – ТЖД

    2 years ago
    Сапасыз өнімдерге шектеу қойылды

    Сапасыз өнімдерге шектеу қойылды

    8 months ago
    Халықтық штаб Қонаев қаласында дәрігерлердің АЭС-ке қатысты сұрағына жауап берді

    Халықтық штаб Қонаев қаласында дәрігерлердің АЭС-ке қатысты сұрағына жауап берді

    10 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.